Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар


Құқық пен моральдың жалпылама ерекшіліктері



бет22/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65
МҚТ КІТАПША

Құқық пен моральдың жалпылама ерекшіліктері:


а) әлеуметтік нормалар жүйесіндегі ең көп қоғамға таратылған жүйелер; ә) олардың жалғыз реттеу объектісі – қоғамдық қатынастар;
б) олардың қоғамнан шығатындығы.

Құқық пен моральдың өздеріне тән айырмашылықтары да бар:


  1. пайда болу жағынан: мораль – қоғаммен бірге пайда болса, құқық – мемлекетпен бірге пайда болады;

  2. көрінісі жағынан: мораль – қоғамдық санада көрінсе, ал құқық жазбаша түрде арнаулы актілерде көрінеді;

  3. іс - әрекет саласы бойынша: мораль барлық қоғамдық қатынастарды реттесе, ал құқық тәртіптілікті қажет ететін саланы реттейді;

  4. іс - әрекет ету уақыты бойынша: мораль нормалары ұғыну бойынша енгізілсе, ал құқық – нақты белгіленген мерзімде енгізіледі;

  5. қамтамасыз ету әдісі бойынша: мораль нормалары қоғамның әсерінен қамтамасыз етілсе, құқық нормалары мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі;

  6. құндылық өлшемі бойынша, мораль қоғамдық қатынастарды қайырымдылық және зұлымдық, әділеттілік және әділетсіздік тұрғысынан реттесе, ал құқық – заңды және заңсыз, құқықтық және құқықтық емес жағынан реттейді.

Діни нормалар деп әртүрлі дінге сенушілердің бекіткен және дін иелерінің міндетті түрде орындауына жататын ережелер. Олар Құранда, Суннада, Талмурда т.б. діни кітаптарда көрсетілген. Осы діни нормалары арқылы діни – салт дәстүрлерді өткізу тәртібі, шіркеу қызметінің тәртібі, діни ұйымдарды ұйымдастыру және оның қызметі, тәртібі анықталған. Бұл діни нормалар тұтас дәуірлер бойы заңды мәнге ие болып, саяси – мемлекеттік, азаматтық – құқықтық, отбасы – неке т.б. қатынастарды реттеген.
Қазіргі кезде көптеген мұсылман елдерінде Құран мен Сунна негізгі діни, құқықтық және моральдық қатынастырды реттеуде. Бұл діни нормалар мұсылмандардың өмірінің барлық жағынан қамтыйды. Діни бірлестіктер заңды тұлға статусына ие бола алады. Олар храмдар, сыйыну үйлерін, оқу орындарын аша алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет