Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар


Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолына қарағанда европалық мемлекеттерінің пайда болып, қалыптасуының өз ерекшілігі болды



бет8/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65
МҚТ КІТАПША

Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолына қарағанда европалық мемлекеттерінің пайда болып, қалыптасуының өз ерекшілігі болды. Аз уақыт ішінде тарихи жағынан өзінен бұрын дамыған шығыстық елдерден басып озып, адамзат процесінің даму жолдарын анықтап берді. Европа территориясында мемлекеттің пайда болуына әсер еткен қоғамның тапқа бөлінуі еді. Мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен процесс «әскери демократия» болды. Осы кезеңде жерге жеке меншік дамыды, өндіріс құралы – малдар мен құлдардың еңбегін пайдалану күшейді.
Ежелгі Афинада рулық құрылыстың органдарына біртіндеп жаңа органдардың енуіне байланысты мемлекетке тән нығыз билік органдары келді.
«Қаруланған халық» орнына, халыққа қарсы тұратын қоғамға лайық емес, одан алыс «көпшілік билік» келді.
Қауымдық құрылыстың алғашқы кезеңінде–ақ қарапайым қауым мүшелерінен гөрі аристократтардың (батырлар,базилевстер) жерлері, құлдары, малдары, еңбек құралдары көп болды. Грецияда құлдық патриархалды мәнде дамыды. Текті аристократтар мен бұқара халықтың арасындағы тартыс өткір болды. Олар теңізде тонаушылық және саудамен байыған жеке меншік иелерімен біріге отырып жауапты мемлекеттік қызметтерді алды.Баяғы ру тектілері билігі жойылды. Афина мемлекеті таптық қайшылықтардан пайда болды.Біртіндеп жеке меншіктің қалыптасуы экономикалық билеуші тапты қалыптастырды. Бұл бәрінен бұрын көпшілік билік институтын алып келді. Сондықтан Афинаны мемлекеттің пайда болуының классикалық түрі деп атаймыз.
Ежелгі Спарта мемлекетінің пайда болуына түрлі себептер әсер етті. Спартандық қауым көрші аумақтарды жаулап алып отырды. Ол жердің тұрғындары жеке меншік емес,қауымдық құлдарға,яғни илоттарға айналды.
Олардың саны спартандықтардан да асып кетті.Сондықтан оларды басқару үшін жаңа билік органдары бар аппарат қажеттілігі туды.
Спартандықтардың өз ішінде мүлік теңсіздігін дамытпау үшін тең түрде жартылай ерікті тұрғындарымен бірге жер бөлініп берілді. Илоттардың үстінен мемлекет тарапынан өкілеттікке ие болған адамдар тұрды. Олар өте қатал террор орнатты. Оларға қарсы илоттар көтерілістер жасап отырды. Бұл қауіп қатал аристократиялық мемлекетті дамытты. Алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтары сақталынған қатал территориялық әдістерді пайдаланушы басқаруды алып келді. Бұл ру-тайпалық ұйымды жоюға мүмкіндік бермеді. Спарта мемлекетінің басында екі патша отырды.
Римде мемлекеттің және таптардың пайда болуы ұзаққа созылған процесс болды. Ол 200 жылға созылған римдік рулық – тайпалық қоғамның ерікті мүшелері мен плебейлер арасындағы күресте қалыптасты. Осының нәтижесінде Римдік қоғамдық ұйым демократиялық мәнге ие болды.Мысалы, барлық ерікті азаматтар тең құқылы болды,әрбір рим азаматы бір мезгілде жер иесі және жауынгер болу принципі бекітілді, қауым жерінің әлеуметтік саяси маңызы артты.
Мұның барлығы ерікті азаматтардың арасында мүлік пен әлеуметтік теңсіздіктің дамуын тежеді. Б.д.д. II ғасырдың соңында қауымдас шаруалардың бұқаралық жерсізденуіне байланысты жағдай өзгереді. Қалалар мен селоларды жаулап алу тоқтамады.
Мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізіп отырған римдік отбасының, жаулап алған аумақтарды басқаруға күші жетпеді. Осының барлығы б.д.д. II ғасырда күшті мемлекеттік аппаратты алып келді. Римде мемлекеттің құрылуы Грециядағы сияқты болды. Бірақ Римде бұл процеске плебейлер араласты. Римдік руға жатпайтын сырттан келген тайпалар өкілдерінің қолында сауда және өндіріс байлығы болды. Плебейлердің экономикалық билігі күшейді. Олардың текті римдік аристократ-патрицийлерге қарсы күресі мемлекеттің дамып, қалыптасуына алып келді. Франк мемлекетінің пайда болуының өз ерекшілігі болды. Герман тайпалары ұзақ уақыт бойы Римге құлдар әкелуші болды. Бұл Германияның біраз уақытқа дейінгі рулық құрылыс шеңберінде өндіргіш күштерін дамытты. Орта теңіз бойында құл иеленушіліктің сақталуы пайдасыз болды. Кедейленген қауым мүшелері байларға бағынашты болды,бұл шаруашылықтың ұжымдық түрін сақтады. Әскери қажеттілік, жартылай көшпелі отырықшы өмір, қоғамдық шаруашылық ұйымының ұйымдық түрінің құлдықты қажет етпеуі еді. Бұл феодалдық қоғамды алып келді. Рим империясының анағұрлым аумағын франктардың жаулап алуы, ру-тайпалық қоғамның билікті қамтамасыз ете алмауы еді. Ол мемлекеттің ерте феодалдық түрін дамытты. Осы қоғамдық құбылыстардың барлығы Рим империясының феодализмге өтуін тездетті. Осы жолмен Ежелгі Русь,Ирландия т.б.европалық мемлекеттер дамыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет