Қырғауылы
қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен,
Мұзға жығылған екен,
Сирағы сынған екен,-
деп, немесе:
Бар екен, жоқ екен,
Бөрі бөкеуіл екен,
Түлкі жасауыл екен…–
деп тақпақтай бастай жөнеледі. Осыдан әрі қарай негізгі
әңгіме оқиғасына кіріседі. Ал кейде ертекшілер айтатын
әңгімесіне
бірден кіріседі, ертегіге қатысатын басты
кейіпкерлермен бірден таныстырады. («Баяғыда бір кедей
болыпты, онын үш баласы болыпты»…т.б.). Ертегілерде
айтылатын оқиғаларда осы негізде баяндау – ертегінің
құрылысына тән басты ерекшелігі болып табылады.
Ертекші
Ертегінің оқиғасын тартымды етіп құру, бір
әңгімеден екіншісін тудыру,
ертекшілердің шеберлігіне
байланысты болады. М.Әуезов (жоғарыда аталған
еңбегінде) пен Е.Исмайылов93 (қазақ ертекшілерінің
айтқыштық өнеріне айрықша мән береді. Олар ертекші де
үлкен творчествоның адамы деп көрсетеді және бұл ретте
ертекшіні дарынды ақынға теңейді. Шынында да ертегі
айту еріккеннің ермегі емес, ол творчестволық өнерді,
асқан шеберлікті керек етеді. Неше түрлі ғажайып оқиғаға
құрылған ертегілерді жігін бұзбай өрістете айту,
әрбір
эпизодты арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыру,
оқиғасын қызғылықты етіп баяндау, ертегілердің әрбір
кейіпкеріне лайықты мінездемелер беру, олардың
образдарын, көз алдыңа елестетерліктей портреттерін
жасау, әрқайсысының іс-әрекеттеріне қарай сөздік, тіл таба
93
Е.Исмайылов, Ақындар, 1956ж., Алматы.
білу т.б.
ертегі айтушыдан мол өнерді, шеберлікті керек
етеді. Демек, ертегінің тартымды болу болмауы оның
айтушысына байланысты.
Ертекші творчествоның адамы болғандықтан, ол
өзінің репертуарына аса ұқыпты қараған. Орыстың халық
ертегілерін
жинап
зерттеген
А.Н.Афанасьев
94
),
Н.Е.Ончуков
95
, М.К.Азадовский
96,
Ю.М.Соколов
97
т.б.
«Халық арасынан шыққан ірі ертекшілер ертегі айтуды
үлкен творчестволық еңбек деп түсінген және олар ертегі
айту үшін көптеген даярлықтар жасаған», – дейді. Бұл жай
қазақ ертекшілерінің дәстүрінде де болған.
Мұхтардың
«Абай» романында, Сәбиттің «Өмір мектебінде» және
Есмағамбеттің «Ақындар» атты монографиясында қазақ
ертекшілерінің творчестволық қызметін көрсететін аса
қызықты материалдар берілген. Ел арасына атағы
жайылған айтқыш-ертекшілерді халық өте жоғары
қадірлеген, оларды жыршы, ақындармен қатар қойған.
Кейбір дарынды ертекшілер ел аралап, жұрттың жиналған
жерінде ертегі, әңгіме айтатын
болған және бір әңгімесін
қайталай бермей тың, бұрын ел естімеген жаңа ертегілерді
туғызған. Ол үшін, бір жағынан, бұрын соңды айтылып
жүрген
ертегілерді
өздерінше
өңдеп
мәнерлеген;
екіншіден, сол халық ертегілерінің негізінде жаңадан тың
сюжетті ертегілер туғызған. Осының негізінде кейбір
ертекшілер бір ертегісін бірнеше күн бойына айтқан және
алдыңғы айтқандарын қайталамай оның жалғасын келесі
күндері ұзаққа созған, сөйтіп, бір ертегісін көлемі жағынан
повесть, роман дәрежесіне жеткізген. Мұны Абай
94
А.Н.Афанасьев, Народные русские сказки, 1855-1864г.
95
Н.Е.Ончуков.
Северные сказки, 1908г.
96
М.К.Азадовский, Русская сказка, 1932г.
97
Ю.М.Соколов, Русский фольклор, 1938 г
айналасында
болған
ертекшілердің
творчестволық
өмірінен байқауға болады.
Ертекшілер ескіден келе жатқан ертегілерді айтушы,
орындаушы ғана болып қойған жоқ. Олар ертегінің
халықтық дәстүрін сақтай отырып, қоғамдық, таптық
жағдайларға байланысты жаңа ертегілер шығарған. Халық
мүддесін көздеген ертекшілер өзінің ертегілері арқылы
еңбекшілерді езушілерді, қанаушы тап өкілдерін, олардың
жауыздық іс-әрекеттерін
әшкерелеп суреттеген, бұлардың
жағымсыз образдарын жасаған. Оларға халық арасынан
шыққан қарапайым адамдарды қарсы қойған, еңбек
иелерін ардақтап, жоғары дәрежеге көтерген. (Мұны «Аяз
би» ертегісінен айқын көруге болады). Сөйтіп, ертегі
айтушылар өздерінің таптық көзқарастарын білдіріп
отырған.
Достарыңызбен бөлісу: