Мен жұртыма жау ма едім,
Айналайын,
ел-жұртым,
Не болар менің заманым!
Дәуренім менің өткен соң,
Бұралқы иттей кеткен соң,
Естіле жүрер дейсіз бе,
Не болып жүрген хабарым.
Заманым қиын болар-ау,
Көкірекке қайғы толар-ау,
Ел-жұртым, сенен айырылып,
Санамен жүзім солар-ау.
56
–
деп, ұзатылып бара жатқан қыз көңіл шерін толғайды. Бұл
зар қаншама ащы, аянышты болғанымен де, ескі әдет-
ғұрып, әділетсіз заңға сүйенген заманда,
әйел мұңы
ескерілмеген, аяққа басылған. Солай бола тұрса да, сыңсу
өлеңдері ерте кездегі әйелдердің хал-жайын суреттейтін,
ескілік жол-жобаға қарғыс айтқан, қарсылық білдірген
шығармалар болып табылады.
Сыңсу аяқталғаннан кейін, ұзатылып бара жатқан
қызға ақыл-өсиет айтылған. Мұны жұбату деп атайды.
Жұбатуды, әдетте, ауыл ағасы, беделді адамдар айтқан.
Жұбату
өлеңдері, бір жағынан, ұзатылып бара жатқан
қыздың көңіліндегі қайғы-зарды жуып-шаю мақсатын
көздесе; екіншіден, қыздың жаңа жерге барғанда
атқаратын міндеті, мінез-құлқы қандай болу керектігін
насихаттаған, жол-жоба көрсеткен. Мәселен,
жұбату
өлеңінің бір түрі:
Жылама, бикем, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама,
Ұл боп тусаң әуелден,
Сені мұндай қыла ма!
Көзді жаспен бояма,
56
С.Сейфуллин, сол кітабы 63- бет.
Біз бермейік десек те,
Мал бергенің қоя ма?
57
–
деп басталады да, «ата-ананың жолын», ескі әдет-ғұрыпты
ақтауға тырысады. Содан кейін, ұзатылғалы отырған
қыздың болашағы, ендігі өмірі қалай болу жайын үгіт
ретінде айтып шығады. «Жарыңа қосыласың, мал-
малданып, жан-жанданып жеке үй боласың, әлдилеп бала
сүйесің» деген секілді
көңіл жұбататын өсиеттер
айтылады:
Тілеулі, құтты тойыңда,
Көп жылауды қойыңыз.
Жыламай құлақ салыңыз,
Бұл сөзіме наныңыз,
Мен айтамын өсиет –
Тыңдап ұғып алыңыз.
Мұнан көшіп кетерсің,
Шын еліңе жетерсің,
Тең құрбың шықса алдыңнан,
Ойын-күлкі етерсің.
Құрбы келсе, күлгейсің,
Әдеппенен жүргейсің,
Салмақпенен сөз сөйлеп,
Жақсы жауап бергейсің
58
, –
деп келеді де, бұдан ары қарай ақыл-өсиет созыла береді.
Онда айтатыны: үй ішің, ата-анаңмен, ағайын арасымен
тату-тәтті, әдепті бол, үлкенді сыйла, салдыр-салақ болма,
мал-мүлкіңді шашпа, тазалық сақта,
оқыс мінез көрсетпе,
өтірік-өсек айтпа, жарлыларға көз қырыңды салып жүр,
сараң болма!
57
С.Сейфуллин, сол кітабы, 64- бет.
58
С.Сейфуллин, сол кітабы, 64- бет.
Белгілі дәстүрге айналған жұбату, ақыл-өсиеттерде
айтылатын негізгі әңгімелер осы тәрізді болып келеді.
Әрине, бұл өлеңдердің халықтық сипаты барлығын,
халықтың мінез-құлық жайындағы ойын,
көзқарасын
білдіретіндігін жоққа шығаруға болмайды. Ұзатылып бара
жатқан қызға «жақсы бол» деп ақыл айту, өмір соқпағын
көрсету, болашағында не істеу керектігін түсіндіру – халық
ұғымына қиғаш келмейді. Бұдан, әрине, жұбату
өлеңдерінің қайшылығы жоқ деген ұғым тумайды. Ескі
әдет-ғұрыпты, «ата-ана жолын» ақтауға тырысуы,
әйелдердің әлеуметтік дәрежесі ерлермен бірдей емес деп
көрсетуі жұбату өлеңдерінің халық қабылдамайтын,
халықтың
көзқарасына, ой-тілегіне қарама-қарсы келетін
ұғымдар болып табылады. Мұндай жат ұғымдарды үстем
таптың қоспасы деп түсіну қажет.
Достарыңызбен бөлісу: