Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар


Құқықтық қатынастың субъектісі



бет33/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65
МҚТ КІТАПША

Құқықтық қатынастың субъектісі – бұл субъективтік құқыққа және заңды міндеттерге ие құқықтық қатынасқа қатысушылар, яғни жеке адам және заңды тұлға.

Құқықтық қатынастар субъектілерінің мынадай түрлері бар:


  1. Жеке тұлға, бұған: азаматтар, екі азаматтыққа ие тұлғалар, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдіктер жатады. Шет елдің азаматтары толық құқықты, тек олар сайлауға қатысуға, сайлануға, әскер қатарына шақырылуға құқығы жоқ.

  2. Ұжымдық түрге мемлекет жатады. Мемлекет халықаралық – құқықтық қатынасқа басқа мемлекеттермен мемлекеттік ұйымдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен (жеке фирмалар, коммерциялық банктер, қоғамдық бірлестіктер т.б.) түскенде пайда болады.

Құқықтық қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеті және әрекеттілігі қалыптасуы керек.
Құқықтық қабілеттілік дегеніміз жеке адамның құқықтар мен міндеттерге ие болуы.
Әрекет қабілеттілік дегеніміз жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттерін іске асыруы, оларды орындау қабілеті. Әрекеттің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормада белгілі енген жасқа толу.
Құқық субъектілерінің шарттар жасап, басқа да келісімдер жүргізуге болатын мүмкіндігі келісім қабілеттілігі деп аталады.
Он төрт жас пен он сегіз жас арасындағы адамдар шектеулі келісім қабілетіне ие болады. Олар үшін келісімді ата-аналары, асырап алушылары, не болмаса қамқоршылары жасайды. Толық келісім қабілеттілік он сегіз жастан пайда болады. Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік тығыз байланыста болады. Оларға заң актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса ешкімге шектеу қойылмайды.
Құқық субъектіліренің тәртіп бұзғаны үшін заңды жауапқа тартылуын құқықтық жауаптылық мүмкіндігі деп аталынады.
Құқықтық қатынастың объектісі – бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің бағытталған нәрселер, яғни қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, еңбектік т.б. қарым- қатынастар.
Құқықтық қатынастар объектісі – тек қоғамдық және жеке тұлғалардың іс-әрекеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет