Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет15/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

 
Наурыз туралы өлеңдер 
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілік өмірінде, әдет-
салтында елеулі орын алған және ерте кезде мерекелеп 
өткізетін күннің бірі – Наурыз. Бұл күн жыл сайын март 
айының 22-сінде (ескіше 9-мартта) мерекеленетін болған 
және оны жаңа жылдың алғашқы күні деп есептеген. Мұны 
қазақтар «Ұлыс күні» деп те атайды. Олай атау себебі, 
39
Сонда, 115-бет. 


ертеде «Ұлыс күні» жаңа жылдың бірінші күні болып 
есептелген. Марттың 22-сінде күн мен түн теңеледі де, 
содан кейін күн ұзара бастайды. Сондықтан бұл күнді 
ертедегі адамдар жаңа жылдың туған күні деп қуанышпен 
қарсы алған. «Ұлыстың ұлы күні» әрбір үйде шеке асылып, 
қазан көтерілген, құрт көже жасалған. Бұл күні жұрт 
жұмыс істемей, үй қыдырып, «құтты болсын» айтысқан, 
жаңа жылды қуанышпен қарсы ала отырып, жақсы тілек, 
жадырасқан көңіл білдірген. Сөйтіп, «Ұлыстың ұлы күнін» 
шаруа адамдары өздерінше еңбек мерекесіне айналдырған.
Қазақ арасында ұлыс күнінің құрметпен той жасап
мерекеленуі, әдебиетші ғалымдардың зерттеулеріне 
қарағанда
40
, ислам діні қабылданбастан бұрын шыққан. 
Бұл күнді қазақтардың айрықша құрметтеп қарсы алу 
себебі – сол кездегі көшпелі жағдайда болған тұрмысына 
байланысты еді. 
Көшпелі жағдайда тіршілік еткен халық қыс 
айларында аса қатты қиыншылық халге ұшыраған. Әрі 
қора-қопсысы, әрі даярлаған шөбі жоқ адамдарға 
сақылдаған сары аязда мал асырау оңай іс емес еді. Қыс 
күндері олар малына күрек ашып, жем тауып беру 
шарасын қарастырады; табиғаттың дүлей күштеріне қарсы 
арпалысқа түседі; одан мал-жанын аман сақтап қалу үшін 
жанталаса күреседі, қажырлы еңбек етеді. Осындай 
жағдайда жүрген адамдар күннің жылынуын, көктем 
шығуын асыға күтеді.
40
Б.Кенжебаев, қазақ әдебиеті, 1 том, 1948 ж, Х.Жұмалиев, 
Қазақ әдебиеті, 1949 ж, Ш.Хұсайынов пен Ы.Дүйсенбаев 
Қазақ ауыз әдебиеті және халық ойындарындағы театр-
драмалық элементтер, Қазақ ССР Ғылым академиясының 
хабарлары, көркемөнер сериясы, №78,1950 ж, Ә.Марғұлан, 
Қазақ әдебиеті, 1941 ж. т.б. 


Март – көктем айының басы. Бұл кезде күн 
жылынып, қар ери бастайды, көктем лебі еседі. Қыс бойы 
қысымшылық жағдайда болған адамдар күн шуағын, 
көктем лебін жадыраған жайдарылықпен қарсы алады, 
жаңа жыл басталды деп қуанысады. Бұл қуанышын күн 
мен түннің теңеліп, күн ұзара бастаған мерзімде мерекелеп 
өткізеді. Ол күнді жаңа жылдың басталған күні, яғни, 
«Ұлыстың ұлы күні» деп той жасайды. Содан былай бұл 
күн қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде айырықша мәні бар 
мерекеге айналып кетеді.
Ұлыс күнін қуаныш пен мерекесіне айналдырған 
халық үлкен ойын-той, сауық жасайды. Осы тұста әркім 
өзінің көңіліндегі арман-мүддесін білдіреді. Бұларды олар 
бір-бірімен көріскенде айтатын болады, бір-біріне жақсы 
тілек тілейді. Қыстың қысымынан аман шыққанына 
қуаныса отырып, жаңа жылдан не күтетінін, нені тілейтінін 
аңғартады. Мұны олар өлең, тақпақ арқылы айтады. 
Мәселен: 
Амансыз ба,
Ұлыс оң болсын, 
Ақ мол болсын, 
Қайда барса, жол болсын! 
Ұлыс бақты болсын, 
Төр түлік ақты болсын, 
Ұлыс береке берсін, 
Бәле-жала жерге енсін! 
Немесе: 
Ұлыс күні кәрі-жас, 
Құшақтасып көріскен. 
Жаңа ағытқан қозыдай, 
Жамырасып өріскен. 
Шалдар бата беріскен: 
«Сақтай көр, – деп, – терістен». 
Кел, таза бақ, кел десіп, 


Ием, тілек бер десіп…
41

Бұл өлеңдерден ерте кездегі шаруа адамының арман-
тілегі елестейді. Сонымен қатар, оның тілектерінде жоқ 
нәрсеге сенушілігі, жарылқаушы күш бар деп, соған 
жалбарынушылығы да көрінеді. Мұның өзі ертедегі 
адамдардың ой-өрісі, дүние тану дәрежесі төменгі сатыда 
болғандығын аңғартады.
Ұлыс күні шаруа адамдарының еңбек мерекесі 
болғандықтан, оны ойын-сауық, думанды қызық тойға 
айналдырған. Жастар жағы бұл күнгі халықтың ой сезімін, 
шаттық қуанышын білдіре өлең айтқан, ән шырқаған. Олар 
өздерінің әндерінде жаңа жылға деген тілектерін айтумен 
қабат, көңіл күйлерін, жастық шақтың сыр сезімін 
қозғаған. 
Есік алды қара су бойлағаным, 
Жалғанның қызығына тоймағаным, 
Көмілсем де кетер ме көкейімнен, 
Қалқаммен ұлыс күні ойнағаным
42
, –
дейтін өлеңдер ерте кезде ұлыс күні мерекелі қуаныш 
болғандығын елестетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет