№
|
Мазмұны
|
Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны
|
1
|
Негізгі қимылдар:
Бір-бірден саптізбекте тұру
Бір орында жоғары қарай секіру. Екі сызықтың арасымен жүру (көлемі 15 см, ұзындығы 3 метр)
Мақсаты: Саптізбекте өзінің орнын таба білуге үйрету. Қос аяқпен бірдей еденнен екпінмен итеріле білуін бекіту. Көлемі кішірейтілген тіреуіш бойымен жүруге жаттықтыру.
Ойын: «Өзіңнің сыңарыңды тап» Кеңістікте бағдарлау.
|
1
|
2
|
Негізгі қимылдар:
Бағытты өзгерте отырып, сапта жүру
Бір-бірден саптізбекте тұру. Бір орында жоғары қарай секіру.
Мақсаты: Педагогтің белгісімен сапта жүрудің бағытын өзгертуді үйрету. Бір-бірден сапқа тұру, сапқа тұруда қимыл дербестігін бекіту, кеңістікті бағдарлауды дамыту. Бір орында қос аяқпен секіруге жаттықтыру.
Ойын: «Үй қояндары». Еңбектеу кезінде қол мен аяқтың жұмыс координациясы.
|
1
|
3
|
Негізгі қимылдар:
Аяқтарды бірге, бөлек қойып секіру
Саптізбекте бағыттарын ауыстыра отырып жүру.
Түрлі бағытта төрттағандап еңбектеу.
Мақсаты: Аяқты бірге және бөлек қойып секіруді орындауға үйрету.
Ырғақпен адымдап, педагогтің белгі беруі бойынша сапта жүру бағытын ауыстыра білуді бекіту. Бір-бірімен соғылысып қалмай, түрлі бағытта еңбектеуге жаттығу.
Ойын: «Сыйлықтар». Ойын бейнесіне сәйкес әрекет ету.
|
1
|
4
|
|