1.Алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік билік. 2.Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы.
Европалық мемлекеттердің пайда болуы. 4.Мемлекеттің шығуы туралы теориялар.
Алғашқы қауымдық құрылысқа тән этникалық ортақтық формасы - тайпа болды. Мұның мүшелері ру мүшелері сияқты қандас-туыстық байланыстармен бірікті. Бұл кезеңде өте күрделі құрылым: екі дуальдық- экзогамдық ру жаңа әлеуметтік қауымдық-тайпаның өркенін құрады. Ру - алғашқы тұрмыстық қауымдық демократия принциптері негізінде басқарылды.
Тайпаның әрбір ересек мүшесі рулық кеңесте, сондай-ақ тайпалық кеңесте де өз пікірін еркін айтуға мүмкіндігі болды. Ақсақалдар мен әскери көсемдер өз қызметіне сайлану құқығы бойынша келді.
Осы демократиялық ру-тайпалық өзін-өзі басқару әйелдерге де тиісті болды. Алғашқы қауымдық құрылыста әлеуметтік билік өмір сүрді. Бұл дәуірді потестарлық билік (латын сөзінде «potestus»-билік,күш) дәуірі деп те атаймыз. Адамдар өз міндеттерін ешкімнің мәжбүрлеуінсіз өздері орындап
отырды. Рулық қоғамда негізгі билік ру көсемінің, ақсақалдар кеңесінің және рудың ересек мүшелерінің жалпы жиналысында болды. Мұнда ру өміріндегі маңызды мәселелер шешілді. Сайланған көсемдер рудың беделді мұшелері болды. Біртіндеп, жасы үлкен беделді ақсақалдардың орнына күш-қуаты мол әскери көсемдер келді. Ру ақсақалдары және әскери көсемдер ешқандай жеңілдіктерге ие болмады.
Әскери демократия тұсында халық жиналысы, ақсақалдар кеңесі, тайпалық көсем сақталды. Рулық қоғамның ыдырау формалары қандай да болсын дәуірдің негізгі мазмұны жеке меншіктің, таптың және мемлекеттің тууы болып қала берді. Көптеген тайпаларда құпия одақдар пайда болды. Ол байлығы мол адамдардың одақтары еді. Олар біртіндеп ру-тайпалық билік тұтқаларын өз қолдарына алды. Құпия одақтар ру-тайпалық органдарды билеп қана қоймай, қоғамдық тәртіпті сақтау, сот істерін жүргізу, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешу істерін де өздері иемденіп, қуатты руаралық және тайпааралық ұйымдарға айналды. Әскери демократияның ашық таптық демократияға айналуы мемлекеттік саяси құрылымның қалыптасуына алып келді. Халықтар территориялық принцип бойынша бөліне бастады. Біртіндеп мемлекет пайда болды. Мемлекеттің пайда болуы ұзаққа созылған процесс болды. Мемлекет ру-тайпалық құрылыс ыдырап, қоғам ішінен көсемдер мен оның айналасындағылар бөлініп шағып, қоғамның әлеуметтік жіктелісі тереңдеп, шаруашылық байланыстар кеңейген кезде пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |