Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті


Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты



Pdf көрінісі
бет5/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

 
Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты 
Таптық қоғамда туған ауыз әдебиеті үлгілерінің 
қайсысы болса да белгілі бір таптың идеясын, арман-
мүддесін әлеуметтік көзқарасын білдіріп отырады.
Вл.Бонч-Бруевич «Ленин поэзия туралы» деп жазған 
еңбегінде ұлы көсеміміздің халық әдебиетін аса жоғары 
бағалағандығын айта келіп, Лениннің ертегілер жөнінде 
айтқан мынадай бір пікірін келтірді: «Ертегілерді 
қоғамдық-саяси тұрғыдан қарап пайдалана отырып, – дейді 
Ленин, – халықтың арман-мүддесі, тілегі жайында тамаша 
зерттеулер жазуға болар еді. Бұл – шын мәніндегі халық 
шығармалары, халықтың психологиясын білу жөнінде 
қазіргі күнде аса қажетті және аса маңызды материалдар»
6

Осы тұрғыдан алғанда, ауыз әдебиетінің халықтық 
сипаты, ең алдымен, оның «халықтық психологиясын», 
«халықтың арман-мүддесін, тілегін» қалай суреттеп 
көрсеткендігіне байланысты деп түсінуіміз керек.
Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты деген мәселені 
біз оның таптық сипаты деп ұғынамыз. Сондықтан бұл 
екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Марксизм-
ленинизм классиктері: «Таптық қоғамда таптан тысқары, 
6
Н.П.Андреевтің «Ауский фольклор» деген 
хрестоматиясынан алынды, 1938 ж., 29-бет. 


қоғам өмірінен, тап күресінен бөлек тұратын әдебиет 
болмайды, әдебиет әрқашан да белгілі бір таптың идеясын, 
көзқарасын білдіреді», – деп үйретеді. 
В.И.Ленин «Партиялық ұйым мен партиялық 
әдебиет» дейтін тамаша еңбегінде әдебиеттің таптық және 
партиялық сипатын айта келе, таптық қоғамда әдебиеттің 
алатын орнын, әдебиеттің тап құралы екендігін айқындап 
берді. 
Әдебиеттің таптық сипаты туралы марксизм-
ленинизм классиктерінің даналықпен айтқан пікірлерін 
ауыз әдебиетінде де қолданамыз. Өйткені ауыз әдебиеті де 
белгілі бір таптың таптық тілегін, мүддесін жырлайды 
және оған қызмет етеді.
Ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің қандай түрін 
алсақ та, онда белгілі бір таптың идеясы, көзқарасы 
жататындығын айқын көруге болады. Мәселен, еңбекші 
халық өзінің ауыз әдебиетін қанаушыларға қарсы 
жүргізген таптық күресінің құралы етті. Онда еңбекші 
халық қанаушы таптың зұлымдығын, жауыздық іс-
әрекеттерін, езуші тап өкілдерінің мансапқорлығын, 
басқыншылық шабуылдарын әшкерелеп отырады, олардың 
жиренішті образын жасайды. Халықтың ертегі, жыр, 
әңгімелерінде кездесетін Қарабайлар, Мыстандар сол 
қанаушы таптың, хандар мен феодалдардың өкілдері 
болып бейнеленеді. Олардың жауыздық іс-әрекеттерін 
сынға алады, әшкере етеді. Сондай-ақ мақалдардағы 
«Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді», 
«Сопы сұмнан шығады», «Төреге ерген ер-тоқымын 
арқалар», «Қойды құртаң бүлдіреді, елді сұлтан бүлдіреді» 
деген халықтың даналық сөздері еңбекші бұқараның 
қанаушы тапты жек көргендігінің айғағы. Бұл келтірілген 
мысалдардың қай-қайсысы болса да ауыз әдебиетінің 
таптығын, таптық тілектен туғандығын көрсетеді. Демек, 
еңбекші бұқара тудырған ауыз әдебиетінің халықтық 


сипаты – халықтың тұрмыс-тіршілігін, қоғамдық өмірін
арман-мүддесін, 
дүние 
танудағы 
көзқарасын 
т.б. 
суреттеуінен де байқалады. Халықтың адал еңбекті, 
достық-татулықты, жақсы шат өмірді аңсап арман 
еткендегі оның ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы, 
идеялық нысанасы болып келеді және бұл жолда халыққа 
қызмет еткен қарапайым еңбек адамдары ардақталады, 
олардың ісі, мінезі сүйкімді түрде жырланады, оларды 
үстем тап өкілдеріне қарама-қарсы қойып әңгімелейді. 
Мысалға «Аяз би» ертегісін алайық. Бұл ертегіде халық өз 
ортасынан шыққан қарапайым шаруа адамын, оның 
ақылын, адамгершілігін, тапқырлық ісін ардақтайды және 
оны қанаушы тап адамдарына қарсы қояды. Бүкіл 
материалдық және рухани байлықты жасаушы да, қоғам 
өмірін алға бастырушы негізгі күш те халықтың өзі 
екендігін елестетеді.
Бұл айтылғандардан халықтың ауыз әдебиетінде әр 
түрлі қайшылықтар, теріс ұғымдар, тіпті еңбек адамының 
мүддесіне жанаспайтын көзқарастар жоқ деген ұғым 
тумайды. Ауыз әдебиеті ауызша айтылып тарағандықтан 
және әр дәуірдің, әрбір қоғамдық тілектің әсерін 
көргендіктен онда әр түрлі қайшылықтардың кездесетіні 
де болады. Екіншіден, экономикалық және қоғамдық 
дамуларға адамның сана-сезімі әрқашан да ілесе бермейді, 
кейде сананың кейін қалып қоятыны да белгілі. Мұның өзі 
ауыз әдебиетіне ықпал жасамай қоймайды. Солай бола 
тұрса да, халықтың ауыз әдебиеті жоғарыда айтылған 
халықтық сипатын, оның белгілерін сақтап отырады.
Әрине, ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілерінің 
барлығын халық тудырған деуге болмайды. Олардың 
ішінде үстемдік еткен қанаушы тап тудырған шығармалар 
да бар. Сол шығармалары арқылы қанаушы тап өзінің 
таптық идеясын, халыққа жат іс-әрекетін, көзқарасын 
білдіріп отырған. Үстем тап өзінің ауыз әдебиетінде; ел 


талауды, еңбексіз мал табуды, халықты езіп ұстауды, еңбек 
адамдарын кемітіп қорлауды жырлайды және бұл жолда 
«ерлік» жасаған адамдарын үлкен дәрежеге көтеріп 
ардақтай суреттейді. Екіншіден, үстем тап халыққа жат, 
кертартпа идеясын өзінің шығармалары арқылы бейнелесе, 
сонымен қатар, халықтық ортада туған әдебиет үлгілерін 
де өңдер өз мақсатына пайдаланғандығы байқалады. 
Мұның мысалын батырлар жырынан көруге болады.
Сондықтан өткендегі ауыз әдебиетін түгелінен 
халықтық тілектен туған және халықтық сипаты бар 
шығармалар деп қарауға болмайды. Біз оларды таптық 
тұрғыдан қарап бағалауға тиістіміз. Бұл жөнінде 
В.И.Лениннің: «Біз әрбір ұлттық мәдениеттен тек оның 
демократиялық және социалистік тектерін аламыз, оларды 
тек және сөзсіз әрбір ұлттың буржуазиялық мәдениетіне, 
буржуазиялық ұлтшылдығына қарсы қою үшін аламыз»
7
деген даналық пікіріне сүйене отырып, ауыз әдебиетінің 
шын мәнінде халықтық сипаты барларын, халықтың 
бұқарашылдық, 
прогрестік 
арман-мүддесін 
көрсететіндерін ғана таңдап алуға тиістіміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет