Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет46/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

 
Асан қайғы 
Қазақ арасына ерте кезде тараған және әр түрде 
айтылып келген аңыз әңгімелердің бір тобы Асан қайғыға 
арналады. Халықтың аңыз-әңгімелері Асанды да елдің ер 
жігіті, көпшілік қамын ойлаған ақылды азаматы етіп 
бейнелейді. 
Асан қайғыны сөз еткенде, кейбір ғалымдар оны 
тарихта болған адам және Жәнібек ханның (XV ғасыр) 
тұсында өмір сүрген деседі. Бірақ бұған келтірер тарихи 
дәлел, дерек жоқ. Сондықтан да біз Алдар көсе секілді, 
Асан қайғыны да аңыз-әңгімелердің жағымды кейіпкері 
дей аламыз. Халықтың аңыз-әңгімелері Асан қайғыны, ең 
алдымен ел үшін қызмет еткен, халық қамын ойлаған ер-
азамат, әрі әнші, домбырашы, әрі талапкер, тапқыр, әрі 
құралайды көзге атқан мерген етіп көрсетеді. Халық 
аңыздарында оның аты Асан болады. 


Асан қайғы жайында шығарылған аңыз-әңгімелер 
тақырыбы жағынан болсын, мазмұны жағынан болсын әр 
алуан және мол дүние. Бұлардың ішінде халықтық ортада 
туғаны да, оған кейіннен феодалдық қауым қосып 
таратқандары да бар. Және бұл екеуінің Асанды бейнелеуі 
де екі түрлі. Халықтың аңыздарында Асан ел сүйген, 
көпшілік қамын ойлаған ер азамат болып келеді. Осы 
тұрғыдан оның халық үшін жасаған істері суреттеледі. 
«Асан мен Ежен хан» дейтін аңыз Асанның жігіт кезін 
елестетеді. Бұл кезде ол әнші, ақын, домбырашы, әрі 
мерген атанған талапкер жігіт болады. Ол өзінің әні, 
өлеңімен халықты сергітіп жүреді. Ит жүгіртіп, құс та 
салады, аң аулайды, кәсіп етеді. Осы іс, мінездерімен елге 
жағады. Осы кезде, бұрын қазақтың көп жерін тартып 
алған қалмақ ханы Ежен зілді жарлық шығарып, 
қазақтарға: «Жылқыларыңды кісінетпеңдер, мазамызды 
алдырмаңдар, бұл бұйрығымды орындамасаңдар, қатты 
жазалаймын», – дейді. Ел сасады, жылқыларды қайтіп 
кісінетпеу жолын таба алмай дал болады. Сол уақытта, 
қысылған халыққа Асан келеді, «бұл қатерден құтқарам» 
деп, қасына екі-үш жолдас алып Еженнің еліне тартады. 
Еженнің еліне ене бергенде, алдарынан үріп шыққан 
иттерді Асан қырып отырады. Бұл хабар ханға жетеді. 
Алдына келген Асаннан: «Иттерімізді неге қырдың?», – 
деп сұрайды хан. «Оның себебі бар. Мен қой бағып 
жүрдім, бір күні алдымдағы қойыма қасқыр шапты. Сол 
кезде мен айқайлап, ауылдағы иттерді шақырдым. Бірақ 
бірде-бір ит келмеді. Сонан кейін ит атаулыға өш болдым, 
қай жерде ит көрінсе, кұртармын деп өзіме өзім ант берген 
едім. Сіздің елдің иттерін де қыру себебім осы еді», – дейді 
Асан. «Ей, ақымақ, сенің алты қырдың астынан айқайлаған 
даусыңды иттер қайдан естісін», – дейді хан. «Я тақсыр, 
дұрыс айтасыз. Алты қырдың астында отырған сіздің елге 
біздің жылқыларымыздың кісінеген даусы қалай жетсін?» 


– дейді Асан. Хан сөз таба алмай, жеңіліп қалады, сейтіп 
Асан қаһарлы ханның жазасынан ел-жұртын қорғап 
қалады. Асан жайындағы халық аңыз-әңгімелерінің ең 
мағналы, маңыздысы – «оның мал өсіріп кәсіп еткен еңбек 
еліне шұрайлы жер, кең қоныс іздеуіне байланысты туған. 
Бұл ретте ол халық қамын ойлаған, шаруаға жайлы жер 
іздеген адам болып әңгімеге қосылады. Желмаясына мініп 
алып, Асан қазақ жерін шарлап шығады. Қай жердің 
қандай қасиеті барлығын, қай түлікке қай жер қолайлы 
екенін ақыл ретінде айта, бағалай отырады. Нұра өзенін 
көргенде: «Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен»; 
Шідертіні көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен, 
алты ай арықтатып мінген ат бір айда майға бітетін жер 
екен, бос жылқы шідерілеп қойғандай тоқтайтын 
жылқының жері екен»; Торғай өзенін көргенде: «Ақ 
шабағы май татыған, ағар суы бал татыған жер екен»; 
Қызылтауды кергенде: «Тау-тасы кеш болғанда ыңыранып 
жатады екен, тоқтысы да қысыр қалмайтын қойдың жері 
екен», – деп бағалайды. 
Бірақ бұл жерлер қаншама жақсы, төрт түліктің 
жайылымына 
қолайлы 
болғанымен 
Асанды 
қанағаттандырмайды. Ол «суы – сүт, жағасы – балқаймақ » 
өзенді аңсайды, шаруаға жай, жанға рақат жерді іздейді. 
Осындай жерді ол өзінің қиялымен ғана тапқан болады. 
Оның аты – «Жер үйек». Асанның қиялынан туған «жер 
үйек» – шаруа үшін аса қадырлы қоныс, көк орай 
шалғынды өріс, мыңға мекен болатын жер деп танылады. 
Ол осындай жерді қиялы арқылы таба тұрса да, оның 
шындығында болмағанына өкінеді. «Жер үйектей» жер 
болса, шаруаға ырыс бітер еді деп арман етеді. Бұл 
арманына ол кезде жете алмайтындығына қайғыланады, 
қапаланады. Осыдан барып, оның Асан атына «қайғы» 
деген сөз жалғанады да, «Асан қайғы» атанады. (М.Әуезов. 
Қазақ әдебиетінің тарихы. 1 том, 1948) Асанның қайғысы 


күйзеліп күңіренуден, сары уайымға салынып түңілуден 
туған қайғы емес еді. Оның қайғысы – жақсы үміт, 
болашақтан күткен арман есебінде келеді. «Жер үйектей» 
жер бүгін табылмаса, ертең табылады деген ойдан туады. 
Бұл ретте оның қайғысын оптимистік қайғы деуге болады. 
Халықтық ортада туған аңыз-әңгімелердің бәрінде 
Асан жайы осылай баяндалады. Асанды ел қамқоры деп 
ардақтайды. Оның алға қойған мақсатына жете алмауын 
халық сөкпейді, қайта Асанның арманы бүгін болмаса, 
болашақта жүзете асады деп сенім білдіреді. 
Асан жайындағы халықтық аңыз-әңгімелердің мәнін 
қанаушы тап та, кейіннен, ұлтшыл-байшылдар да 
төмендетуге тырысты. Олар халықтың ардақты азаматы 
болған Асанға жала жабуға дейін барады, Асанды хан 
сарайының жоқшысы етпек те болады. Және де олар «Асан 
қайғы айтыпты» деген атпен халық мүддесіне жат 
әңгімелер шығарады. «Асанның Жәнібек ханға айтқаны» 
дейтін әңгімеде немесе Бұхар жыраудың толғауында 
Асанды хандық құрылысты қорғаушы, соның қаймағы-
бұзылмауын көксеуші, яғни өз адамы етіп, көрсетушілік 
орын алады. Асан жайында феодалдық ортада туған бұл 
әңгімелерді халыққа жат және қанаушы таптың қоспасы 
деуге болады. Сонымен, Асан жайында бір-біріне қарама-
қарсы бағытта шығарылған аңыз-әңгімелер бар екенін 
көреміз. Мұның ішінде көркемі де, күрделісі де халықтікі. 
Олай болса, біз сол халық шығарған аңыздарды, халық 
ардақтаған Асанды аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет