Жоғарыда айтылғандарға
дәлел ретінде қазақтың
ертеден келе жатқан өтірік өлеңдерінен екі-үш мысал
келтірейік:
Бір қоянды міндім де аспанға ұштым,
Екпініне шыдамай жерге түстім.
Алты күндей ақ боран соғып еді,
Жалғыз қурай түбіне ас қып іштім.
Дүниенің ауыры үрген қарын,
Жалғыз өзім көтердім соның бәрін.
Алты атанға үш төстеп артып едім,
Көтере алмай жығылды атандарым.
Аспанға алты
жерден тіреу қойдым,
Той қылып мың масаны сонда сойдым.
Жүрегін біреуінің төрт бөліп жеп,
Нансаңыз өмірімде бір-ақ тойдым!
47
–
Бұл
келтірілген
мысалдарда
суреттелген
көріністердің бәрі де әсірелеу, шендестіру ретімен
берілген. Бір нәрсені екіншісіне салыстыра отырып әдемі
образдар жасаған. Сонымен
қатар нақтылы шындықтан
алынған жанды-жансыз деректерді тыңдаушыға қызық,
күлкі түрінде жеткізген. Бұлардың бәрін жыршы-ақын өз
атынан, өзін қатыстыра айта отырып,
адам сенбестік
күлкілі әңгімелер тудырған. Нақтылы деректерді мол
шеберлікпен үдеген фантастикалық дәрежеге жеткізу,
адамның ойына келмейтін «өтірік» әңгімеге айналдыру
қазақ ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдер түрінің негізгі бір
ерекшелігі болып табылмақ.
Достарыңызбен бөлісу: