еткенде, біз оның ең алғашқы үлгілері, олардың мазмұны,
көркемдік дәрежесі қандай
болғандығы жайын анықтап
айта алмаймыз. Өйткені ол ертегілер алғашқы айтылу
қалпын сақтай отырып, біздің дәуірімізге жеткен емес.
Екіншіден, ауыз әдебиетінің басқа түрі секілді, ертегілер
де
ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әртүрлі
өзгерістерге ұшыраған, бір ертегіге бірнеше ертегінің
әңгімесі қосылып араласқан. Бергі заманда туған ертегілер
ерте заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы
үлгілерін, олардың оқиғаларын бойына жинай да жүрген.
Осыған байланысты тағы бір жайды ескерте кетелік.
Қазақ тілінде ауызша
айтылып келген ертегілердің
барлығын бірдей қазақ халқы шығарған емес. Қазақ
ертегілерінің ішінде ағайындас-аралас, көршілерден, атап
айтқанда: орыс, қырғыз, өзбек, түрікмен, татар, башқұрт,
қарақалпақ
ағайындардан алынған, бізге сіңісіп кеткен,
өзіміздің төл-тумамыз болған ертегілер де бар. Бұл
алуандас ертегілер кездейсоқ түрде келіп енген емес. Ол
қазақ халқымен көршілердің арасында көп заманға
созылған
экономикалық,
ағайын-достық
қарым-
қатынастардың негізінде енген. Сөйтіп қазақ халқы бұл
ертегілердің жалпы мазмұнын алып, мәнерлеп әңгімелеген,
өзінің тума шығармасы етіп жіберген.
Сондықтан да біз
оларды қазақ халқының ертегісі деп қарауға тиістіміз.
Достарыңызбен бөлісу: