Негізгі қимылдар:
15 см диаметрлік допты қос қолымен басынан асыра жіп арқылы лақтыру. Заттың үстінен қос аяқпен секіру (биіктігі 10 см)
Мақсаты: Допты көтерілген қолдың биіктігінде керілген жіп арқылы 2 м арақашықтықта тұрып, қолды жазып лақтыруды үйрету. Екпінді итеріліп және жартылай бүгілген аяқпен заттың үстінен секіріп жерге жеңіл түрде түсе білуін бекіту. Ойын: «Шалшықтан өту»
|
1
|
51
|
Негізгі қимылдар:
Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсу
15 см диаметрлік допты қос қолымен басынан асыра жіп арқылы лақтыру.
Мақсаты: Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсу, көлденең салмадан дұрыс ұстау: 4 саусақ үстінен, бас бармақпен астынан.
Допқа дұрыс траектория беру, қолды екпіндеп жазып, допты алға-жоғары бағыттай білуін бекіту.
Ойын: «Жылқылар»
|
1
|
52
|
Негізігі қимылдар:
Кедергілерден аттап жүру биіктігі 20 см (текшелерге қойылған тақтайшалар). Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсу.
Мақсаты: Кедергілерден аттап жүруді үйрету: тізені жоғары көтеру және екпінді қимылмен аяқтың ұшына тұру, денені тік ұстау, тепе-теңдікті сақтау. Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсе білуге үйрету, қимыл координациясын, батылдықты дамыту.
Ойын: «Қарлығаш»
|
1
|
53
|
Негізгі қимылдар:
Тез қарқында тура бағытта жүгіру (10 м арақашықтықта).
25 см биіктікте көтерілген саты тақтайшаларынан аттап жүру.
Мақсаты: Бір-біріне бөгет жасамай, кең қадам жасап, тез қарқында жүгіруге үйрету. Атап жүруде тепе-теңдікті сақтап жүруін бекіту.
Тізені жоғары көтеріп, аяқтың ұшына тұрып, сатының тақтайшаларынан ырғақпен аттап жүре білуді бекіту.
Ойын: «Тауық пен балапандар»
|
1
|
54
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |