Негізгі қимылдар:
Сызықтардың үстінен қос аяқпен секіру (бір-бірінен 1 м арақашықтықтағы 4 сызық).
Музыкалық-ырғақты қимылдар (жүру, отыру). Бір-біріне доп лақтыру және оны қос қолмен қағып алу (қос қолмен бастан асыру тәсілі, саптың арасының арақашықтығы 2 м).
Мақсаты: Бірнеше сызықтардың үстінен біртіндеп секіру, бір мезгілде қос аяқпен екпінді итерілу, денені алға қарай еңкейтпей, аяқтың ұшымен жерге түсуге үйрету. Түрлі қимылдарды түрлі қарқында музыкалық сүйемелдеуді: тізені жоғары көтеріп ырғақпен жүруді орындау, бір қалыпты отыруды орындай білуді бекіту. Допты бастан асыра қос қол тәсілімен бір-біріне лақтыруға жаттықтыру.
Ойын: «Қасқырларды аулау»
Бірлесіп әрекет ету, кеңістікте бағдарлау.
|
1
|
39
|
Негізгі қимылдар:
1 минут баяу қарқында жүгіру.
Жіптің үстінен қос аяқпен секіру (бір-бірінен 1 м арақашықтықтағы 5 жіп ). Модуль үстінен өту.
Мақсаты: Қысқа адым жасап, қарқынын тездетпей және ақырындатпай қолдарын бүгіп, ырғақты жүгіруге үйрету. Біртіндеп бес жіптің үстінен секіру, қос аяқпен екпінді итеріліп және аяқтың ұшымен жерге жеңіл түсіп, барлық табанмен тұрып жазыла білуді бекіту. Заттардың үстінен төрт тағандап еңбектеп өтуге жаттығу.
Ойын: «Қарлығаш»
Ептілік пен жылдамдықты дамыту.
|
1
|
40
|
Негізгі қимылдар:
Тұру қалпында допты қос қолмен бастан асыра лақтыру.
1 минут баяу қарқында жүгіру. Гимнастикалық орындық бойымен қолдары белдерінде, басына қап қойып жүру (орындық биіктігі 35 см, көлемі 20 см). Еденге салған тақтай бойымен қос аяқпен секіру.
Мақсаты: Допты алыстан отыру қалпында бастан асыра лақтыру, бүгілген қолдың жазылу екпінімен лақтыру күшін беруді үйрету.
Аяқты өкшеден аяқтың ұшына қою, қолдарының бір қалыпты қимылдарымен, босаңдау иықтарымен қимыл қарқынына төзе білуін бекіту. Басындағы қабымен гимнастикалық орындық бойымен, дене бітімін сақтай жүруге жаттығу.
Ойын: «Ормандағы аюда». Аулай және жалтара жүгіру.
|
1
|
41
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |