Көркем әдебиет
Н.Исахметов «Әже». Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту.
Драма
Түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстау.
|
ҚМҰҚ
1 санымен таныстыру. Заттар санын салыстыруды, атауды, топта бір зат бойынша теңдік қалыптастыруды үйрету. Шеңберді басқа геометриялық пішіндерден ажырату.
Жаратылыстану
Жыл мезгіліндегі маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру. Ересектердің еңбегіне бақылау жасау.
|
Сурет салу
«Менің отбасым». Әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету. Техникалық дағдылар мен біліктерді игерту.
Аппликация
«Анам, әкем және мен»
Заттарды қағаз бетінде орналастыра білуге үйрету. Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білу дағдыларын дамыту.
Музыка
Әндердің жекелеген эпизодтарын көргендегі және музыкалық бейнелерінің арақатынасын тануға және атауға үйрету. Ән сипатын ұғыну. Қимылды музыкамен сәйкестендіру дағдыларын қалыптастыру.
Музыка
Музыкалық шығармаларды орындау кезінде пьесаларды тану және атау. Әннің көңіл күйін бере білуге үйрету. Музыканың екінші бөлігінде қимылды өзгерту дағдыларын қалыптастыру.
|