«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет39/238
Дата05.01.2023
өлшемі1.5 Mb.
#468161
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   238
«мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д

Негізгі қимылдар:
Саптізбекте бір-бірден сапқа тұру, шашырап жүру
Гимнастикалық орындық бойымен қолдарын белдеріне қойып, текшелерден аттап жүру (орындықтың биіктігі 35 см, көлемі 20 см).
Допты еденге лақтыру және қағып алу.
Мақсаты: Саптізбекте бір-бірден сапқа тұру, шашыраңқы жүргенде кеңістікке бағдарлау және саптізбекте өзінің орнын жылдам табуға үйретуді жалғастыру. Жоғары тіреуіште жүруде тепе-теңдікті сақтап және денені тік ұстап, заттардың үстінен аттай білуді бекіту. Допты тік төмен еленге лақтыру және оны секіргеннен кейін қос қолымен қағып алу.
Ойын: «Қарғалар». Төзімділік, өлеңмен қимылды үйлестіре білу.

1

33

Негізгі қимылдар:
Орынан ұзындыққа секіру.
Шашыраңқы жүру, саптізбекте өзінің орнын тауып жүру. Допты затқа тигізіп домалату.
Мақсаты: Қолдарының төмен-алға қарай қимылдарын аяқтың итерілумен үйлестіріп, орнынан ұзындыққа секіруді орындауда бастапқы қалпын дұрыс қабылдауды үйрету. Залдың барлық кеңістігін пайдаланып, жүру кезінде бір-біріне бөгет жасамай, сапта өзінің орнын жылдам таба білуін бекіту. Допты екпінмен лақтыра білу және доп қимылының бағытын сақтап, көз мөлшерін дамытуды жетілдіру.
Ойын: «Қара құлақ». Жылдамдық, қақпаннан құтыла білу.

1

34

Негізгі қимылдар:
Допты бір-біріне лақтыру және оны қос қолмен қағып алу ( қос қолмен бастан асыру тәсілі , саптың арасының арақашықтығы 2 метр).
Орнынан ұзындыққа секіру.
Мақсаты: Арақашықтығы 1,5 м екі сапта тұрып, лақтыру күшін сап арасындағы арақашыққа сәйкес допты бір-біріне қос қолмен бастан асырып лақтыру. Орнында тұрып ұзындыққа секіруде қос аяғымен екпінді итеріліп, қолды төмен-алға қарай қатты қимылдауды орындап, жартылай бүгілген аяқпен секіріп түсе білуін бекіту.
Ойын: «Қамбадағы тышқандар». Белгі бойынша қимылды сәйкестендіру, аяқтың ұшымен жүгіру.

1

35



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   238




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет