Көңіл күйін білдіретін шығармалар
Қазақ
халқының
өткендегі
тұрмыс-салтына
байланысты шығарған шығармаларының енді бір түрі –
адамның көңіл күйін, қуанышы мен қайғысын, іштей
тартқан мұң-шерін, ауыр қазаға душар болғандағы
күйініш-күйіктерін білдіруге арналған лирикалық өлең-
жырлар болып табылады. Бұл өлең-жырлары арқылы
өткендегі адамдар ауыр қаза күйігін серпіп тастауды, оны
жеңілдетуді көздеген.
Адамның тұрмыс-тіршілігінде, өмірінде шаттық,
қуаныш, ойын-күлкі қандай елеулі болса, қайғы, мұң-шер
де сондай елеулі орын алған. Бұл екеуін де халық өзінің
әдебиетіне қосып бейнелеген. Бірінде шаттық, қуаныш
жырын төксе, екіншісінде, қайғы-қасірет, күйініш шерін
шерткен. Абайдың:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең, –
дейтіні осы жағдайды көргендіктен айтылған.
76
С.Сейфуллиннің сол кітабынан, 101-бет.
Адам баласы қайғы-қасірет, мұң-шер, күйініш-күйік
т.б. тудыратын жайларға әр түрлі жағдайда душар болған.
Біреу баласынан, не жан сүйер жарынан, жан күйер
жақынынан мезгілсіз айырылса, болмаса атамекен
қонысынан, кіндігін кесіп, кірін жуған жерінен еріксіз
ауса, - мұның бәрі адам көңіліне ауыр қайғы түсірген. Бұл
аталғандар халықтың ауыз әдебиетінен орын алған, әр
түрлі өлең-жырлар тудырған.
Қоштасу
Қазақтың қоштасу өлеңдері тақырып жағынан
алғанда әр алуан болып келеді. Туған ел-жұртымен, өніп-
өскен жер-суымен, ата-ана, ағайын-туысымен, өткен
өмірімен, жолдас болған өнерімен қоштасу – тұрмыс-
тіршілікке, салтқа байланысты туған қазақ ауыз
әдебиетінің белгілі тақырыбынан саналады. Аталған
тақырыпқа шығарылған шығармалардың біразы бүкіл
халықтың хал-жайын, соның көңіл-күйін білдірсе, енді
біреулері жеке адамның көңіл-күйін қозғайды. Мұнымен
қатар, қоштасу өлеңдері кейінгіге арналған ақыл-өсиет,
нақыл түрінде айтылады. Қоштасудың сөзі айтуға жеңіл,
ұғып жаттап алуға ыңғайлы келеді.
Тарихқа белгілі, 1723 жылы қалмақ шонжарлары
қазақ еліне шабуыл жасап, соғыс ашты. Олар қазақтардың
көптеген жерін, атамекен қонысын тартып алды, халықты
қанға бояды. Осы жағдайда ата баладан, аға ініден, апа
сіңіліден айрылды, ел басына ауыр қара түнек орнады.
Мұндай жағдайға еріксіз душар болған қазақтар
амалсыздан бұрынғы атамекенін тастап шықты. Бұл халге
қатты қайғырып қиналған халық бұрынғы туып-өскен
жерімен қоштасып, оны ащы зар, мұңға айналдырды,
қоштасу өлеңдерін шығарды. «Басынан Қаратаудың көш
келеді» дейтін өлең осы жағдайда туып, халықтың ауыр
күйзеліс кезеңін, соған байланысты қайғылы көңіл-күйін
білдіретін шығарма еді.
Өткен заманда, ру арасында дау-жанжал, қастасып,
қақтығысу дәуірлеген заманда, бір елдің жерін екіншісі
зорлықпен тартып алу, елден елдің айрылып ауа көшуі,
атамекенін лажсыздан тастап кетулері көп болған. Ру
басыларының бақастығы, бас таласы негізінде туған дау-
жанжалдың зардабы, ауыртпалығы бүкіл халыққа түскен,
атамекен жерінен, шұрайлы қонысынан айырған. Бұл
секілді жағдайға қатты күйінген халық өздері бұрыннан
мекен еткен жер-суымен қоштасқан, көңіл-күйін зар етіп,
қоштасу өлеңдері арқылы білдірген, бүкіл халық үшін мәні
бар мәселелерді көтерген. «Жылау, жылау, жылау күй»
дейтін қоштасулар осындай жағдайға байланысты туған.
Бұл тақырыпқа шығарылған қоштасулардың қайсысы
болса да, туған жердің жылы ұшырап, өзіне тартып
тұратын қасиетін, оның қымбат екендігін егіле жырлайды.
Кіндік кесіп, кір жуған жерінің, балалық-жастық шағының
ең қызық күндерін өткізген жерінің тауы да, тасы да,
ағашы мен шөбі де, өзені мен көлі де адамға ыстық
көрінетіндігін сипаттайды. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
жырындағы Таңсықтың:
Балталы, бағаналы ел аман бол,
Бақалы, балдырғанды көл аман бол.
Теруші ем еріккенде ермек етіп,
Екпе жиде, алма ағаш, гүл аман бол
77
, -
деп бастайтын қоштасуы бұған дәлел.
Бұл айтылғандармен қатар, қоштасу өлеңдеріне
басты тақырып ретінде алынғаны және молырақ
жырланғаны – адамның көңіл-күйі. Адамның қартайып
77
Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры, жинаған М.Әуезов, 1936
ж, 23-бет.
төсек тартқан шағында, артында қалып бара жатқан
ұрпағына, ел-жұртына қоштасу ретінде айтатын ақыл-
өсиеті, тілегі, өткен өмірімен бақұлдасуы болады. Немесе,
арман еткен мақсатына жете алмаған адамның толқуға
түскен, күйінішке ұшыраған кезі, үмітімен қоштасуы
болады. Сол секілді, адамның қиын-қыспақ жағдайға түсуі
және одан құтыла алмасына көзі жеткен соң, артындағы
ағайын-туысына, халқына арнаған аманаты, олармен
қоштасуы болады. Бұл аталғандардың бәрі де адамның
көңіл-күйін, іштегі шерін қозғайды, оны қоштасу арқылы
шертеді.
Қазақ арасында ақындық аты шыққан Кемпірбай
ақын төсек тартып жатқанда, оның көңілін сұрай Әсет
ақын келеді. Сонда Кемпірбай:
Көңілді Әсет келді көтергелі.
Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі.
Алып бер домбырамды ана тұрған,
Басымда жастықпенен көтер бері.
Артыма бір-екі ауыз сөз тастайын,
Қонғаның, өлең шіркін, бекер ме еді?
78
–
деп бастайды да, ақындық өнер жайын суреттейді.
Ақындық талантты көк ала үйрек бейнесінде сипаттайды
және ол: «екі жасымда қонып еді, Дәуіт пайғамбардың өзі
беріп еді», – деп ескі ұғымды да араластырады. Өткендегі
ақындардың қайсысы болса да, ақындық талантты осылай
түсінетін, ақындық өнер бірден – бірге дариды немесе
іштен туа болады десетін. Кемпірбай да осыны айтады. Ол:
Кеудемнен көк ала үйрек «қош» деп ұшты,
Сол шіркін, кәрі жолдас, өлең білем
79
, –
деп қамығады, ақындық шабыты кемеліне келген жас
шағын, талайды сөзбен буған кездерін еске түсіреді, «кәрі
78
С.Сейфуллиннің сол кітабынан, 76-бет.
79
С.Сейфуллиннің сол кітабынан.
жолдасы» болған өлеңімен қоштасады. Содан кейін Әсет
арқылы бүкіл ақындарға аманат айтады, ақынды, ақындық
өнерді қадірлеңдер дейді.
Екінші мысал, Арғыннан шыққан Тәті деген кісі
Қоқан хандарының қолына түсіп, қаза болады. Өлер
алдында ол ел-жұртына арнаған «қоштасуын» жолдайды,
ағайын-туысымен, құрбы-құрдастарымен бақұлдасады,
оларға деген аманатын айтады. Сөзінің бір жерінде:
«Мен адаммын»дегендер,
Елдің қамын ойласын.
Мың-миллион кетсе де,
Төре алдына бармасын.
Жалынғанша зәлімге,
Жата жанын қармасын
80
, –
дейді.
Сөйтіп, қоштасу өлеңдері, бір жағынан, қоштасушы
кісінің көңіл-күйін білдіреді, қоштасып отырғандары (ел
жұрт, ағайын-туыс, жер-су, өткенде көрген қызықтары т,б.)
адам үшін ең қымбат, қадірлі екендігін аңғартады;
екіншіден, қоштасу өлеңдері қоштасушының артында
қалып бара жатқандарға арнаған ақыл-өсиеті түрінде
болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |