Теориялық жүйеде бірнеше негізгі құқықтық реттеу әдісін көрсетеміз:
сі, автономиялық немесе диапозитивті әдіс, бұл меншік құқығы саласында қолданылады; 2-сі, жария құқық шеңберінде қолданылатын авторитарлы әдіс.
Автономиялық әдіс – бұл қоғамдық қатынасқа қатысушылардың заң шеңберіндегі бір – бірімен ара қатынасындағы іс - әрекеттерін өз бетінше анықтауға мүмкіндік беруі. Бұл жағдайда екі жақ тең құқықты субъект ретінде көрінеді. Олардың ерікті түрде келісімге келе отырып, бір-біріне деген міндеттемені алуы. Мысалы, акционерлер бір – бірімен қатынасқа құрылтай шарты арқылы түседі.
Авториталы әдіс немесе императивті әдіс құқық қатынасқа түсуші субъектілердің нақты құқықтары мен міндеттерінің пайда болу тәртібі, тиым салу, жазалау негізі түрінде пайда болады. Мысалы, мемлекеттік билік
органдарына, сот органдарына сайлау құқығы, әкімшілік іс-әрекетке жауаптылық, жасалған қылмысқа қылмыстық жауаптылық, салық жинау тәртібі т.б.
Негізгі әдістердің біріне көтермелеу әдісі жатады. Ол заңға лайықты жүріс- тұрысты марапаттау әдісі.
Келесі негізгі әдістердің бірі – ұсыныс әдісі. Бұл қоғам мен мемлекет үшін қажет ұсынылатын кеңес әдісі. Бұл пайдалы мінез-құлық пен іс-әрекет түрлерін ұсынады.
Заң құқық сияқты өзінің ішкі құрылымына байланысты өз жүйесін құрайды.
Заңның құқықтан мынадай айырмашылықтарын атап кетеміз:
а) құқық жүйесінің негізгі элементі норма болса, ал заң жүйесінің негізгі элементі нормативті акті болып саналады.
ә) құқық жүйесі мазмұны жағынан жинақталса, ал заң жүйесі форма түрінде көрінеді.
б) құқық жүйесі қоғамдық қатынастарға сай шынайы түрде қалыптасса, заң жүйесі заң шығарушыға байланысты жасалынады.
в) құқық жүйесі бастапқы мәнге ие болса, ал заң жүйесі туынды болып саналады.
г) құқық жүйесінің заң жүйесінен көлемі жағынан да айырмашылығы болады.
Заң жүйесі тек заңдарды жинақтап реттесе, ал құқық жүйесі құқықтық салт – дәстүрлерді, нормативті актілерді, заң прецедентін қамтыйды. Сонымен бірге, нормаларымен қатар тараулардың, бөлімдердің, басылымдардың аттарын, преамбуланы т.б. өзіне енгізеді.
Мемлекеттегі заңдарды дұрыс пайдалану үшін әртүрлі құқықтық нормалар мен құқықтық актілерді белгілі бір жүйеге жинақтайды. Заңдарды жүйелеу – бұл тәжірибеде лайықты пайдалану үшін нормативті актілерді ретке келтіру.
Достарыңызбен бөлісу: |