Мектепке дейінгі жас кезеніндегі балалардың жетістіктерін бағалау өлшемдері мен процедурасы.
|
|
№1 Бағалау жүйесінің тарихи дамуы. Бағалаудың өлшемдерінетүсінік беру Жоспар:
Бағалау – білім беру үрдісі
Бағалаудың дәстүрлік бес балдық жүйесі
Бағалаудың критериалды технилогиясы
Бағалау – білім беру үрдісіндегі қажет басты құрама бөліктердің бірі. Бұл үрдісте оқытушы окушының ағымдағы және қорытынды үлнәтиже- рімі туралы ақпаратгы жинақтайды және талдайды.
Бағалаудың мақсаты, міндеттері, пәні, нысаны, принциптері, әдістері, түрлері және құралдары білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына (мектептің әкімшілігі,
мұға- лімдер, ата-аналар және оқушылар) түсінікті болуы керек.
Бағалау жүйесі – бұл оқыту мәселелерін болжаудың және жетістікте- рін өлшеудің негізгі құралы. Бұл құрал білім берудің сапасын, оның әлемдік стандарттарға сәйкестігін анықтауға, білім беру саласындағы заманауи міндеттерге сәйкес болмаған жағдайда оны білім беру стратегиясы мен тактикасы бойынша түбенәтижейлі шешімдерді қабылдауға, білім берудің мазмұнын, білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалаудьң түрлерін де жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бағалау – алынған нәтижелерді және жоспарланған мақсаттарды салыстыру үрдісі.
Қазіргі уақытта барлық деңгейлердегі жетекші мамандар мен басшы- шар педагогикалық бақылаудың аспаптық құралдарымен жабдықталма-ған. Мектептер (әдіскерлер) бақылау және қадағалау аспаптарын жәнеқұралдарын өз беттерінше жасайды. Мұндай құралдардың мазмұны мен құрылымы зерттелінетін
нысанның ерекшеліктеріне, түрлеріне және қадағалау мен бақылаудың әдістеріне байланысты анықталады.
Білім беру үрдісінің әр бір жеке тұлғасы үшін қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын оқушылардын және олардың ата-аналарының азаматтық құқықтарын қамтамасыздау үшін жағдайларды жасау керек. Бастапқы, негізгі орта және жалпы (толық) орта мектепті бітіруші оқушылардың оқу дайындығының деңгейін педагогикалық бақылаудың аспаптық құралдарын жасауды орталықтандырылған, яғни жүйелі түрде ұйымдастыруқажет. Бағалау үрдісін қайта қараудың өзектілігі білім берудің заманауи міндеттерімен, білім берудің деңгейін хапықаралық стандарттарды және білім берудің сапасына қойылатын талаптарды ескере отырып жоғарылату, білім берудің нәтижелерінің шынайы болуын қамтамасыздау және елден тыс жерлерде қазақстандық мектептердің түлектерінің бәсекелестікке қабілетті болуы мақсатында бағаға және оқушының оқу жетістіктерін бағалауға қойылатын бірыңғай талаптарды жасау қажеттілігімен анықталады. Қазақстанның нәтижелеріне жасалған талдау 2011–2020 жылдардағы ҚР білім беруді дамыту Мемлекетгік бағдарламасының аясында білім беру саясатының басты бағыты ретінде білім беру сапасын бақылаудың ұлттық жүйесін жетілдіру үшін келешекте өзекті мәселе екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бағалаудың дәстүрлік бес балдық жүйесі. Педагогикалық тәжірибеде кеңінен қолданып жүрген бағалаудың бес балдық шкаласы бойынша әдістемесі қарапайым және үйреншікті бол- ған. Алайда, оның бірқатар кемшіліктері бар: субъективті және
баға қоюшыға тәуелділік бар, дифференциалдық қабілеттілігі төмен. Қазіргі мектептердегі бес балдық бағалау жүйесі бағалардың шынайылығын ба- қылауға мүмкіндік бермейді. Оқушы алған бағасын не өзіне, не ата-анасына не үшін алғанын нақты түрде түсіңдіре алмайды –деген бағаларын салыстырып айтуға болады. Әдеттегі ауыл мектептерінің оқушылары қала мектептерінің оқушыларына қарағанда білім деңгейі бойынша төмендеу. Кейде керісінше, ұстаздың тәжірибесіне байланысты ауьш балаларының білімі жоғарылау болады. Бұны тек келесі себептермен түсіндіруге бола- ды: бағалардың нақты және айқын критерийлері жоқ. Осының салдарынан бағалау мұғалімнің толық еркінде (қойғысы келсе, қояды). Кейде оқушының бір жыл бойы оқып еңбектен ұпайы соңғы емтиханда бір сұрақтың арқасында шешіліп отырған жағдайлар да болады. Кейде педагогикалық ұжымның арасындагы қарым-қатынастардың да оқушылардың бағаларына кейде оң және кейде теріс әсерлері тиіп жатады.Қазіргі уақытта мектептердегі бағалау жүйесін жан-жақты жетілдіру керек. Тек қана мектептерде ғана емес, сонымен қатар ЖОО-да да қолданыстағы бағалау жүйесін жетілдіру керек. Жалпы қарапайым нұсқада алғанда мектептердегі мұғалімдер бағалау жүйесіне келесі талаптарды қойып отыр, оқушы