құқық субъектілерінің мүддесін қамтамасыз ету үшін құқықтық әдістерді қолдану;
құқықтық, құқықтық реттеудің, құқықтық тәртіптің негізгі бөліктері ретінде көрінуі;
заңды күшінің болуы және мемлекеттің қолдауы.
Құқықтық құралдардың түрлері:
Құқық салаларына байланысты – конституциялық, әкімшілік т.б. болып бөлінуі.
Сипатына байланысты – материалдық және процессуалды-іс – жүргізу.
Қызмет роліне байланысты – реттеушілік және қорғаушылық.
Ақпараттық-психологиялық бағытына қарай – ынталандыру және шек қою болып бөлінеді.
Заң құралдары құқықтық реттеуге және құқықтық әсер етуге қатысады.
Құқықтық реттеу дегеніміз – бұл қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру, барлық құқық құралдарының әсер етуі.
Сөйтіп, құқықтық реттеу дегеніміз мүмкін және мүмкін емес тікелей жазбаларға қатысты, субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің белгілеуіне байланысты, құқықтық қатынастар арқылы іске асырылатын арнаулы – заңның әсер етуі.
Құқықтық әсер ету дегеніміз – бұл қоғамдық өмірге, адамдардың санасына және мінез-құлқына құқықтық әсер етуі.
Құқықтық әсер ету құқықпен реттелмейді, тек оған әсерін тигізеді. Бұл құқықтық ғана емес, экономикалық, саяси, әлеуметтік қатынастарға әсер ету.
Құқықтық реттеудің мақсаты – қоғамдық қатынастарды тәртіпке салу, субъектілердің позитивті мүдделерінің іске асырылуын қамтамасыз ету, басқару процесіне, заңды және жеке тұлғалардың құқықтық мүддесін қанағаттандыруына әсер ететін түрлі және көптеген кедергілерді жою.
Құқықтық реттеу механизмінің мақсаты – субъектілердің құндылықтарға жету мүдделеріне кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету, яғни олардың әділетті түрде мүдделерінің қанағаттандырылуын қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |