құқық нормаларында көрсетілуі;
көрсетілген нормаларды іске асыру нәтижесінде пайда болуы;
мемлекеттің қамтамасыз етіуі;
қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру үшін жағдай жасауы;
заңдылықтың қорытындысы ретінде көріну.
Сонымен, құқықтық тәртіп дегеніміз – қоғамдағы қатынастардың жүйе – салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы.
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің кепілдіктері:
Материалдық кепілдік – егерде субъектілер өзара қателіктер жіберсе, өздері келісімге келіп, нормативтік актіні дұрыс орындауға тиіс.
Саяси кепілдік – қоғамның саяси тұрақтылығы. Заңдылыққа, тәртіпке көп әсер етеді. Қоғамдағы барлық бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, саяси партиялардың дұрыс, жақсы жұмыс жасауына ықпал етуі.
Моральдық кепілдік – қоғамның инабаттылық, парасаттылық деңгейі жақсы болса, заңдылық, тәртіп те жақсы болуға тиіс.
Заңды кепілдік – бұған мемлекеттігі заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын арнаулы органдарының ролі, маңызы, әсері өте зор.
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің қарым-қатынасының көрінісі:
а) құқықтық тәртіп құқықтық реттеуді мақсат етіп қояды, сол мақсатқа жету үшін заңдар және нормативтік-құқықтық актілер қабылданады.
Заң шығармашылықты дамыту іске асырылады және заңдылықты бекіту шаралары қабылданады;
б) құқықтық тәртіпке жету үшін тек құқықтық реттеуді дамыту мен заңдылықты қамтамасыз етуден басқа тәсілдердің қажеті шамалы;
в) құқықтық тәртіптің нақты мазмұны заңдылықтың мазмұнына байланысты; г) заңдылықты бекіту құқықтық тәртіпті бекіту болып табылады.
Құқықтық тәртіп – бұл заңдылықтың толық, нақты орындалуы. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлеуметтік маңыздылығы мынада:
қоғамдық өмірдің бір қалыпты, тұрақты, жақсы дамуы;
мемлекеттік, қоғамдық т.б. ұйымдардың жақсы жұмыс істеуі;
барлық адамдардың құқығын, бостандығын дамыту және ұйымдар мен ұжымдардың мүдде-мақсатының дұрыс орындалуын қамтамасыз ету.
Құқықтық реттеу механизмі дегеніміз – бұл құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру үшін қолданылатын заң құралдарының жиынтығы. Қоғамдағы барлық тәртіп түрлері әртүрлі құралдармен реттеледі.
Мұндай заң құралдары мыналар: а) құқық нормалары;
б) құқықтық қолданушылық актілер; в) келісім түрлері;
г) заңды фактілер;
д) субъективтік құқық; е) заңды міндет;
ж) тиым салу;
з) түрлі жеңілдіктер; и) жәрдем ақы түрлері; к) жаза т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |