Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар


Құқықтық қатынастың пайда болуының негізгі екі түрін анықтаймыз



бет32/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65
МҚТ КІТАПША

Құқықтық қатынастың пайда болуының негізгі екі түрін анықтаймыз:


    1. Материалдық (жалпы) түріне адамдардың қажеттілігіне және өмірдегі мүдделеріне сай пайда болатын құқықтық қатынастар. Бұл әлеуметтік – экономикалық, мәдени т.б. жағдайларда құқықтық реттеуді немесе қоғамдық реттеуді қажет еткен кездерде пайда болады.

    2. Заңды (арнаулы) түріне жататындар:

құқық нормасы, құқық субъектісі, заңды айғақ, яғни нағыз өмірдегі құбылыстар жатады. Жоғарыдағы шарттарсыз құқықтық қатынастың пайда болуы мүмкін емес.

Құқықтық қатынастың түрлері:


  1. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтық жүйе – саласына сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді. Салалық белгілеріне қарай

құқықтық қатынастар конституциялық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық т.б. болады.

  1. Құқықтық норма атқаратын ісіне қарай екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.

  2. Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпы және нақты. Жалпы түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.

  3. Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына қарай екіге бөледі: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық, бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқықтары мен міндеттері бірдей болады.

  4. Мәні жағынан құқықтық қатынастар материалдық (қаржылық, еңбек және т.б) және іс жүргізу (қылмыстық-іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу және т.б.) болып бөлінеді.

Құқықтық қатынастың құрылымы күрделі элементтер жүйесінен тұрады: құқықтық қатынас субъектісі, құқықтық қатынас объектісі, субъективті құқық, заңды міндеттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет