Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет17/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

 
Жаңылтпаш 
44
С.Сейфуллин, сол кітабы, 73-бет. 


Қазақ халқының әдет-ғұрып, салтынан туған ойын-
сауықтар кезінде өлең, әңгіме-жырлар ғана айтылып 
қойған емес. Ойын-сауық үстіне, жиналған жұртты күлдіру 
үшін, ауыз әдебиетінің бұдан басқа да ұсақ түрлері 
айтылған. Соның бірі – жаңылтпаш.
Жаңылтпаш айтқанда екі нәрсе ескерілетін секілді. 
Біріншіден, жиналған жұртты күлдіру; екіншісі – әрбір 
сөзді асқан шапшаңдықпен шебер айтуға, тіл ұстартуға 
үйрету. Жаңылтпаштың сөздері айтылуға қиын, көбінесе, 
ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады. 
Жаңылтпаштың әрбір сөзі шапшаңдата, тездете айтылуға 
тиіс. Егер, жаңылтпаш айтушы адам қиыннан құралған 
қырлы сөздерді орамына келтіре алмаса, аздап тайып кетсе 
– онда күлкі боларлық, тіпті ұятқа соғарлық жағдайға 
душар болады. Сондықтан ол әрбір сөзді жылдамдата 
айтумен қатар, нақышына келтіре, мүлт кетпей оралымын 
таба айтуға тиіс. Жаңылтпаштың сөздері қара сөз түрінде, 
кейде өлең секілді ұйқасып келеді. Мысалы: 
Қара бүркіт томағасын түсірді, 
Оны мен томағаламай кім томағалайды, 
Оны мен томағаламай кім томағалайды. 
Немесе: 
Ар жақтағы Құдияр құдам еді
Ол мені құдаламады, 
Мен оны құдаламадым, –
деп соңғы екі жолы қайталанып айтылады
45

Ерте кезде ойын-сауықтарда жаңылтпаш айтқызу 
қазақтың салты болған. Жаңылтпаш жиналған жұртты 
күлдіру, тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән 
білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданылған. 
Қазақтың 
салты 
бойынша, 
ойын-сауыққа 
келген 
жастардың бәрі де ән салып, өлең айтуға тиіс. Ал ондай 
45
С.Сейфуллин, сол кітабы,133- бет. 


өнері жоқтарға ойынды басқарушы адам «жаңылтпаш айт» 
деп ұйғарған, жаңылтпаштың сөзін өзі жайлап айтып 
берген. Сонан кейін оны шапшаңдата қайталап айтуды 
жаңағы өлең білмейтін адамнан талап еткен. Егер ол адам 
жаңылтпаштың сөздерін орамына келтіріп айта алмаса, 
бүлдірсе, жұрт алдында күлкі болған. Сондықтан мұндай 
күлкі боларлық жағдайға түспес үшін жастар ән, өлең 
үйренуге, оларды білуге тырысқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет