Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар


Көпшілік билік барлық мемлекет аумағындағы тұрғындарға мемлекет атынан жүргізіледі



бет14/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65
МҚТ КІТАПША

Көпшілік билік барлық мемлекет аумағындағы тұрғындарға мемлекет атынан жүргізіледі. Бұл көпшілік саяси билікке басқару және билік органдары жатады. Қоғамды басқарудың арнаулы аппараты болады. Бұл күштеу аппаратына-сот, прокуратура, ішкі істер органдары т.б. және жазалау шараларын іске асыратын органдардың (әскер,түрме) болуы. Мемлекеттегі басқару аппаратына байланысты ерекше адамдар тобы пайда болады.

  • Тұрғындардың аумаққа бөлінуі және сол аумақ ішінде көпшілік биліктің іске асырылуы. Кез-келген мемлекеттің өз аумағы болады. Соған байланысты сол аумақта тұрған тұрғындар сол мемлекетке қарайды. Мемлекет олармен қарым-қатынастарын реттеп отырады.Бұл мемлекет аумағындағы басқаруды мемлекеттік билік іске асырады. Мемлекет өз аумағындағы тұрғындарды өз билігі арқылы қорғап,қолдап отырады.

  • Мемлекеттің егеменділігі. Мемлекеттің халықаралық қатынастарда басқа мемлекеттерге тәуелсіздігі. Мемлекеттегі жоғарғы билік сол аумақтағы тұрғындар үшін жалғыз билік көзі. Мемлекеттік билік заңнан тыс кез-келген билікті танып не өзгерте алады.Сол үшін оның күштеу құралдары мен әдістері болады. Мемлекеттік биліктің біртұтастығын көрсететін біртұтас мемлекеттік органдар жүйесі болады. Мемлекеттік билікте өз істерін өз бетінше ешкімнің қол сұғуынсыз өзі шешеді.

  • Құқық және заңдардың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды. Мемлекет пен құқықты бір-бірінен ажырата алмаймыз. Кез келген мемлекет өзінің нормативті-құқықтық актісімен мемлекеттік билікті бекіте отырып, мемлекеттік саясатты іске асырады. Құқық саясатты заңдандара отырып, демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастырады. Тек мемлекет қана жалпыға міндетті нормативті актілерді: заңдарды, бұйрықтарды, қаулыларды т.б. қабылдай алады.

  • Салық және салық жүйесінің болуы. Мемлекет тұрғындарының кірісінен қайтарымсыз алынатын салықтар мен әртүрлі алымдардың алынуы. Мемлекет салықтар мен алымдар арқылы мемлекеттік аппаратты ұстайды, көпшілік саяси билікті қамтамасыз етеді және қоғам үшін пайдалы еңбекке жұмсайды. Осы белгілеріне қарап мемлекетті қоғамдық ұйымдардан ажыратамыз. Мемлектті тәуелсіз көпшілік билігі бар, белгілі бір аумақта қоғамды басқаратын, қоғамдық пайдалы қызметті атқарушы және мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз ететін аппараты бар, жалпыға міндетті заңдар мен актілер шығарушы саяси ұйым ретінде танимыз.

    Мемлекеттік билікті іске асырудың өзіне тән әдістері бар. Бұл әдіс- тәсілдердің әртүрлілігіне қарамастан, мемлекеттік билікті іске асырудың дәстүрлі әдістеріне мыналар жатады:

    1. Сенім әдісі. Бұл әдісті пайдалана отырып, жеке адамның сана-сезіміне идеялық-адамгаршілік құралдармен әсер етіп, қажет түсінікті қалыптастырады. Бұл жерде идеологияның маңызы зор.



    2. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет