білу мүмкін емес»
8
– дейді.
Халықтың өткендегі тарихын
түсінуіміз үшін ауыз әдебиетінің мәні зор екендігін атап
көрсетеді. Демек, ауыз әдебиеті өткен өмірді, «халықтың
психологиясын», оның «арман-мүддесін» білуімізге аса
керекті материалдың бірі болып табылады.
Халықтың
ауыз әдебиетінің өз кезінде, жастарға
идеялық тәрбие беру ісінде, айрықша мәні болған еді.
Халықтың ертегілері,
аңыз-әңгімелері, мақал-мәтелдері,
басқыншы жаудан ел қорғау жолында ерлік жасаған
батырлар жайында шығарған жырлары т.б. адал еңбекті,
халыққа
қызмет етуді, халықтың жауларына қарсы
күресуді, езілген еңбекшіге болысып, жәрдемдесуді
жырлайды. Бұл жолда халыққа
адал ниетімен қызмет
атқарған адамдарды ардақтайды, олардың ісін кейінгі
ұрпаққа үлгі, өнеге етеді. Осы идеясын жүзеге асыру үшін
ауыз әдебиетін аса зор мәні бар құрал ретінде
пайдаланады. Мұнымен
қатар жағымсыз мінез-құлық, іс-
әрекеттерді халықтың ауыз әдебиеті жиренішті түрде
суреттей отырып, олардан безуді, жек көре білуді үйретеді.
Ауыз әдебиеті жалпы әдебиет тарихынан да елеулі
орын алады. Ол өзінен кейін туған көркем әдебиетке көп
әсер етті.
Сюжет құру, образ жасау, тіл байлығын
пайдалана білу т.б. жөнінде ауыз әдебиеті көркем
әдебиетке негіз салды. Бұл ретте де ауыз әдебиетінің мәні
зор болды.
Достарыңызбен бөлісу: