Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер
Қай халықты алсақ та, оның ертеден келе жатқан
әдет-салты, ырым-кәдесі бар. Соның бірі – қыз ұзату, келін
47
С.Сейфуллин, сол кітабы,129- бет.
түсіру, – жастарды үйлендіруге байланысты туған. Мұндай
салт қазақта да бар және ол әріден келе жатыр.
Қазақ халқы ерте кезде тұрмыс-тіршілігінде орын
алған салтының қайсысын болса да ойын-сауық етіп
өткізуге тырысқан. Оның бәрін өзінің ән-күйімен, өлең-
жырымен есте қалдырған. Мұны үйлену салты жайынан да
көруге болады.
Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру – жастарды
үйлендіру салтына байланысты туған ауыз әдебиетінің
ұсақ түрлерін талдамастан бұрын, сол салт туралы аздаған
деректер бере кеткен қажет. Өйткені мұндай өлеңдердің
көпшілігі
сол
ескі
әдет-салттың
және
оны
шығарушылардың идеясын білдірген.
Арғы шыққан уақытын, нақтылы туған мезгілін және
қай дәуірде қалай дамығандығын дәлдеп көрсете
алмағанмен, Октябрь революциясына дейін қазақта үйлену
салтының бірнеше түрі болғаны мәлім. Бұл ретте доцент
Б.Кенжебаев
көңіл
аударарлықтай
біраз
фактілер
келтіреді
48
. Оның айтуынша, қазақтардың ертедегі
тұрмысында құда болу, қыз ұзатып, келін түсіру әдет-
салты болған. Халық ортасында туған бұл салтты кейіннен
сол кездерде билік еткен үстем тап пайдаланып, оны
ақсақалдық-рушылдық жол-жоба, заңына айналдырған,
өздерінің консервативтік идеясын қосқан. Мұндай әдет-
салттың қазақта Октябрь революциясына дейін басты үш
түрі болып келген. Біріншісі – бел құда немесе ежеқабыл
деп аталған. Бұл әдет-салт бойынша, жастардың ата-
аналары балаларын тумай тұрып атастырып қойған;
бірінен ұл, бірінен қыз туса, құда боламыз деп уәделескен;
тумаған, әлі дүниеге келмеген балаларына құда түсіп,
ырымдарын жасаған; ол балалардың не өлі, не тірі
48
Б.Кенжебаев, Қазақ әдебиетінің тарихы. 1том, 1948ж,
Алматы.
боларын еске алмаған. Мұның мысалы «Қозы Көрпеш-
Баян сұлу» жырынан көрінеді. Екіншісі – бесік құда деп
аталған. Бұл әдет-салт бойынша, жастардың ата-аналары
балаларын бесікте жатқан кезінде-ақ атастырып, құда
болысқан. Алысатын, не берісетін қалың малдарын
белгілесіп, оны төлей бастаған. Ал бесікте жатқан
балалардың ер жетіп ес білген кезінде бір-бірін ұнататыны,
не ұнатпайтынымен ата-аналар санаспаған. Үшіншісі –
қарсы құда деп аталған. Екінші сөзбен айтқанда, өзара
адам айырбасын жасаған.
Қазақтың ескі әдет-ғұрпынан, салтынан кейін
үстемдік еткен таптың ақсақалдық-рушылдық жол-жобаға
айналдырған заңынан ерте кезде жастардың бас еркі
болмағандығы айқын көрінеді. Сондықтан да, жастар
теңіне қосылып, сүйгеніне бара алмаған. Олардың
тағдырын, жарқын үмітін, болашақ өмірін әділетсіз әдет-
ғұрып, ескілік заң билеген. Мұның үстіне, ол заманда
жастардың, әсіресе, қыз балалардың, бағасы малмен
есептелген. Қыздарды зар жылатып, малға сатқан, қалың
мал алған, оларға зорлық істеп, өміріне қиянат жасаған;
қартайған байлар қалың малды матап беріп, жас қыздарды
әйелдікке алған. Қалың малдың мөлшері де әр түрлі болып
келген. Қыздың ата-тегіне, туысқандарының әл-ауқатына,
тұрмысына қарай қалыңға төленетін малдың саны жеті, он
жеті, жиырма жеті, отыз жеті, қырық жеті болып
белгіленген. Қалың малға тек ірі мал алынған.
Бұлармен қатар, ескі заманда қазақ арасында үстем
тап шығарған әменгерлік, жесірлік деп аталатын заң
болған. Ол заңның ұйғарымдары, бүгінгі күннің
тұрғысынан қарасақ, өте қатал, жантүршігерлік екендігін
байқаймыз. Мәселен, он бес-он алтыдағы жас баланың
қырықтарға келген ағасы қайтыс болса, одан қалған әйелді
жаңағы жас балаға қосқан. Егер ол бала тіпті жас болса,
онда жеңгесі оның өсіп, ер жетуін күтіп отырған, содан
кейін оған тиген. Ал өлген ініден қалған келінді жасы
үлкен аға әйел етіп алған. Бұлардың бәрін жоғарыда
аталған әмеңгерлік, жесірлік заңы «аға өлсе, жеңге мұра,
іні өлсе, келін мұра» деп ақтаған, мұны сол кездің салтына
сыйдырған. Еріксізден қосылатын жеңге мен інінің немесе
аға мен келіннің жас айырмашылықтарына, бірін-бірі
сүйер-сүймесіне қарамаған, онымен санаспаған.
Сөйтіп, қазақтың ескі тұрмысында орын алған, арғы
негізі халықтық ортада туған үйлену салтының кейбір
бастыларын сол кезде үстемдік еткен билеуші тап
қолданып, белгілі жол-жоба, заңға айналдырған. Мұндай
заңдар жүзеге асып тұрған заманда жастарға, әсіресе
қыздарға, шексіз зорлық, көп қиянат жасалған. Бұған разы
болмаған талай жастар өмірін өкінішпен, қайғы-қасірет
тартып жылаумен өткізген, кейбіреулері мұндай халге
шыдай алмай, өзін-өзі өлтіруге дейін барған. Жастар,
әрине, ол кезде әділетсіздікке қарсы күрес жолын таба
алмаған. Олардың осындай ауыр жағдайын көрген Абай:
«Етімді шал сипаған құрт жесін деп,
Жартастан қыз құлапты терең суға»
49
, –
дейтіні осыдан. Бұл сол кездегі әділетсіздікке, қалың
малға, зорлық жасап жастарды жылатушылыққа қарсы
білдірген халық наразылығының бір көрінісі еді.
Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру – жастарды
үйлендіру салтына байланысты туған және соларды
елестететін өлеңдердің бірнеше ұсақ түрлері бар. Олардың
қайсысы болса да әр кездің жағдайына қарай өзгеріп,
дамып отырған. Сонымен қатар, ол өлеңдер арқылы белгілі
қоғамдық ортаның, таптың идеясы, көзқарасы берілген.
Осы аталған өлеңдердің тобына жататын «Той бастар»,
«Жар-жар», «Сыңсу», «Бет ашар» т.б. өлеңдерінің
халықтық жақтары болуымен қатар, халықтың тілегіне
49
Абай, Толық жинақ, 1945 ж, 180-бет.
қайшы келетін, кертартпа сипаты барлығын да есте ұстау
керек. Бұларды сын көзімен қарастырып талдау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |