1.2 Мұғалім әрекетінің педагогикалық шеберлігі мен жеке стилінің қалыптасуы
Мұғалімнің жұмысының нәтижелілігінң өлшемі деп мыналарды санауға болады: оқыту-тәрбиелеу процесінде :
Белсенді ірекетін ұйымдастыру; алдағы тұрған әрекеттің тмотивін қалыптастыру; ақпараттарды пайдалану; оқушыларды ақпаратты әртүрлі тәсілмен саралауға үйрету, оқушының мықты тұстарына сүйену; оқушының өз-өзімен болуына сүйену. Осы тұста «мұғалім-оқушы» жүйесінде әрекет етудің нәтижесінің негізгі көрсеткіші ретінде не әлеуметтік Мұғалім ретінде қалыптасу процесі мына жағдайда нәтижелі болады: түрде өз-өзімен болуы.
Әрекеттің өзіндік стилі асырудағы күрделі тапсырма, және егер, оларды педагогикалық дайыр-ндау е-кезеңі жалпы педагогикалық
-психологиялық заңдылықтардың ғана емес, сонымен қатар, индивидуалдық ерекшеліктерін ескеру негізінде жүргізілсе
Оқытушылардың педагогикалық шекберлігін оның педагогикалық әрекетімен байланысты. Педагогикалық кезеңдік заңдылыққа сәйкес, өзіндік әрекет процесінде педагогтық дамудың негізгі кезеңдері мыналар: өз кәсібнін меңгеру; оны жүзеге асыру; жұмыс жүйесін тексеру және бекіту; оны ары қарай жүзеге асыру; тәжірибені жалпылау және қорытынды шығару.Әрекеттің жүзеге асуы осы кезеңдерде маңызды орын алатындығын аталған кезеңдерден білу қиын емес. Ең бірінші кезекте ол оқытушының жаңалықты іздестіруімен, оның шығармашылығымен байланысты. Педагогтың шығармашылық белсенділгі мен шеберлігінің арасындағы байланыс тәжірибеде расталған.
Студенттік кезеңдегі интелектуалды түрде өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі элементі- оқу. Нәтижесі де маңызды. Нәтижесі адамның жасы ұлғайса маңызды. Оқу кезіндегі жиналған білімдер қоры өмір бойы қолданыста болады. Бұл жерде әдебиеттен артық досты таппайсың. Техникалық мінездемедегі арнайы әдебиетпен де кезігіп қалуға тура келеді Бұл ойлау процесіне артық абстрактілік тудырады, ауызшы сөзді кәсіби фразеологизммен алмастырады. Дәл осы ауызша сөздің жеткіліксіз болуы оқушлармен қарым-қатынаста кедергі келтіреді. Бұл жерде техникалық терминология көмектеспейді. Сондықтан иәдеби классиканы көбірек оқыған жөн. Нәтижесінде тіпті абстрактілік материалды қабылдауда да айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Өйткені физикалық формулаларға да жан бітіруге болады. Мұғалімнің өзін өзі интелектуалды тәрбиелеудегі мақсаты- өз біліміңді өз мамандығыңда сезе білу. Мектеп мұғалімінің негізгі интелектуалды әрекеті- оқушылармен қарым-қатынас жасау болып табылады. Сондықтан акцент дәл осы жерде болады. Білім берудің тұсының мүмкін болатын зияндығы кешірімді. Өйткені фундаментальдыдан басқа білім тез ескіреді. Мұғалім әр оқу жылы сайын өз білімін жаңатып отыруы тиіс. Мұғалім өмірі- бұл ылғи да өзгеріп отыратын әрекеттерді қуып отыру және оны өзінің пәні шеңберінде түсіндіру. Осы жерде мынаны айтуға болады негізгі шешуші фактор- жақсы дамыған ауызша тіл. Одан кейін жазбаша тіл тұр.Өйткені түсіндіре білуде өз ойын қағазға анықтап алмаса жүзеге аспайды. Одан ткейін ғана жалпы білімнің жоғарғы деңгейін өзіне қосатын кәсіби білімді тереңдету керек. Бұл қоршаған ортаның кез-келген өзгерісіне бейімделуге мүмкіндік береді.
Балалармен жұмыс жасай отырып мұғалім этикаа байланысты мәселелермен де жиі ұшырасып тұрады. Соеымен қатар жеке алғанда этиеалық қарым- қатынастарда кәсіби этика, бала этикасы, өмір сүру этикасы- міне бұл толық емес тізім. Бұл проблема әсіресе жас мұғалімде күрделі орын алады(ұйыммен, балалармен қарым-қатынаста). Өйткені онда тәрбиенің жоқтығы кедергі келтіреді. Оның өмірінің қиындықтарын нақты моральды принциптер жеңілдете алады. Бір жағынан қарағанда мұғалім ылғи да балалардың әр пәнге деген әр түрлі қарым- қатынасымен кездеіп отырады. Ұшқыр ой мен келісімге келе білу бұл жерде керек ақ жағдай. Осы тұста қарым-қатынастық талпынысқа мейлінше назар аударып отырған жөн
Американдықтар кейде бұл контактыны қатыспау яғни шет қалу деп атайды: адамды бірден топтант бөледі, ол күш пен тынытқты сезумен өзіне назар аудартады, ол қатыспаса ұрыс шығып кетеді. Бұл үшңн керекті қабілеттерді анықтау қиын, және бұл жағдай ойлау, тәрбиелеу түріне де байланысты. Өзіңе деген агрессивті сөздерді болдырмау үшін ең алдымен өзіне еөңіл аударту керек. Бұл құбылыс мұғалімдер арасында жиі кездеседі: бір мұғалімді балалар жақсы көреді, бір мұғалімді жақсы көрмейді. Мұғалімді ұнатпаудан пәнді ұнатпау туындайды. Осының нәтижесінде баланың сол пәннен үлгерімі нашарлайды. Бір жағынан алғанда бавсқа адамдардың сезімін мазақ ету этикаға жатпайды, сонымен қоса психиканы қатты жаралайды. Сондықтан мұғалім ең алдымен оқушыларды және басқаларды, содан кейін барып өзін сыйлауға үйренуі керек. Өзін- өзі физикалық тәрбиелеуге келер болсақ, біздіңше бұл аспектіге өте аз назар аударады. Мұғалім әрекетінде физикалық күш өте аз да, ал Эммоциялық күш басым. Осының нәтижесінде стресс, аурулар, денсаулықтың нашарлауы пайда болады. Егер де оқу кезеңінде спортпен айналыспаса, оның зияндығы көп уақыт байқалып тұрады. Рас, мақсатсыз ойлап, спортпен кәсіби айналысудың нәтижесінде ескі жарақаттар қартайған шағында толық көлемде көрініс беруі мүмкін. Осы қажеттіліктерді жүгіру, жүзу, туризм, спорттық сауықтыру жүйелері қанағаттандырады. Мұғалім өз өмірінде спортқа жақын болса, бұл ең алдыфмен иөз денесін игере білуі, мықты денсаулықпен қоса бірқалыпты сполрттық форманы ұстап тұру. Оқушыдан ешқандай көңілтолмаушылық , стресс байқамауы керек. Олар үшін мұғалім барлық уақытта дені сау , көңілді, көмекке даяр тұратын болуы керек.Балалдардың максимализмі мұғалімді көлденең қабылдауға, оған деген қарым-қатынастың өзгеруіне алып келеді.
Психологиялық өзін- өзі басқару. Мен бұл бөлімді жеке қарастыруды жөн көрдім. Өйткені мұғалім даярлауда бұған аз назар. Жас мұғалім өзінің жұмысына кәсіби әрекеттің ерекшеліктеріне даяпрлықсыз кіріседі. Ол өзіндегі психъологиялық ауыртпалықты ұзақ уақыт бойы жеңе алмайды. Мұғалім оқушылардың жағдайын түсінбейді, ата- аналармен және әріптестерімен қалай қарым-қатынас жасауды білмейді. Ол пеп-дагогика мен психологияның көлемінің үлкен болуына қарамастан оқу процесінде қосымша элементтер аз да. теория көп. Басқаша қарағанда психологиялық аспект өзін-өзі бақылау және психотехника жүйесінде өте қатты көрінген. Өзінің эмоциясын, сезімін билеу үшін бағдарламаға көптеген сауықтыру жүйесі ендірілген.
Міне сондықтан да спорттық , физикалық белсенділіктің қажеттілігі айтылады. Оның үстіне тиісті ішкі ұмтылыс керек өйткені мұғалімнің мұғалімнің писсимистігі міндетті түрде балаларға беріледі. Балалар мұғалімнің психикалық ахуалына өте сезімтал келеді, сондықтан да ашуланғыштықты, көңілтолмауылықты көрсетпеген жөн. Бұған тек қана тұрақтылық, тең жүйкелі балалар ғана жете алады. Өз кезегінде бұрқан-талқан темпераментті адамдарға арнайы жаттығулар керек. Ал көпшілігі денсаулыққа зиян келтірмей шатақ шығаруды біледі ме? Ашуланған кезде қоздырушы заттар мен гармондар бөлінеді. Өйткені ағза мүмкіндігінің аясында белсенді әрекетке дайындалады. Бұл заттарды біз шығаруымыз керек. Өйткені ол тамырлардың кеңейіп, атеросклероз және гипертонияға алып келеді. Ең жақсысы өзіндік гипноз немесе өзін-өзі басу түріндегі психхо жүйе жүргізіледі. Сонымен қатар өз-өзіне келудің шығыстық жүйесін пайдалануға болады, мысалы, тайцзицюань.Жалпы қорытындылай айтқанда өз-өзін тәрбиелеуде ойлап шығарылған бағыттарды ендіру. Біоіншіден, қарым-қатынастың арнайы түрімен жоғарғы деңгейдегі жалпы білім беруді қалыптастыру, екіншіден, басқаларды сыйлауға, сезімдерін, пікірлерін, жұмыстарын сыйлауға үйрету. Үшіншіден, жүйелі түрде спортпен айналысу, оған деген жағымды қарым- қатынасты қалыптастыру. Төртіншіден, психологияның қосымша саласы – қарым- қатынас психологиясын меңгеру. Осылардың барлығы ары қарай дамуы үшін мықты қорды қамтамасыз ету керек. Қазіргі уақытта ғылымда өзін - өзі тәрбиелеу процесінің енуіне мүмкіндік беретін факт материалдар айтарлықтай қордаланып қалған. Өзіөзі тәрбиелеудің механизмінің келесі ерекшеліктері бар: адам өз өмірінің мақсатын таңдап алады, қоғамдық қағидаларға сәйкесидеалдарды таңдайды, өзін қоғамдағы өмірге дайындайды, қоршаған өмірді жақсарту үшін ұйымдық әрекеттерді жүзеге асырады. Өзін - өзі тәрбиелеудің келесі параме,трлерін бөліп қарастыруға болады: бағытталу, яғни өзіндік мотивтер; тұрақтылық (кездейсоқтық эпизодтық, тұлғалық қалыптасудың нәтижелігі басты және еөмекші функцияларды атқарады.) Болашақ мұғалімнің өзін - өзі тәрбиелеу процес індегі тұлғалық қалыптасудың психологиялық негіздері. Психологтьың өзін -өзі тұлғалық тәрбиелеуі тұлғалық тдамыту процесінің алғашқы сатысы. Бұл жұмысы талап ететін ерекшкліктерді танығаны. Екінні бөлім- тұлғаға және оның әрекетіне қажетті бағдарламалардың өзгерістерін тану. Үшінші бөлім- нақты өзі дамушы әрекет, өзіндік өзгеріске бағытталған педагогтың танымдық және пәндік әрекеттері. Бұл жердегі маңызды нәрсе өзіндік әсер ету тәсілдерін меңгеру. Бастапқы кезеңдерде психолог өзінің кәсіби мүмкіндігін жүзеге асырады. Олар : адамдарды бақылаулы түсінуді, олардың жан-дүниесін түснуді , алған мәліметтерді жобалай білуді, өзіндікпсихологиялық және физикалық күйін баұылай білуді, өзінің мінезін реттей алуды қарастыратын танымдық мүмкіншіліктер. Ол сонымен бірге қабілеттерді құрастыра білуді, өзінің және басқаның әрекетіне көңіл тола білуді қосады
Коммуникатимвті м.мкіндіктер басқа адамды түсіне білу қабілетінен құралады. Өзінің араласатын адамымен дұрыс қарым-қатынас орната білуден құралады . Яғни «көлденеңінен» және «тігінен » қарастырылатын қарым-қатынастар.
Ақпараттық қабілеттер негізінен өзіне ақпаратты жеткізу барысындағы ұйымдасуды, өзінің әрекектінің ұйымдасуын және адамдырмен қарым-қатынаста өзінің іс әрекетін ұйымдастыра білу. Сонымен қатар атқарған ісіне есеп беру, бақылау. Тексеру, клиенттің өзіндік жауапкершілігін орнату. Пасихологтың арнайы әрекет ретінде өзін- өзі тәрбиелеудің деңгейін оны келесі әрекеттерді қалай жүзеге асырғандығынан білуге болады: мақсат қою; тұлғалық маңызды мақсатты таңдау және өзін-өзі өзгерту тапсырмасын таңдау, жоспарлау; мақсат пен міндеттерге жетуге мүмкіндік беретін әрек,еттерді таңдай білу; өзін- өзі басқару қүрадары мен тәсілдерін меңгеру; өзін- өзі бақылау, жеткен нәтижелерді күтілген нәтижелермен салястыру.
Жоғарыдағы әрекеттерді игеру ұзақ уақытқа созылып, бірте- бірте орындалатын процес. Сондықтан психологтың өзін- өзі тәриелеудегі субъект ретіндегі ролін әртүрлі деңгейде айтуға болады. Бірінші деңгейде өзін-өзі тәрбиелеудегі қажеттіліктер, оның мақсаттары нақты мазмұндалмаған. Олар жәй ғана жақсы болсын деген тілектерде ғана бар. Психолог біреуге алаңдап немесе біреудің кеңесімен әрекет етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу бірінші деңгейде ең алдымен білім беру мінездемесін қарастырады. Екінші деңгейде мақсат қою нақтылана түседі. Псмихолог өзінің дамытуға арналған белгілі тапсыомалар қояды. Бұл тапсырмалар барлық тұлғалық қасиетке, қабілетке қатысты. Психолог өзін-өзі өзгерту мақсатын анықтауда белсенділік танытады, өзін -өзі тәрбиелеу қабілетін игереді. Уақыт өте келе ол өз жұмысының жүру нәтижесіне байланясты өзіне есеп береді. Үшінші деңгейде психолог өз бетінше барлық жағынан сараптама асайды, және өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын нақты түрде анықтайды. Практикалық жұмыстың жүзеге асу мүмкіндіктерін түсінеді. Өзін – өзі өзгерту жолдары мен тәсілдерін жоспарлайды. Өзіне бағытталған жұмыстардың сапалы әдістерін табады. Аталған қабілеттерді психолог кәсіби шынайылығының әртүрлі деңгейінде жүзеге асырады. Нәтижеге байланысты кәсібилікті келесі деңгейде бөліп қарастыруға болады.
Репродуктивті- бұл аталған деңгейде психолог өз білгендерін басқаларға айта алатындай деңгейде болады.
Білімділік - бұл деңгейде психолог ақпаратты беріп қана қоймай, объектінің ерекшеліктеріне байланысты ақпаратты трансформациялайды.
Локальды- мордельдеуші- психолог бұл кезде ақпаратты беріп қана қоймай, оны трансформациялайды, жеке сұрақтар бойынша білім жүйесін модельдей алады.
Бұл жіктеудің негізінде білімге арқа сүйеу алынған. Онымен қоса әрекеттің әр деңгейі өзіне алдыңғыларды қосады.
Егер адам алдыңғы деңгейде басқа адам эгоцентрлік мақсатқа жету құралы ретінедегі зхат болса , бұл деңгейде өзінің құндылығы бар «өзімізге » және тұлғалықтан айрылған «өзгелерге » бөлінеді. Бұның себебі шығармашылық бастауының жоғалуы және құндылыққа деген тәуелділіктің пайда болуы. Албұл өз кезегінде тереңірек рефлекцияны тежейді және қиындықты жеңуге бағытталған жұмыстарға кері әсерін тигізеді.
Субъективті- универсалды деңгейде бұл өзін -өзі кәсіби мойындаудың ең жоғарғы сатысы. Оның маңызды ерекшеліктері нәтижеге іштей ұмтылу іштей ұмтылу. Ол ұмтылыстар басқа адамдарға қоғамға бірдей пайда әкеледі.
Педагогикалық шығармашылық - іс-әрекеттің негізгі мазмұны. Ол оқытушының мынадай функцияларды орындауын қарастырады: оқытушы, тәрбиелеуші, ұйымдастырушы және зерттеуші. Оларбірлікте қолданылады. Жоғарғы мектептерге тән нәрсе педаогикалық және ғылыми әрекеттің бірігуі. Педагогикалық мақсаттар материалды тереңірек жүйелеуді қарастырады.
Егер педагогикалық еңбек ғылымитжұмыспен нығаймаса, кәсіби-педагогүикалық шеберлік тез өшеді Кәсіби болу-педагогикалық . көре білу және қалыптастыру әрекетінен көрінеді. Шығармашылықтың басқа түрлері сияқты педагогикалық әрекеттерде де әрекет етуші нормативтер болады. Педагогтың шығармашылық индивидуалдығы- оның әрекетінің жоғарғы сипаттамасы. Барлық шығармашылық сияқты ол педагогтың тұлғалығымен тығыз байланысты. Оқытушының еңбегі үш компонентті құрайды:
-педагогикалық әрекет;
-педагогикалық қарым-қатынас;
-тұлға.
Тұлға- еңбектің стерженді факторы. Оны педагогикалық әрекеттегі кәсіби позция анықтайды.Пкедагогикалық әрекет –бұл еңбектің технологиясы. Педагогикалық қарым-қатынас оның климаты және атмосферасы. Ал тұлға – құндылықтық ьориентациялар, идеалдар, оқытушы жұмысының ішкі мәні.
Қазіргі заман талабына сәйкес педагогикалық әрекетке қатаң және әржақты талаптар қойылуда.Ол талаптар жас мамандар нарығының пайдла болуымен өлшеусіз өсу үстінде. Сонымен қатар көпдеңгейлі білім берудің дамуымен өсу үстінде.
Педагогикалық іс-әрекет – бұл педагогтың кәсіби белсенділігі. Оның әртүрлі әрекетінің көмегімен білім берудің тапсырмалары шешіледі. Бұндай белсенділік бес компонентті қамтиды:
Гностикалық- яғни жаңа білімнің алынуы мен жиналуын қарастьырады.
Құрастырушы- өзіне сабақ өткізудің формасы мен әдістерін қамтиды.
Коммуникативті- педагогикалық процестер субъектілері арасындағы мақсатты қарым-қатынас орнатуға байланысты әрекеттерді қамтиды. Егер мақсаттар , мінлеттер , нормалар және өлшемдер педагог әрекетінің ішкі объективті құрастырушылары болса, ғылыми- педагогикалық әрекеттердің әдістері мен тәсілдері дербес- субъективті мінездемені алып жүреді. Олардың қолданылуы әр оқытушының қабілеттілігіне байланысты. Дегенмен де жоғарғы мектептегі мамандарда кәсіби қабілеттілік бірдей деңгейде көрінбейді. Бірақ, оларды біріктіріп , кешенді етіп қарастыру қабылданған. Сонымен қатар белгілі-бір әрекетке сәйкес келетін тұлғалық қасиеттердің құрылымын кешенді етіп қарастыруда.
Арнайы еқрделі қабілеттерден басқа да , майда-шүйде жалпы қабілеттер де маңызды роль ойнайды. Олар бақылаушылық, сөйлеу сапасы, ойлау. Бұл қабілеттер пелагогикалық еңбекте қажеттілердің бірі болып табылады. Егер осы қабілеттерді меңгерген маман осылардың көмегімен пелагогикалық жүйенің белгілерін тез және дұрыс танып біледі.
Педагогикалық қабілеттер әдетте төменде қарастырып жатқан ұйымдастырушылық және гностикалық қабілеттердің құрылымын да қарастырады. Дегенмен бұл қабілеттер бір-бірінен. бөлек өмір сүруі мүмкін.Өзінің білімін басқаларға жеткізу қабіретінен айрылған оқытушылар да болады. Тіпті ол өзіне түсніктіні басқаларға жеткізе алмайды. Профессордан талап етілетін қабілет пен лабарлтория жетекшісінен талап етілетін қабілеттер екеуі екі түрлі болады.
Ф.Н.Гоноболин тұлғаның келесі қасиеттерін белгілейді: оқу материалын пайдалы ету қабілеті; жұмстағы шығармашылы; оқушыларға педагогикалық –ерікті әсер ету; оқушылардың ұжымын ұйымдастыра білу қабілеті; балаларға деген қызығушылығы және махаббат; сөзінің мазмұнды мағаналы болуы ; білімділігі; сендіре білуі; педагогикалық такт ; өз пәнін өмірмен байланыстыра білуі; бақылаушылық қабілеті; педагогикалық талап етушілігі. Педагогикалық тұлғаның қасиетіне сәйкес келетіндер :
-ұйымдастырушылық;
-еңбекке қабілеттілік
-өзін-өзі бақылаушылық
-белсенділік;
-қажырлылық
-назар аударушылық.
О.В.Мосеоленко өзін-өзі кәсіби танушылықтың табиғаты мен генезисін зерттей келе басты төрт факторды қарастырады:
-кәсіби шеберліктің жоғарғы деңгейіне жетуге мотивация;
-кәсіби субъективті –жобалап оқыту;
-мамандықты меңгерудегі тұлғалық бағыт;
-оптимальды уақытша аралық.
Тұлғалық кәсіби дамиудың маңызды психологиялық-акмеологиялық факторларына біздің көзқарасмымыз бен жоғарғы оқу орнында оқитын студенттің оқ жетістігіне жетуге нақты әсер етуші факторды да жатқызуға болады. Жетістікке қажеттілік, білімінің мәртебесі, тұлғалық – іскерлік, кәсіби маңызды сапалар, тұлғалық потенциалы, соның ішінде жоғарғы кәсіби-тұлғалқ стандарттар, білімге ұмтылу, өзінің білімін кеңейтуге ұмтылу, оқу жұмыстарының мотивация ерекшеліктері. Оның даму деңгейі.
Педагогикалық әсер ету құабілетінің қалыптасуының психологиялық-педагогикалық негіздері және өзін -өзі тәрбиелеу процесіне әсері. Педагогикалық әрекетке теориялық дайындық. Педагогтың теориялық дайындығы психологиялық-педагогикалық және арнайы білімінің белгілі-бір жиыны ретінде жиі қарастырылады. Бірақ білімнің қалыптасуы айтып өткеніміздей өзіндік мақсат емес.
Педагогтың құрастырушылық және гностикалық әрекеті сараптаушылық прогностикалық және жобалаушылық қабілеті негізінде ғана жүзеге асады. Гностикалық әрекет сонымен қатар рефлексивті қабілетті талап етеді. Сараптай алу құабілеті-сараптау қабілетінің қалыптасуы-педагогтың кәсіби шынайылығының өлшемдерінің бірі.Олардың көмегімен тәжірибеден алған білімдерге көңіл бөлінеді.
1.3 Мұғалімнің педагогикалық шығармашылығының резервті мүмкіншіліктері
Педагог тұлғасы және оның шығармашылық потенциалы тілдік және білім беру кеңістігінің интеграциысында алғашқы факторлар болып табылады.
Осы қағидаларды өңдеуде өзіміз дамытатын тілдік және білім беру кеңістігінің концепциясына шығармашылықтық қайнар өзі ретінде мойынсыну керектігі туындайды.
Психологияда педагогикалық іс-әрекеттің сол түрін таңдаушыға ұсынылатын кәсіби талап етудің ұзақ комплексі ретінде қарастырылады. Оған тән өзара байланысқан тапсырмалар жиынтығы оның полуфункционалдық құрылымын құрайдыы.
Дегенмен пелагогикалық мамандықтардың маңызды тапсырмалар жиынымен және оларға ұсынылатын талап етушіліктермен анықталмайды. Барлық басқа мамандықтар сияқты педагогикаалық мамандық өзінің режимімен,еңбек шартымен,сонымен қатар эмоционалды ерікті күрделілігімен педагогтың өміріне әсер етеді. Басқаша жағынан қарағанда педагогикалық әрекет басқа мамандықтармен салыстырғанда тұлғалық жағынан ерекшеленеді. Сондықтан тұлғалық қасиеттер кәсіби жетістіктерге жетуде маңызды роль атқарады.
Педагогикалық еңбек шығармашылық болып табылмайды. Және болуы да мүмкін емес. Педагогикалық шығармашылық ерекше феноменді көрсете отырып, өзінің ерекшелігінде оқымыстының, жазушының, әртістің, әрекетімен байланысты.
Педагогикалық шығармашылықтың маңыздылығы әдетіеше әрекеттесу қабілетінің байланыстылығынан көрінеді. Сонымен қатар автоматталынбаған компоненттердің қарым-қатынасының дұрыс өлшемінің анықталғандығенан көрінеді. Педагогикалық шығармашылықтың ерекшелігін оның ылғи да мақсатқа бағытталған қасиетінен көруге болады.Оқытылып жатқан мен оқытып жатқанның шығармашылық қатынасының өзара келісімді болуына ықпал етеді. Басқа жағынан алғанда педагогтың шығармашылық әрекетке ылғи да қатысуы зерттеліп жатқан объектінің танымының бітуіне немесе бір ағысқа кетуіне әкеліп соғады. Екінші жағынан алғанда ол өз бетінше ойлау туралы ғылымның тарихи кезеңін , итанымдылығын, оның дамуының негізгі заңдылықтарын меңгереді
Сонымен қоса педагогикалық өзіндік сана – көптеген тапсырмаларды шешудің кілті. Бұл түсінік оқу жоспары мен бағдарламада анықталған білімнің мақсаты мен құрамын қатыстыру қабілетін де қарастырады. Педагогтың ғылым мен практикалық синтезі болып табылатын өзінің шеберлігін мойындауы кәсіби шығармашылығының позициясын , жаңашылдық қаситетін қалыптастыруға қызмет етуі керек.
Педагогикалық өзіндік сананы дамытудың қайнар көзіне үш компонентті жатқызуға болады;
-өзін маман ретінде тану,
-өзіне педагог маман ретінде эмоционалды қатынас жасау;
-өзіне маман ретінде баға беру.
Өзін-өзі бағалау педагогикалық шеьерлігінің жүзеге асу процесінде реттеушілік роль ойнайотырып , кейбір «келісушіліктерге » сүйенгенде ғена мүмкін болады.Ол келісім
өзін-өзі бағалау мен мұғалім туралы керемет ойлаудың арасында болады. Осылайша педагогикалық өзіндік сана ішеі және сыртқы негздермен анықталатын, дамыған ойдың нәтижесі. Бұл жерде білу аздық етеді. Бұл жерде педагогика тілінде көрінетін жеке және жалпы қоғамдық мақсаттарды қабылдау керек.
Пндагогикалық өзіндік сананың педагогикалық ойының және оның негізгі көрсеткіштерінің жүзеге асырушы механизмін басаратын маңызды шарттардың біріне айналдыру мен өзіндік қалыптасуды жатқызуғы болады. Яғни педагог шығармашылығындағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыруға мұғалімнің дайын болуы. Кәсіби қалыптасу тұлғаға деген «қез-келген» қысымға байланысты еместігі дәлелденген. Ол жоғарғы нәтижеге жетуге деген құштарлық болса тез жүреді. Өзкезегінде жаңа талаптарға сәйкес әрекетті жүргізуге деген қабілеттілік, педагогикалық ұжым толығымен өзінің әрекетіне жүйелік сараптама жасағанда ғана мүмкін болады. Міне сондықтан да педагогикалық шығармашылық бағыттағы фактіні қалыптастыру білім берудің негізгі функциясы болуы керек. Ал әртүрлі оқушылардың даму темпіндегі айырмашылық өзіөзі қалыптастырудың негізгі шарты. Бұл педагогтың өз тұлғасын қалыптастырудағы маңызды стимул болып табылады. Осы жерде алдыңғы практиканың педагогика ғылымының жетістіктаненоеерін бағындырудағы өзіндік күш-жігер.Міне осы мұғалім шеберлігі мен кәсіби өсуіне әсер ететін факторлар.
Жоғарыда айтылған педагогтың шеберлігінен педагогикалық әрекетті жүзеге асырудығы белсенділіктің жоғарғы формасы ретінде көрінеді. Осы тұста педагогикалық шығармашылық мұғалімеің білім беруі жүйелік мағанаға ие болатын көрсеткішпен сипаттаратын болса орын алады.Бұл өз кезегінде оның қызметінің кеңейюіне ықпал етеді.
Егер педагогтың шығармашылығының ішкі қасиеттеріне психикалық маңызды процестердің өзара әрекеттері , оның тұлғасының психикалық қасмиеттері жататын болса, ал шығармагылықтың компоненттеріне білім, әлемдік көзқарас, педагогикалық техника, мәдениет, дербес кәсіби позиция жатады.Сонымен қатар педагог тұлғасының құрамды элементтері, жатады. Шығармашылық ткомпоненттер педагогтың кәсіби әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.Психикалық әрекет арқылы шығармашылық компоненттің жүзеге асуы қалыптасады. Кәсібиліктен шеберлікке, шеберліктен алға жылжуға .
Педагогикалық процес ретінде қарастыруда және жаңдан бастап келе жатқан педагогтарда , мамандарда, шеберлерде, жаңашылдарда шығармашылықтың көріну деңгейі туралы сұрақ туындайды.Шығармашылық педагогикалық әрекеттің әртүрлі кезеңінде көрінуі мүмкін. Полуфункцияналдықтан алшақтай отырып, зерттеуші педагогикалық әрекеттің негізгі салаларында кәсібиліктің белгілерін бөледі. В. Н. Кузьмина педагогтың маңызды деген функциясына оқушының тәрбиелеу объектісінің өзін- өзі тәрбиелеудің дамытудың, субъектісіне айналғандығын жатқызыды. Сонымен қоса кәсібилену өзінің жүзеге асуын зерттеуші мұғалімнің өз әрекетінің негізгі компоненттерін сараптай алу қабілетінен көрінеді.
Кузьмина кәсіби және шеберлік түсініктерін ажырата отырып, шеберлікті жеке қабілетке жатқызады. Ал кейбір комроненттер әрекет процесінің өзінен саналы жүзеге асатындар оны өз- өзіне келтіреді .Автор педагогикалық шығармашылықтың жоғарғы деңгейде көрінуі деп педагогикалық өнерді, жаңашылдықты, алға жыржуды атайды. А. В. Барабанециковтың пікірінше педагогикалық шеберлік дамыған психологиялық-педагогикалық ойлаудың синтезі, педагогикалық білім мен қабілеттердің жүйесі .
Педагогикалық шеберліктің құрылымы күрделі және педагогикалық әрекеттің құрылуымен көрінеді.
Педагогикалық шеберліктің орталық компоненті –педагогиеалық шеберлікті педагогикалық әрекетке айналдыратын дамыған психологиялық-педагогикалық ойлау болып табылады. Педагогикалық еңбек шеберінің ойлауы дербестілігімен, жылдамдылығымен ерекшеленеді. Ол дамыған педагогикалық бақылау мен шығармашылық ойлапуға сүйенеді.Бұлсыз педагогикалық өнердің болуы мүмкін емес.Осылайша бұл жерде де педагогикалық шеберлікте ең маңыздысы шығармашылық болып табылады. Шығармашылық көбінше максималды нәтижелілігімен көрінеді. Ол әр ретте білім беру процесінде тәрбиелеудің әр түрлі әдісімен тәсілін қолдануға негізделген. Сонымен қатар кәсіби бірім мен тұлғалық қасиеттерге негізделген. Ереже бойынша шығармашылықты өзінің меңгерген білімін жүзеге асырудағы жұмысшының үлкен тәжірибесімен байланысты.
Мысалы , И. В. Страхованың пікірінше педагогикалық шеберлік оқыту- тәрбиелеу құралдарының шығармашылық негізінде қалыптасады, және кәсіби тапсырмаларды шеуде әртүрлі әдістер жүйесін пайдалануда көрінеді. Олардың орындалуының жоғарпғы сапасында ғылым мен өнердің бірігуінде көрінеді. Кәсіби мәдениеттің маңызды тұстарын түсіне отырып, кейбір авторлар оның құрамына психологиялық-педагогикалық эрудицияны , дамыған кәсіби қабілеттерді, ұйымдастыру қабілеттерді, мобильділікті, педагогикалық техниканы меңеруді қосады.
Педагог шеберлерге тән қасиеттерге қиын проблемаларды пайдалы формада шеше алуды, өзінің сабақ беруімен әркімді өзіне қарата білуді, адекваттық әрекетті шығармашылық ізденіске беғыттауды, оқушылардың өмірін бақылап, сараптай алуды, теориялық және қосымша білімді жүзеге асыра білу қабілетін айтамыз.Зерттеушілердің педагогикалық шеберлікке құрам мен әдістердің жалпы эрудициясын қосқысы келетінін жағымды бағалаған дұрыс. Г.И. Щукинаның педагогтық қарым- қатынас проблемаларын ұлықтаудың жағымсыз әсерлерге алып елетіндігін айтқанымен келіспеуге болмайды.
Педагогикалық шеберлік шектеулі түрде өзіне педагогикалық әрекетінің барлық крмпоненттерін қосады. Және ғылыми ізденісін де қосады.Ол толық педагогикалық шығермашылықтың туындысы.
Педагогикалық шығармашылық теориялық білімдер мен практикалық қабілеттердің синтезі болып таблады.Педагогикалық шеберліктің деңгейі педагогикалық әсер ету әдістерін меңгеруге байланысты болады.
В. А. Кан-Калик педагогикалық шығармашылықты тұлғалық мағана ретінде өзінің көзқарасын нақты атап көрсеткен. Сонымен қоса ол педагогтың шығармашылық әрекеті мен оқушы арасындығы шектеулі қарым-қатынасты қосты.
Педагогикада және психология да кәсіби шеберлік және жаңашылдық арасындығы быйқалған айырмашылық сөз жоқ, қызығушылық туғызады, және сол бағыттағы ары қарай іздееністерді қажет етеді. Біздің төмендегі ұсынып отырған жіктеуіміз жоғарыдағы белгіленген педагогикалық шығармашылықтардың әр қайсысына не тән екендігін анықтауға бағытталған талпыныстарымыз болады. Кәсіби педагог пендагогикалық мндетті көруге, оны қалыптастыруғы, пайда болған жағдайда сараптауға қабілетті болады.
Педагог-шебер оқу процесіне өзінің теория мен практикада жинақтаған барлық жаңалығын, білімін нақты педагогикалық жағдайды ескере отырып ендіре алады. Дамыған педагогикалық өзіндік сана жеке жұмыс стилінің жүзеге асуына әсер етеді. Жаңашыл педагог педагогикалық әрекетті кординалды түрде өзгерте отырып, шеберліктің жоғарғы дәрежесіне жетеді. Оның ұстанымы – оқып жатқан объектісін шығармашылық бағытталуын қалыптастыру.Ол әр оқушының шығармашылық қабілетін толық көрсетуге мүмкіндік ереді. Жаңашыл педагог өзін -өзі бейімдеу мен кері байланыстың дамыған жүйесін ұйымдастыра алушы-стратег. Сонымен қатар өнімді вербальды және вербальды емес қарым-қатынас арқылы оқушылар ұжымын эволюциялық дамыту . Мәдениетаралық коммуникация деңгейіндегі өзара қарым-қатынасты көрсететін жоғары тілдік мәдениет оны әрекетінің маңызды компорентін құрайды. Тілдік білм беру кеңістігіндегі әдістерді іздестіру және оқушылармен өзара қатынас ылғи да назарда болады.
Қоғамдық өмірдегі сонымен қатар санадағы болып жатқан өзгерістер білім беру саласында идеялар мен концепциялардың пайда болуына әкеледі. Білім беру практикасында және педагогикалық менталитетте мұндай өзгерістердің болуымен , педагогикалық немесе кең мағанада да арсақ , білім беру технологиясы түсінігін мойындауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |