Негізгі қимылдар:
Музыкалық-ырғақты қимылдар (музыкамен жүру және жүгіру).
Басына құм салынған қап қойып (салмағы 400 грамм), тура салынған жіп бойымен жүру. Өзінің жан-жағына бұрыла орнында секіру.
Мақсаты: Түрлі қимылдарды түрлі қарқында музыкалық сүйемелдеу: ырғақты жүру, жеңіл жүгірумен орындауға үйрету. Басына қап қойып, бастың дұрыс қалпын сақтап, жіп бойымен жүре білуді бекіту. Бұрылу үшін жеткілікті түрде жоғарыға секіре білуді жетілдіру.
Ойын: «Алпауыттар мен ергежейлілер».
Көңіл қою, кең адыммен және аяқтың ұшымен жүре білу.
|
1
|
18
|
Негізгі қимылдар:
Екі параллель сызықтың арасымен жүру
(көлемі 15 см, ұзындығы 3 метр) .
Музыкалық-ырғағақты қимылдар (табанның ішкі және сыртқы жағымен жүру, жүгіру). Допты бір-біріне бастапқы күйде тізесінде тұрып домалату (арақашықтығы 2,5 метр).
Мақсаты: Екі параллель сызықтың арасындағы жолмен қолдарын еркін жағдайда ұстап кеңдеу адыммен адымдауды үйрету. Түрлі қимылдарды түрлі қарқында музыкалық сүйемелдеуге сәйкес ырғақты жүру, қолдарын еркін ұстап алдыға және артқа жеңіл жүгіре білуді бекіту. Бір-біріне допты домалату, көз мөлшерін жаттықтыру.
Ойын: «Секір-бұрыл»
Секіріп бұрыла білу.
|
1
|
19
|
Негізгі қимылдар:
Орнында 20 рет секіру (үзіліспен 2 рет қайталау)
Екі параллель сызықтың арасымен жүру
(көлемі 15 см, ұзындығы 3 метр). 6 метр арақашықтыққа тура бағытта алақан мен табанға сүйеніп төрт тағандап еңбектеу.
Мақсаты: Екі аяқтың ұшымен итеріліп, орташа биіктікке секіруді орындауға үйрету. Сызықтан асып кетпей, адымды еркін қол қимылымен үйлестіре білуді бекіту. Алақан мен табанға сүйеніп төрт тағандап еңбектеу, төзімділікті дамытуға жаттықтыру.
Ойын: «Кетті, кетті орамал»
Реакция, ұсақ қол қимылы жылдамдығын дамыту.
|
1
|
20
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |