Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар



бет7/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65
МҚТ КІТАПША

Таптық қоғамдар бұдан 5 мың жылдан астам бұрын қалыптаса бастады.
Бұл алғашқы мемлекеттерге б.д.д. IV мыңжылдықтағы Мессопотания және Ніл аңғарында, III мыңжылдықтың орта шенінде - Инда бассейнінде, II мыңжылдықта – Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда,Финикияда,Оңтүстік Аравияда,Хуанхэ бассейнінде, б.д.д. Iмыңжылдықта және б.д. I мыңжылдығында Көне Дүние мен Орталық Американың территориясының үлкен бөлігінде пайда болған мемлекеттер жатты.

Мемлекеттің шығыстық жолының қалыптасуының ерекшілігі саяси билік иелері қандай да бір қоғамдық қызметті атқарады.Қауымның ішінде қоғамдық өнімнен алынған қор болды. Бұл қауым ішіндегі ерекше лауазымды тұлғалар тобын қалыптастырды. Олар қауымның әкімшілік, қазыналық, бақылаушы қызметтерін атқарады.


Кей жағдайда әкімшілік басқару діни салттармен бірге жүрді,бұл оның беделін көтерді. Мұның барлығы өз орындарын мұраға қалдыруға әкеп соқты. Бұл мемлекеттік билік аппаратын құрды.Сөйтіп,шығыстық мемлекеттік құрылымға тән нәрсе таптық басқару аппаратының, экономикаға бақылаудың, саяси және әскери қызметтердің болуы еді. Біртіндеп, бұл қызметтерді
атқарушылар ру-тайпалық тектілерінің әлеуметтік топтарына (топ,тап, кастаға) айналды.
Әкімшілік-мемлекеттік құрылым жеке меншікке (әсіресе,жерге) негізделді.
Экономика мемлекеттік және қоғамдық меншік түрде қалыптасты. Мемлекттік аппарат өкілдерінің сарайлары, асыл бұйымдары, құлдары болды. Қызметтен кеткен жағдайда дүниесінен, кей кезде өз бастарынан да айырылып отырған. Дегенмен, жеке меншік мемлекеттің экономикасына анау айтқан әсерін тигізе қойған жоқ. Қоғамдық өндіріске «ерікті» қауымдық еңбек шешуші әсер етті. Саудагер мен қалалық қолөнершілер тобы эконономиканың дамуына өз үлестерін қоса алмады.
Біртіндеп ұжымдық еңбек қызметі кооперациясының шеңбері өсті. Бұл қауымның үстінен қарайтын билік және басқару органдарының пайда болуына әсерін тигізді. Олар билеуші адамдар мен құдай арасындадағы өкіл болды. Олар билігін құдайдан алады деп есептелінді. Мұның барлығы биліктің орталықтануына алып келді. Осының нәтижесінде пирамидаға ұқсас құрылым пайда болды. Жоғарыда (көсемнің орнына) шексіз билік иесі монарх отырды, төменде (ақсақалдар және көсем кеңесінің орнына) монарх кеңесшілері,уәзірлер отырды. Олардан кейін төменгі шендегі біртіндеп рулық мәнді жоюшы чиновниктер және т.б. пирамиданың негізгі ауыл-шаруашылық қауымдары отырды.
Негізгі өндіріс көзі жер болды. Ол қауым меншігі болып саналды. Қауымдастар ерікті болып есептелінгенімен шын мәнінде мемлекеттікі болды. Сөйтіп,мемлекеттік билік бюрократтық чиновник аппараты мен оның басшысы шексіз билік иесі монархтың қолында болды. Шығыс елдерінің өз ерекшіліктері болды. Қытайда құлдық үй шаруашылағында дамыса,Египетте құлдар қауымдар мен бірге экономикаға өз үлестерін тигізді. Европалық антикадағы құлдық жеке меншікке негізделсе, ол Египетте көптеген құлдар мемлекеттің (фараонның) немесе храмның меншігі болды. Дегенмен, шығыстық мемлекеттердің бәріне бірдей тән ерекшіліктері де кездесті. Олардың барлығында бірдей абсолюттік монархия болды. Экономика негізіне мемлекеттік меншік түрі жатты,ал жеке меншік екінші орында қалды. Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы бойынша ру-тайпалық қауымнан біртіндеп мемлекетке өтті. Мұндағы мемлекеттің пайда болуының негізгі себептері мыналар:

    1. Ирригациялық құрылыстардың дамуына байланысты қажеттіліктен;

    2. Осы мақсатқа байланысты үлкен территориялар мен адамдар бұқарасын біріктіру қажеттілігінен;

    3. Осы бұқараны басқару үшін біртұтас орталықтан басқарудың қажеттілігінен пайда болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет