Интерактивті тақтаның (интерфейс) лицензиялық бағдарламасы үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) берілген. Бағдарламалық қамтамасыз ету интерактивті тақтамен жұмыс істеуге арналған. Оған тақта құралдары, драйвер және интерактивті бағдарлама кіреді.
Интерактивті жүйені бағдарламалық қамтамасыз ету:
- Сабақтарды дайындау мен сақтау:
- ескертпелер қосу мен экранның қас-қағымдық суреттерін қоса алғанда, нысан өлшемдерін айналдыру, орнын ауыстыру және өзгерту;
- геометриялық пішіндер мен көпбұрыштарды автоматты түрде тану және тиімдеу;
- нысандарға гиперсілтемелер қосу;
- нысандарға мөлдірлік қасиетін беру;
- фон ретінде шаблондар мен бейнелер қою және галереяны пайдалану;
- беттерді ұйымдастыру;
- нысандарды беттен бетке көшіру немесе бір қосымшадан келесісіне көшіру;
- файлдарды бекіту;
- файлдарды түрлі форматтарда (мәселен, PDF немесе HTML) файлдарды сақтау;
- бейненің жеке файлы ретінде беттерді сақтау (мәселен, JPEG, PNG немесе GIF);
- түрлі платформалар негізінде файлдарды біріге пайдалану (мәселен, Windows® немесе Mac OS операциялық жүйелері негізінде);
- аспаптар панелін экранның төменгі жағына орналастыру;
- Adobe® Flash® анимациялық файлдарын галереядан алып қою және өзінің Flash файлдарын қосу;
- сурет салу аспаптарының кең таңдауы;
- Пердеше, прожектор, жеке бөліктерді ұлғайтуға арналған лупа.
- Көлеңке және жарық түсіру әсеріне ие ақпаратты бейнелеу;
- Қайта жаңғырту және кідіріс тәртібінде фильмнің жоғарғы жағынан ақпарат жазу;
- Бағдарламаларды басқару панелі арқылы қосымшалардың көпшілігіне ену.
- Микрофон арқылы жазылып дыбысталған бейнефильм түрінде интерактивті тақтамен жұмыс істеу барысын толық жазып алу.
- Қалқыма аспаптар палитрасын күйге келтіру.
- Экранды пернетақтадан текстті енгізу.
- Түрлі қосымшаларда ескертпелер жазу мен сақтау:
- құжаттарға түсініктеме жасау (мәселен, Microsoft® PowerPoint®, Word және Excel) және ескертпелерді тікелей осы файлдарда сақтау;
- жазбаларға түсініктеме жасау және оларды құжат ішінде (мәселен, Paint, CorelDRAW® және AutoCAD®), сондай-ақ конференция ұйымдастыруға арналған қосымшалар ішінде сақтау.
дана
1
2
On-line сабақтар өткізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету
Бағдарламалық қамтамасыз ету қашықтықтан интерактивті on-line сабақтар өткізуге арналады.
ж-тама
1
- Бір кнопканы басу арқылы қас-қағым сәтте конференция құру;
- пайдаланушыны конференцияға шақыру, клиенттік бағдарламаны жіберу мен конференцияға қосылу;
- осы бағдарламада дағдысы жоқ пайдаланушының қатысу мүмкіндігі;
- жылдам мәтіндік хабарлама түріндегі чат, ішінен орнатылған VoIP дауыстық чаты және веб-камера бейне беру арқылы пайдаланушылардың өзара әрекеттесуі;
- шынайы уақыт режимінде басқа қатысушылардың ескертпе енгізе алуы үшін жұмыс үстелін ашып қою;
- конференция ұйымдастырушысының жұмыс үстеліне кіру үшін сұраныс жолдау мүмкіндігі;
- жұмыс үстеліне жалпы кіру жолын жабу;
- жұмыс үстелінің үстіңгі жағына конференцияға қатысушылардың өз пікірлерін енгізуі;
- конференциядағы бірнеше қатысушылардың бір мезгілде пікірлерін енгізуі;
- пікірлерді енгізу функциясын өшіру;
- желіге қосыла алатын барлық қатысушыларды конференцияға қосу мен серверге бағдарламалық пакет орнату мүмкіндігі;
- конференцияны парольмен қорғау;
- пошта бағдарламасы көмегімен қатысушыларды шақыру, ол on-line сабақ өткізу үшін конференция туралы ақпарат тарату бағдарламасын автоматты түрде іске қосады;
- «Стрелка» аспабының көмегімен жекелеген нысандарға көңіл аудару үшін, ақпаратты бөлектеп көрсету;
- on-line сабақ өткізуге арналған бағдарлама мен интерактивті тақта бағдарламасының толық ықпалдасуы, оның барлық функциялары мен аспаптарын пайдалануы, мәселен: кесте, прожектор, лупа, көрсеткіш және т.б.;
- конференцияға қатысушы барлық адамдар барлық пікірлер, ескертпелер және экран суреттері сақталатын интерактивті тақта бағдарламасының жалпы түрде енетін файлына өз жазбаларын қалдыру мүмкіндігі. Сонымен қатар ескертпелер Microsoft Word, Excel және PowerP Word, Excel және PowerPoint файлдарында да сақталуы мүмкін;
- деректер ағынын әрбір пайдаланушының байланысу жылдамдығына қарай оңтайландыру;
- шынайы уақыт режимінде оқу мүмкіндігі, Интернетке қосылу жылдамдығына қарамай әрбір қатысушы барлық қатысушылармен бір мезгілде бір нәрсені көруі және естуі керек;
- дауыстың таза естілуі, Интернет желісі арқылы дауыстың толық дуплексі;
- белсенді қатысушының видеосын көрсету;
- кемінде 4 қатысушының видеосын көрсету;
- негізгі меню бойынша навигация кезінде ойды есіне түсірту;
- қатысушы мен оқытушының компьютерінде таңдап алған қосымшасына кіруіне жол беру;
- тұрғылықты жеріне қарамай барлық оқушылардың енуін қамтамасыз ету;
- жоғары мүмкіндіктерге ие презентациялар слайды мен көлемді мультимедиалық файлдардың импорты;
- жүгірткіні бір рет шерту арқылы қосымшаға кіруге жол беру;
- жалпы енуге жол беріліп отырған материалды алдын ала көру;
- маңызды тармақтарды талқылау мен белгілеп алу үшін біріккен қосымшаны пайдалану кезінде тақтаға суретті шығару мүмкіндігі;
- экран суретін түсіру және жалпы қосымшада видео жазу мүмкіндігі;
- барлық қатысушылар үшін мультимедиалық файлдарды қайта көрсету;
- жалпылама танысу үшін кез келген веб-ресурсты ашу;
- әрбір қатысушының веб-терезені өз бетінше пайдалануы;
- барлық қатысушыларды кез келген веб-ресурсқа бір сәтте қайта бағыттау;
- қайта жаңғыртуды бақылаудың пайдалануда ыңғайлы әрі қарапайым түрі;
- жазып алынған сабақ мазмұнын пайдалану арқылы оқулық жасау мүмкіндігі;
- динамикті, микрофонды реттеуді тексеру және қажетті деңгейге қою мүмкіндігі;
- қатысушылардың тізімі;
- қатысушыларды автоматты түрде сұрыптау;
- қатысушылар мәртебесінің индикаторы.
3
Жобаларды көруге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету
Бағдарламалық қамтамасыз ету түсінік беруші схемалар, диаграммалар, түрлі-түсті фигуралар, мультимедиа файлдары, иллюстрациялық қосымшалар арқылы оқушылардың идеяларын шынайы формаларда көрсетуге арналған.
ж-тама
1
- дайын символдарды, бейнелерді және интерактивтік иллюстративтік кірістірмелерді ары-бері тасу; - стилдерін өзгерту, шаблондар, бейнелер қосу, символдарды көлеңкелеу;
- көп деңгейлі диаграммалар жасау үшін символдарға астыңғы деңгейлер қосу, соңынан веб-сайттар жасау үшін элементтер алу;
- файлдарға, веб-сайттарға, диаграммалар ішіндегі деңгейлерге сілтемелер немесе қосымшалар қосу;
- мультимедиа файлдарға сілтемелер жасау және оларды қайта көрсету;
- бір пернені шерте отырып, гиперсілтемелері бар жаңа символдар жасау;
- орналастыру стилін таңдау арқылы диаграммаларды автоматты түрде ұйымдастыру;
- диаграмма дарағын (ағашын) немесе оның жеке бір бұтағын жеке-жеке немесе бір мезгілде жою мүмкіндігі;
- картинкалар немесе анимациялық нысандар қосу мүмкіндігі;
- оқу бағдарламасының тапсырмасына сай өлшемі өзгеретін иллюстративтік кірістірмелердің көп мөлшердегі (кемінде 1500) дайын бөліктерін пайдалану;
- уақытты көрсету, бұрыштарды өлшеу және т.б. үшін аспаптарды пайдалану;
- мәтіндік және визуалды нысандар арасындағы байланысты көрсету үшін диаграммалар арасын қосу;
- жаһандық көру арқылы бір мезгілде элементтің барлық деңгейлерін көрсету;
- элементтерді көрсету мен демонстрациялау панелінсіз презентация кезінде тиісті көру режимін пайдалану;
- нысандардың мәтіндік ақпаратпен байланысына мән бере отырып, аңыз құру;
- Microsoft Word, HTML форматында құрылған элементтерді сақтау, деректерді заңсыз кіруден қорғау;
- интерактивті тақтаны ықпалдастыра пайдалану.
Оқытушыға арналған жұмыс үстелі. Үстелдің үстіңгі тақтайы қалыңдығы 25 mm ДСП немесе МДФ-дан жасалған, пластик қаптамасының қалыңдығы – 2 mm, сұр түсті. Жиегі - ПВХ 2 mm. Көтеруші тірек бөліктері - металлокаркас. Үстіңгі тақтайдың астында тартпалы жәшіктері бар тумба бар. Қаңқасына компьютердің жүйелі блогына арналған металл сөре бекітіледі.
дана
1
Оқытушы креслосы, биіктігі бойынша реттеледі, 5 дөңгелекті, қаптамасы - гобелен, түсі - қара, пластик, шынтақ таянышы жоқ.
дана
1
2
Оқушының жұмыс орны
Оқушыға арналған үстел, биіктігі бойынша реттеледі (бойлық топтар №№ 1-4). Үстіңгі тақтайы - қалыңдығы 25mm ЛДСП немесе МДФ, жабыны күңгірт пластик – 2mm, сұр түсті. Жиегі - ПВХ 2mm. Тірек бөліктері - металлокаркас. Реттеу қос тесік пен бұрандалардың көмегімен дискретті түрде жүзеге асырылады. Бұйымның металл қаңқасы өлшемі 25 x 25 mm, қалыңдығы кемінде 1,2 mm шаршы қима трубалардан жасалған және ашық сұр реңді полимерлі ұнтақ бояулармен боялған, механикалық әсерлерге төзімді. Металл қаңқасының бүйір жағы және бекітуге арналған технологиялық тесіктері пластмасса қақпақшалармен жабылған.
дана
24
Оқушыға арналған орындық, биіктігі бойынша реттеледі (бойлық топ №№ 1-4). Орындықтың отырғышы иіліп желімденген фанерден жасалған, жабыны лакталған, металл рамаға берік бекітілген; раманың өлшемі 25 x 25 mm және қалыңдығы кемінде 1,2 mm шаршы трубадан жасалған, ұнтақ жабынға ие. Тіреулердің ұштары өкшелікпен жабылған, қымтағыш тығын полипропиленнен жасалған, отырғышының пішіні эргономикалы.
дана
24
3
Маркермен жазуға арналған бір элементті қабырғалық тақта
Габариттік өлшемдері: кемінде 1512х1012 mm. Тақтаның конструкциясы көп қабатты, жұмыс беті механикалық және химиялық әсерлерге төзімді етіп болат қаңылтырмен арнайы эмальдап қапталған. Қаптамасының болат негізі тақтаның бетіне магниттердің көмегімен көрнекі оқу құралдарын бекітіп ілуге мүмкіндік береді. Бүйір шеттері алюминий немесе болат профильмен қапталған, контурлары бұрыштықтармен тұйықталған. Тақтаның болаттан жасалған профилі ақ түсті полимер бояумен боялған. Төменгі шетін бойлай астауша бар, ол болат табағынан жасалған және бүйірлері пластмасса қақпақшалармен жабылған. Тақтаны қабырғаға бекітуге арналған фурнитура комплектке кіреді. Түсі: ақ.
дана
2
4
Ақпараттық тақта
Жұмыс беті тығын материалынан жасалған шағын тақта болып табылады. Түйреуіштер мен кнопкалардың көмегімен хабарландырулар немесе мақала ілуге арналған. Габариттік өлшемдері: 1215х1011 mm. Материалы: тығын.
дана
1
5
Кафедра
Кафедра биіктігі 1200 mm. Іргесінің өлшемі: ені 550 mm, тереңдігі 500 mm. Жоғарғы платформа жұмыс бетінің өлшемдері: 500 х 350 mm.
дана
1
6
Көрнекі оқу құралдарына арналған шкаф
Көпфункциялық шкаф үш шкафтан тұрады. Әрбір шкафтың габариттік өлшемдері: кемінде 900х430х2200 mm. Жартылай әйнектелген жабық шкаф – 2 дана. Тірек бөліктері, сөрелері қалыңдығы 16 mm ЛДСП жасалған, артқы қабырғасы қалыңдығы кемінде 4 mm ДВП жасалған. Түсі ақ немесе сұр. Жоғарғы секциясының үш сөресі бар, жиегі қалыңдығы кемінде 2 mm ПВХ жасалған. Әйнектелген жарма есіктің жақтауы сұр түсті МДФ-профильден жасалған. Төменгі секция екі сөремен және жақтауы сұр түсті МДФ-профильден жасалған қалыңдығы кемінде 8 mm ЛДСП екі жарма есікпен жабдықталған. Төменгі есіктеріне құлыптар мен екі тұтқа орнатылған. Жартылай әйнектеліп жабылған, жоғарғы және төменгі секцияларының аралығында бір ашық текшесі бар шкаф – 1 дана. Тірек бөліктері, сөрелері қалыңдығы 16 mm ЛДСП-дан, артқы қабырғасы қалыңдығы кемінде 4 mm ДВП-дан жасалған. Түсі ақ немесе сұр. Жоғарғы секциясы үш сөремен жабдықталған, жиегі қалыңдығы кемінде 2 mm ПВХ-дан жасалған. Әйнектелген жарма есіктің жақтауы сұр түсті МДФ профильден жасалған. Төменгі секциясы екі сөремен және ЛДСП-дан жасалған қалыңдығы кемінде 8 mm екі есікпен жабдықталған, есіктің жақтауы сұр түсті МДФ профильден жасалған. Төменгі есіктеріне құлыптар орнатылған және екі тұтқасы бар. Жоғарғы әйнектелген секция мен төменгі тұтас секциясының аралығында биіктігі 300 mm ашық бөлік бар. Топсалары штампталған болаттан жасалған.