Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет44/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Аңыз әңгімелер 
Қазақ халкының оқиғасын реалистік болмыстан
шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем 
шығармаларының елеулі бір саласы – аңыз-әңгімелер. 
Аңыз-әңгімелердің алғашқы үлгілері халық үшін қызмет 


еткен және тарихта болған адамдардың, ісін, өмірін 
әқгімелеу негізінде туған. Мұндай адамдардың халыққа 
қамқор болып, халық намысын қорғағаны, бұл жолда 
жасаған әр алуан істері ел аузында аңыз-әңгімеге айналып, 
ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Олардың аты, ісі ерте кезде 
жазу-сызу өнері болмағандықтан хатқа түспеген, тек 
халықтың аңыз-әңгімелерінде сакталған. 
Сондықтан да әуел басында тарихи шындыққа, 
нақтылы деректерге негізделіп туған әңгімелер кейіннен 
халықтың ауызша айтатын аңыздары болып кеткен. Бұл 
әңгімелер бертін келе әр түрлі коғамдық жағдайларға
халық тілегіне сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған, оған бергі 
заманның өмір шындығынан туған жаңа оқиғалар, 
көзқарастар 
қосылған. 
Солардың 
бәрінде 
жаңағы 
адамдардың аттарын айнытпай сақтай отырып, соңғы 
кездің тілектерін көрсететін аңыздар да туған. Мысалға, 
Алдар көсе жайындағы қазақ аңыздарын алсақ, оларда әр 
заманның ізі жатқанын байқаймыз. Онда хандар билеген 
заманның да, бертінде байлар мен сәудегерлер әкімдік 
еткен дәуірдің де елестері бар. Бұдан, бір жағынан, Алдар 
көсеге байланысты аңыздардың ерте заманда туғандығын 
аңғарсақ; екіншіден, бергі кездің де жай-жапсары 
суреттелгенін көреміз. Ел қиялы ертедегі Алдар көсені 
бергі заманға алып келгенде, бұрынғы аңыздардың 
кейіпкерлері арқылы соңғы кездің суретін беруді мақсат 
еткен деуге болады. 
Аңыздардың әңгімесі тарихта болып өткен адамдар 
жайынан алынады дегенді біз шартты түрде (условно) 
айтамыз. Өйткені қазақтың аңыздарында аталатын Алдар 
көсе, Асан-Қайғы, Жиренше туралы тарихи деректер жоқ, 
тек аңыз-әңгімелер бар. Олардың қай ғасырда жасағанын 
да дәлдеп айту қиын. Бірақ солардай адамдар тарихта 
болуы мүмкін. Ерте кезде жазу-сызуы болмаған халық 
жаңағы адамдар жайында тек аңыздар қалдырған, онда 


тарихи адамдарды ауыз әдебиетінің кейіпкері етіп 
жіберген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет