Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті


Ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет



Pdf көрінісі
бет4/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет 
Қазақтың көркем әдебиеті тарихын зерттеген 
әдебиетшілердің
3
айтуына қарағанда, көркем әдебиетіміз 
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған. 
Өзінен бұрынғы дәуірмен салыстырғанда ХҮІІІ ғасырдың 
екінші жартысы қазақ өмірінде елеулі кезең еді. Бұл кезде 
қазақ халқының көпшілігі (Кіші жүз бен Орта жүз) Россия 
мемлекетіне қосылып болған-ды. Мұның нәтижесінде 
қазақ халқының экономикасы, қоғамдық өмірі бұрынғы 
кезден әлдеқайда ілгерілеп дамыған, өскен еді.
Бұл жағдай қазақтың көркем әдебиетінің тууына 
үлкен әсер етеді. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан 
былайғы жерде аты-жөні белгілі авторлар шыға бастайды. 
Мұның өзі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің жігін 
ашатын негізгі белгінің бірі болады.
Рас, ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысына дейін 
қазақтың ауыз әдебиеті есейген, жетілген еді. Бұл кезде 
ауыз әдебиетінің әр алуан түрлері (ертегі, аңыз, батырлар 
3
С.Мұқанов. Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің 
тарихынан очерктер, 1942 ж., Х.Жұмалиев, Қазақ әдебиеті, 
1949 ж.; М.Әуезов пен Е.Исмайловтың Қазақ ССР 
тарихына жазған ХҮІ тарауы, 1957 ж. 


жыры, тұрмыс-салт өлеңдері т.б.) дамыған да болатын. 
Бірақ оларды шығарған авторлары белгісіз болды. 
Сондықтан ондай шығармалар жеке авторлардың емес, 
бүкіл халықтың шығармасы болып саналатын. Осыған 
байланысты, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің 
айырмасы жөнінде В.Г.Белинскийдің мына бір пікірін 
келтірейік. Ол былай дейді: «Ауыз әдебиетін алатын 
болсақ, оның жұртқа белгілі авторы болмайды, өйткені 
қашан да болса, ауыз әдебиетінің авторы халық болады. 
Халықтың немесе бір тайпаның жас шағындағы ішкі және 
тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқын көрсететін 
қарапайым, үстіртін аңғал өлең-жырларын шығарған 
кімдер еді, оны ешкім білмейді. Ал әдебиетті алсақ, ол 
мүлде басқаша болады: оның шығарушысы халық емес, 
оның авторлары – халық рухының әр алуан жақтарын 
өзінің ақыл-ойы арқылы білдіретін жеке адамдар. 
Әдебиетте жеке адамдар әдебиеттегі өздерінің праволарын 
толық өз қолына алады, сөйтіп әдебиет дәуірлері сол жеке 
адамдардың аттарына байланысты болып белгіленеді»
4

Белинский бұл пікірін «Әдебиеттің түрлері» және 
«Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы» туралы жазған 
еңбектерінде де айтады. Ұлы сыншының пікірінше «ауыз 
әдебиеті мен көркем әдебиеттің арасындағы басты 
айырмашылықтардың бірі жеке авторлардың болу- 
болмауына байланысты. Және де өз дәуірінің, бүкіл 
халықтың рухын білдіретін жеке авторлардың шығуы 
экономиканың дамыған, қоғамдық ой-сананың ұлғайып 
өскен кезінде болады; экономиканың дамуы мәдениеттің, 
техниканың өсуіне ықпал жасайды, жазу өнерін шығарады, 
кітап басу ісінің тууына әсер етеді; осыдан былай жеке 
4
Н.Г.Белинскийдің бұл сөзі Х.Жұмалиевтің «Қазақ эпосы 
мен әдебиет тарихының мәселелері» деп аталатын 
кітабынан алынды, 1958 ж, 245-246- бет. 


авторлардың шығармалары жұртшылыққа жазу үлгісінде, 
баспа арқылы тарайтын болады », – дейді. 
Ұлы сыншы осы пікірін дамыта келіп былай дейді: 
«Ауыз әдебиеті айтайын деген ойын әр түрлі тұспалдау, 
бейнелеу жолымен білдіреді, соларға әрдайым иек сүйеп 
отырады, ал көркем әдебиет айтайын деген ойын айқын 
етіп суреттейді, өз заманының рухын, идеясын ашып 
көрсетеді». 
Осы тұрғыдан алғанда, ХҮІІІ ғасырдың екінші 
жартысына дейін өз заманының рухын, шындық өмірін, 
идеясын айқын етіп суреттеген қазақтың ақын, жырау-
жыршылары кім болғанын айта алмаймыз. ХҮ-ХҮІ 
ғасырларда өмір сүріпті деп жорамалмен айтылатын 
Сыпыра жырау, Асан қайғы, Жиреншелер жайында толық 
мәліметтер жоқ, тек аңыз-әңгімелер ғана бар. Сондықтан 
оларды қазақ көркем әдебиетінің негізін салған адамдар 
деудің реті келмейтін секілді. 
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан бергі жерде 
қазақ әдебиетінде жеке авторлар шыға бастайды. Бұқар 
жырау, Тәтіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш, Жанкісі, 
Ақтамберді секілді ақын-жыраулар осы кезде көрінеді, 
шығармалары өз атымен ел арасына тарайды. Олар өз 
заманының жай-жапсарын жыр етеді, халық өмірін 
суреттейді. Рас олардың шығармаларында, идеялық 
көзқарастарында әр түрлі қайшылықтары, халық тілегіне 
үйлесе қоймайтын пікірлері де бар еді. Солай бола тұрса 
да, олар жаңа туа бастаған қазақ көркем әдебиетінің 
алғашқы авторлары еді
5
. Сондықтан да олардың өмірі, 
творчестволық қызметі, әдебиеттік шығармалары жайында 
азды-көпті мәліметтер ел арасында сақталған. Аталған 
кезге дейін ауыз әдебиеті басым болып келсе, енді жеке 
авторлардың 
шығуына 
байланысты 
қазақ 
көркем 
5
История Казахской ССР, 1957 г., том І, стр. 357-358. 


әдебиетінің негізі салына бастайды. Әрине, жеке 
авторлардың шығуы, көркем әдебиеттің қалыптаса бастауы 
ауыз әдебиетінің дамуына бөгет етпейді, қайта екеуі бір-
бірімен тығыз байланыса, бір-біріне әсер ете отырып ұлғая 
береді.
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы 
айырмашылықты көрсететін белгінің тағы біреуі – 
варианттар. Бір-біріне жалпы мазмұны, оқиға желісі
кейіпкерлерінің аттары ұқсас келетін шығармаларды бір 
шығарманың туынды түрі яғни варианты десек, бұл ауыз 
әдебиетінде көп кездеседі. Бір ертегінің немесе бір 
жырдың әңгімесі жалпы оқиға желісін сақтай отырып, әр 
жерде әр түрлі айтылады. Бұлай болу сол шығармаларды 
айтушыға байланысты. Мәселен, ертекші өзінің ертегісін 
көпшілік жиналған жерде айтады. Тыңдаушы көпшіліктің 
арасынан жаңағы ертегінің мазмұнын, оқиғасын ұғып 
алушылар табылады. Енді олар сол ертегіні екінші бір 
жерде өзінше әңгімелейді, жаңалап айтады, алғашқы 
әңгімелерінің кей жерлерін қысқартып, кей жеріне тыңнан 
оқиға қосады. Сөйтіп ертегінің екінші бір туынды түрі, 
варианты шығады. Қазақ арасында көбірек тараған 
«Қобыланды батыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» т.б. 
жырлардың бірнеше вариантта болуы осы айтылғандарға 
байланысты туған (Бұл жөнінде сол жырларға берілген 
талдауларды қараңыз.). 
Бір шығарманың әр түрлі вариантта айтылуы көркем 
әдебиетте көп кездеспейді. Көркем әдебиеттің әрбір 
шығармасы жеке автордың өз атымен тарайды. Қай 
шығарманы, кімнің, қашан шығарғаны жұртқа белгілі 
болып отырады. Мұның өзі ауыз әдебиеті мен көркем 
әдебиеттің арасындағы айырмашылықты көрсететін 
белгінің бірі болады.
Көркем әдебиетке қарағанда, ауыз әдебиетінде 
қалыптасып дәстүрге айналған дағдылы сөздер мен 


сөйлемдер, 
тұрақталған 
ұқсастық, 
ұйқастар 
жиі 
қолданылады. Мысалы, ертегілердің көпшілігі «Ертек, 
ертек ерте екен, ешкі жүні бөрте екен. деп», немесе 
«Баяғыда бір кедей болыпты, оның үш баласы болыпты» 
деп, болмаса «Бұрынғы өткен заманда» деп басталады. 
Ертегілердің бұлай басталуы белгілі дәстүрге айналған. 
Бірақ әрбір ертегінің басталуы осындай ұқсас болғанымен, 
оның оқиғасы, әңгіме желісі бір-біріне қабыса бермейді, әр 
түрде айтылады. Мұндай жағдай көркем әдебиетте 
кездеспейді. 
Белгілі 
бір 
тақырыпты 
жырлаған 
шығармалардың көркем әдебиетте басталуы да, баяндалуы 
да бір-біріне ұқсас келмейді, әр түрде болады. 
Жоғарыда айтылғандар ауыз әдебиеті мен көркем 
әдебиеттің 
арасындағы 
кейбір 
айырмашылықтарды 
көрсетеді. Әрине, ұлғайып өскен, кемеліне келген көркем 
әдебиет және оның шеберлері (ақын, жазушылар) ауыз 
әдебиетінен әрдайым нәр алып отырады. Ең алдымен, 
көркем әдебиеттің шеберлері халықтың ауыз әдебиетінен 
тіл байлығын үйренеді. Халық тілін меңгере, пайдалана 
отырып, әдеби тілімізді дамытады. М.Горькийдің 
жазушыларға: 
«Ауыз 
әдебиетінің 
тіл 
байлығын 
пайдаланыңдар, одан үйреніңдер», – дейтіні де осыдан. 
Мұнымен қатар, көркем әдебиеттің шеберлері халық ауыз 
әдебиетінің кейбір сюжеттерін өздерінің еңбектеріне 
пайдаланады. Осы негізде жаңа шығармалар тудырады. 
Халық ауыз әдебиетін пайдалана отырып, оның таптық 
сипатын, 
қоғамдық 
сырын 
аша 
түседі. 
Бұған: 
А.Пушкиннің, М.Салтыков-Щедриннің, М.Горькийдің, 
Абайдың т.б. жазушылардың ауыз әдебиетінің тіл 
байлығын, ауыз әдебиетінің сюжетін пайдалануы толық 
дәлел. А.Пушкин бірнеше ертегі, поэмалардың сюжетін 
халық ауыз әдебиетінен алған. М.Салтыков-Щедрин кейбір 
ертектерін халық ертегілері үлгісінде жазып, қоғамдық 
мәселелерді, патша әкімдерін, чиновниктерді мысқылдап 


сынаған. Мұндай фактілерді қазақ совет әдебиетінен де 
кездестіреміз. Қазақ жазба әдебиетінің шеберлері де ауыз 
әдебиетінен халықтың тіл байлығын үйренумен келеді. 
Сонымен бірге, олар ауыз әдебиетінің кейбір үлгілерін, 
сюжеттерін пайдалана отырып, сол негізде жаңа 
шығармалар тудырады. Бұл ретте Мұхтардың «Қобыланды 
батыр» және «Еңлік-Кебек» пьесаларын, Ғабиттің «Қыз 
Жібегі» мен «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», Сәбиттің 
«Сұлушашын» т.б. атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет