Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар



бет17/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65
МҚТ КІТАПША

Азаматтық қоғам қоғамдағы экономикалық, рухани – адамгершілк, діни, ұлттық қатынастардың жиынтығы. Азаматтық қоғамның басты идеясы - адам идеясы болып саналады. Азаматтық қоғам құрылысы өте күрделі. Бұл қоғам барлық азаматтарға қоғамдық және мемлекеттік істерге қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мемлекет өз тарапынан адам құқығы жөніндегі халықаралық танылған ережелердің орындалуын бақылайды.
Азаматтық қоғам дегеніміз - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік – экономикалық, отбасылық қатынастардың жиынтығы, осы институттар арқылы жеке адамдар және олардың топтарының мүдделері қорғалады. Сонымен, азаматтық қоғам экономикалық, саяси, рухани қатынастардың жиынтығы.

Азаматтық қоғамға тән белгілер мыналар:


  1. адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кең түрде қамтамасыз етілуі;

  2. қоғамның өзін – өзі басқаруы;

  3. адамдардың әртүрлі топтары мен оның құрылымының арасында бәсекенің болуы;

  4. экономиканың көп укладтылығы;

  5. ерікті түрде қоғамдық пікір мен саяси плюрализмнің еркін түрде қалыптасуы;

  6. адам құқығының жариялылығы;

  7. мемлекет пен қоғамдағы істер жөнінде азаматтардың хабардар болуы;

  8. биліктің заңды және демократиялық мәнде болуы;

  9. құқықтық мемлекеттің орнауы;

  10. адамдардың лайықты өмірін қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясатының болуы;

  11. заңдардың әділеттілігі және олардың мүлтіксіз орындалуы.

Азаматтық қоғамның тіршілік ету салалары:


а) әлеуметтік;
ә) экономикалық; б) саяси;
в) рухани – мәдени; г) хабар саласы.

Азаматтық қоғам құрылымы түрлері:


  1. мемлекеттік емес, әлеуметтік – экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);

  2. мемлекетке тәуелсіз өндіріс иелерінің жиынтығы (жеке фирмалар т.б.);

  3. қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;

  4. саяси партиялар мен қозғалыстар;

  5. тәрбие және мемлекеттік емес білім саласы;

  6. мемлекеттік емес бұқаралық хабар құралдарының жиынтығы;

  7. отбасы;

  8. шіркеу, мешіт, синогога және т.б.

Сөйтіп, азаматтық қоғам дегеніміз ерікті демократиялық құқықтық қоғам. Қабылданған демократиялық заңдар барлық азаматтардың теңдігі мен ол заңдарды орындау міндеттілігін қадағалайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет