Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет29/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

 
Естірту. Көңіл айту 
Қазақтың ертедегі салты бойынша, адамның кейде 
бүкіл елдің басына түскен ауыр қайғыны, үлкен қазаны 
өлең-жыр, әңгіме, күй арқылы естіртетін болған. Біреудің 
жанашыр туысы, не баласы, немесе елдің ардақтайтын 
адамы мезгілсіз қазаға ұшыраса, оған ескі салтқа сәйкес 
естірту айтылған.
80
С.Сейфуллиннің сол кітабынан, 74-бет. 


Ауыр қайғыны, көңілдегі күйзелісті жеңілдететін де, 
солардың кірін кетіретін де өлең-жыр, музыка сазы деп 
түсінген халық естірту және көңіл айту жайында әр түрлі 
шығармалар тудырған. Бұлардың қайсысы болса да ауыр 
қазаны, қайғылы күйді бірден естірпеген. Қайғыны 
естіртуші адам айтайын деген сөзін, естірткелі отырған 
халін жұмбақтап, ишаратпен, тұспалмен бастаған, кейде әр 
түрлі салыстырулар жасаған. Күй арқылы білдірілетін 
естіртулер адамның сезіміне тиетіндей әсерлі, зарлы 
үндерден басталған. Сөйтіп, естіртуді айтушылар 
тыңдаушылардың көңілін аударарлықтай даярлықтар 
жүргізген. Сонан кейін барып, болған халді, кездескен 
қайғыны естірткен.
Қазақ ауыз әдебиетінде естіртудің көптеген үлгілері 
сақталған. Солардың ішінен екі-үш мысал келтірейік.
Жиренше шешеннің жан сүйер серігі Қарашаш 
қайтыс болғанда, бұл қазаны оған Жәнібек мына түрде 
естіртіпті деседі: 
Жәнібек: Жиреншем, атасы өлген қалай екен? 
Жиренше: Асқар тауы құлады, бәйтерегі сұлады 
десейші; жайлауын жауы алды, қыстауын өрт алды 
десейші. 
Жәнібек: Жиреншем, шешесі өлген қандай екен? 
Жиренше: Ағар бұлағы суалды десейші. 
Жәнібек: Ағасы өлген қандай екен? 
Жиренше: Оң қанатым үзілді, тас қорғаным бұзылды 
десейші. 
Жәнібек: Інісі өлген қандай екен? 
Жиренше: Сол қанатым қайырылды, болат қылышым 
қайырылды десейші. 
Жәнібек: Баласы өлген қандай екен? 
Жиренше: Аузыма шоқ түсті, өзегіме өрт түсті
десейші. 
Жәнібек: Е, Жиреншем, қатыны өлген қандай екен? 


Жиренше: Уа, дариға, Қарашаш сұлу өлген екен ғой, 
деп қамшысына таянып отыра кетіпті
81
.
Бұл естіртуде айтылуға тиісті сөз түйіні осы секілді 
әр-түрлі 
сұрау-салыстырулар 
арқылы 
жеткізіледі. 
Естірткелі отырған ауыр қайғы хабарын бірден айтпай
сатылай барып білдіреді. Мұндай естіртулер күй арқылы 
да айтылады. Бұған «Ақсақ құлан» деген күйді мысалға 
алайық. Бұл күйдің ел арасына тараған бір әңгімесі 
мынадай болып келеді.
Шыңғыс хан бастаған моңғол шапқыншылары XIII 
ғасырдың басында қазақ еліне жорық жасап, оның көп 
жерін тартып алады. Бұл жерлерді Шыңғыс хан өзінің 
баласы Жошының үлесіне береді және оны хан көтереді. 
Жошы қатал, мейірімсіз хан болады, қарамағындағы 
елдерді езіп ұстайды. Бір күні Жошының 14-15-ке келген 
баласы аңшыларға еріп шығады, жолда қашып келе 
жатқан ақсақ құланды көреді де, оны қуа жөнеледі. Ақсақ 
құлан бір топ құланға қосылып кетеді. Баланың астындағы 
тұлпары да құландарға ілесіп, баланы жығып кетеді. 
Құланның айғыры баланы шайнап өлтіреді. Баланың 
қайтар мезгілі жеткенімен, хабарсыз болады. Сонда 
аңшыларға қаһарын төккен Жошы: «Баламды тауып 
беріңдер, – деп бұйырады және, – баламды өлді деп 
естіртетін болсаңдар, құлақтарыңа қорғасын құям», – деп 
зілденеді. Баланың өлгенін естіртсе де, естіртпесе де 
жазықты болатынын біліп, аңшылармен бірге ел сасады. 
Сондықтан хан ордасына халық жиналып келеді де, 
араларынан бір асқан домбырашы-күйшіні шығарып, сол 
арқылы ханға баланың өлімін естіртеді. Күй «Ақсақ құлан» 
аталады, онда баланың қандай жағдайда қазаға 
ұшырағанын бейнелейді. Естірту аяқталған кезде, 
домбырашы ханның алдына домбырасын тастай беріп: 
81
С.Сейфуллиннің сол кітабынан. 


«Баламды өлді деп естірткен адамның құлағына қорғасын 
құям деген сөзіңіз бар еді. Естірткен домбыра, енді осының 
құлағына қорғасын құйыңыз», – деген екен дейді.
«Ақсақ құлан» күйінің мәні ауыр қазаны күй арқылы 
естіртуінде ғана емес. Мұнымен қатар оның мәні – қатал 
ханның ауыр жазасынан халықтың тапқырлықпен 
құтылуында және жазықсыз жандарға ханның қаһар 
көрсетуінде деп қарау керек.
Қазақ салтында орын алған осы секілді естіртулер 
өлең-жыр арқылы да орындалған. Бұған мысал етіп, «Қозы 
Көрпештегі» Сарыбайдың өлімін Тазшаның, Байшуақтың 
өлімін Ізбастының өлеңмен естіртулерін алуға болады.
Естіртуге арналған әңгіме, күй, өлең-жырлардың бәрі 
де көңіл айту, жұбатумен аяқталып отырады, көпшілік 
азалы үйдің қайғысына ортақтаса көңіл білдіреді. Қазаның 
ауыр 
екендігін 
ескертумен 
қатар, 
жылап-сықтап 
қайғырмау, қажымау керектігін, бұдан еш нәрсе 
өнбейтіндігін, 
өлімнен 
ешкім 
де 
қашып 
құтылмайтындығын айтып жұбатады.
Естірту, көңіл айту, жұбату өлеңдері тақпақ, жыр 
түрінде де келеді. Азалы адамның көңілін аулай ақыл 
айтады. Мәселен: 
Ақсұңқар ұшты ұядан, 
Қол жетпейтін қиядан. 
Қанаты бүтін сұңқар жоқ, 
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ. 
Өлместі тәңірі жаратпайды. 
Тозбасты ұста соқпайды, 
Топырағы торқа болсын, 
Қалғанға өмір берсін! 
Өлгеннің соңынан өлмек жоқ, 
Өлген қайтып келмек жоқ.
82

82
С.Сейфуллиннің сол кітабынан, 80-бет. 


деп немесе «жетпесті қума, келмеске жылама» деп 
жұбату айтады.
Жоқтау 
Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан салтында 
өлген адамды еске түсіру, оған арнап жоқтау шығару 
елеулі орын алған. Біреудің жан ашыр жақыны, сүйікті 
баласы өлсе, немесе халықтың қадірлейтін адамы қаза 
болса, соларды жоқтап өлең-жыр шығару салтқа айналған. 
Әдетте, жоқтауды өлген адамның әйелі, шешесі, апасы не 
қарындасы айтатын болған және олар жоқтауын өздері 
шығаруға тырысқан. Мұнымен қатар, кейбір жоқтауларды 
белгілі ақындар шығарған. Жоқтаулардың қайсысында 
болса да, өлген адамның жақсы істері, қызметі, 
сүйкімділігі, мінезі еске алынған. Бұл ретте жоқтау 
өлеңдері өлген адамға жасалған ескерткіш есебінде болған.
Қазақ ауыз әдебиетінде жоқтау өлеңдерінің ертеден 
келе жатқан нұсқалары өте көп. Бірақ олардың алғашқы 
үлгілері қай ғасырда туғандығын дәлелдеп айту қиын. Ел 
арасында сақталып, біздің заманымызға жеткен жоқтау 
өлеңдерінің мазмұнына қарағанда, олардың бір мезгілде 
туып, бірден қалыптаса қоймағанын байқауға болады және 
халықтың әр кезеңдегі тарихи даму процесіндегі әр түрлі 
көзқарасын, наным-сезімін жинай жүргендігі де көрінеді. 
Сондай-ақ, жоқтау өлеңдерінің кейбір үлгілері ұсақ түрде 
болып келсе, екінші біреулерінің мол сюжетке құрылып, 
ұзақ айтылатын дастан көлеміне жеткендігін байқаймыз. 
Мұның бәрі – жоқтаулардың ұсақ өлеңдерден басталып, 
көлемді поэмаға дейін көтерілуі үлкен даму, қалыптасу 
процесінде болғандығын және ол талай ғасырмен бірге 
жасасқандығын аңғартады. Алғашқы нұсқалары қай 
ғасырда туғандығы белгісіз болса да, жоқтау өлеңдері 
бертін келе халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі салтынан 
елеулі орын алған.


Жоқтаулардың 
алғаш 
шыққан 
үлгілері 
ұсақ 
өлеңдерден басталатын секілді. Ертедегі адамдар өздерінің 
қайтыс болған жақындарын еске түсіріп, әр түрлі 
жоқтаулар шығарған, көңілдеріндегі мұң-шер қайғысын 
білдірген. Бұл ретте олар өздерінің арман-мұңын, 
жоқтауын адамдарға ғана естіртіп қоймаған, айнала 
қоршаған әлем дүниесіне, төрт түлік малға да айтқан, 
солармен де мұңдасқан, сүйікті адамына арнаған 
жоқтауымен көңіліндегі күйікті тарқатпақ болған. Мұны 
«Күміс жүген айшықты» деп басталатын жоқтаудан көруге 
болады. Болмаса өлген қызына арнаған қарт ананың 
жоқтауын алайық. «Ақ ешкі келе жатыр лағына» деп 
басталатын бұл жоқтауды қарт ана өзінің қайғысын, 
жалғыз баласынан айрылғанын мұң етіп ақ ешкіге айтады, 
сонымен мұңдасады.
Бертін келе, жоқтау өлеңдері өлген адамның қазасы 
үстінде немесе ескі салт бойынша жасалатын жетісі, 
қырқы, жылы деп аталатын кездерде айтылатын болған. 
Мұндай жоқтаулар арқылы өлген адамның тіршілікте кім 
болғандығы, қандай қызмет атқарғандығы, ел-жұрты, 
ағайын-туысы үшін не істеп, не қойғандығы сипатталған. 
Бұл ретте кейбір ұзағынан айтылатын жоқтауларда өлген 
адамның жағымды образы жасалған, әдемі теңеулер мен 
метафораларды қолданған. Мәселен, жоғарыда аталған 
Тәті жайында шығарылған жоқтауда, оның өмірі, ісі 
молынан суреттеледі. Тәтінің: 
Құрама жиып ел қылып, 
Қосын таза сақтаған. 
Тілі шайпау тентегін, 
Ақылменен тоқтатқан. 
Көлдегі аққу дауысты, 
Ақсұңқар құстай дабысты, 
Ерегіскен дұшпанға 
Айдаһардай жабысты. 


Ертегі еткен азандай 
Елдің қамын ойлаған.
83

адам екендігін бейнелейді.
Ел қорғау жолында жаумен соғысып қаза болған 
батыр туралы шығарылған жоқтауда, оның ел-жұрты үшін 
жасаған ерлік істері суреттеледі; оның батырлық образы 
жасалады. Бұл жоқтаудың бір жерінде: 
Алыстан дұшпан аттанса, 
Қар жаңбырдай бораған 
Жақыннан дұшпан аттанса, 
Қарт бурадай жараған. 
Толарсақтан саз келсе 
Қажымай оған жүретін. 
Қабырғадан қан келсе, 
Қажымай оған күлетін
84
. – 
деп, жаңағы батырдың тірі кезінде ел-жұрты үшін 
күрескен айбынды батыр екендігін суреттейді, оның ерлік 
образын жасайды. 
Осы тұрғыдан алғанда, қазақтағы кейбір батырлар 
жырының біраз әңгімелері жоқтау негізінде туған деп 
профессор М.Әуезов айтқан пікірді орынды деуге 
болады
85
. Бұған мысал ретінде «Қобыланды батыр» жырын 
алайық. Жырдың бірсыпыра әңгімелері «қоштасу», 
«жоқтау» арқылы баяндалады. Тоқтарбайдың, Аналық пен 
Құртқаның жоқтауларында Қобыланды батырдың кім 
екендігі, ел қорғауда жасаған ерлік істері суреттеледі. 
Демек жоқтау өлеңдерінің өлген кісіні еске тусіру үшін 
ғана емес, ол ауыз әдебиетінде адам образын жасау, әсіресе 
батырлар образын беру үшін де, мәні бар деп қараймыз. 
83
С.Сейфуллиннің сол кітабынан, 81-бет. 
84
Сонда, 83-бет. 
85
М.Әуезов, «Литературный критик» журналы, №12, 
1939ж. 


Жоқтау өлеңдері қазақтың ертедегі ауыз әдебиетінен 
ғана орын алып қойған жоқ. Оның бергі әдебиетімізде де, 
тіпті, жазба әдебиетімізде де кездесетін әдеби түрге 
айналғанын байқаймыз. Бұған мысал етіп, халық 
әдебиетінің үлгісінде Абайдың, Махамбеттің, Жамбылдың 
шығарған жоқтауларын атауға болады. Бұлардың 
жоқтауында Әбдірахман, Исатай, Алғадайлардың халық 
үшін істеген істері суреттеледі, олардың озық бейнелі 
образдары жасалады. 
*** 
Біз жоғарыда қазақ халқының өткендегі тұрмыс-
тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған ауыз 
әдебиетінің ұсақ түрлерімен танысып өттік. Бұл 
шығармалардың қайсысы болса да өзінің көп заманға 
созылған қалыптасу, даму процесінде әр түрлі қоғамдық, 
таптық електерден өтіп, солардың көзқарастарын бойына 
жинай жүргенін де байқадық. Бұл жағдай аталған 
шығармалардың идеясына, мазмұнына әр түрлі әсер 
еткенін, кейбіреулерінде халық тілегіне қиғаш келетін 
қайшылықтар бар екендігін аңғартады. Сондықтан да біз 
оларды оқытқанда, ескі мәдениет туралы лениндік ілімге 
сүйене отырып, ауыз әдебиетінің қандай жағдайда 
туғандығын, қай бағытта және қалай қалыптасып 
дамығандығын ескертуге тиістіміз. Ауыз әдебиетін 
халықтың тарихынан бөліп алмай, қайта, онымен 
байланыстыра қарауға, халықтың әр кездегі материалдық-
қоғамдық жағдайларымен ұштастыра отырып баяндауға 
тиістіміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет