ШТ жұмыс мазмұны: ШТ – тың жұмысы қойылған мақсат пен міндетке сәйкес жасалған жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі. ШТ барлық жұмысын мектеп әкімшілігімен келісіп істейді.
Шығармашылық топ:
1.Озық іс тәжірибені зерттейді, жинақтайды, педагогикалық ғылым жетістіктері мен озық іс тәжірибені мектеп өміріне енгізуге мүмкіндік тудырып, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру сұрақтары бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындайды.
2. ШТ оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша ғылыми-әдістемелік материалды жүйелі түрде жинайды.
3. ШТ ғылыми-әдістемелік конференцияға, мектептегі педагогикалық оқуларға қатысады және мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мен оқу-тәрбие жұмыс сапасы туралы ұсынысқа сәйкес баяндама мен рефераттар дайындайды.
4. Мұғалімдерге, білім беру саласының қызметкерлеріне, ата-аналарға консультация өткізеді. Ғалымдармен, шығармашыл педагогтармен кездесу өткізеді, оқу-тәрбие жұмысының өзекті мәселесі бойынша библиографиялық көрсеткіш құрады, әдістемелік бюллетень шығарады.
5. ШТ ұйымдастырудағы негізгі талап:
А) ШТ құрамында 5-7 адамнан көп болмау керек;
Б) Жыл сайын ШТ құрамы арнайы бекітіледі (төраға, хатшы, мүшелер).
В) ШТ жұмысына басшылықты төраға , іс жүргізушілікті хатшы атқарады.
ШТ құқы: ШТ мектепте ғылыми-әдістемелік ұсынысты тиімді қолдануды зерттеп және бақылаумен білім беру мекемесіне өз сұрақтары және ұсыныстарымен бара алады, әдістемелік бірлестік, педагогикалық кеңес жұмысына қатысады. Кейбір материалдардан баспа өнімін шығару туралы өтініш /сұраныс/ жасай алады.
ШТ қоғамдық бастама ретінде жұмыс істейді.
Мұғалімдердің ШТ жұмысын ұйымдастыру
Белгілі проблемаға байланысты ШТ уақытша құрылады. Оның құрамына осы мәселеге байланысты қызығышылық танытқан ұжым мүшесі енеді. ШТ жұмысын ұйымдастыру үшін беделді, бірінші не жоғары санаты /категориясы/ бар мұғалімнен басшы тағайындалады. ШТ құрамы ғылыми-зерттеу жұмысына бейімділігі бар, тәжірибелі ұстаздардан құрылады. Сонымен қатар шығармашылықпен жұмыс істейтін жас ұстаздар да құрамда бола алады. Бір оқу жылында ШТ –тың 4 рет отырысы өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |