Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар


Құқықтық сананың құрылымы екі негізгі элементтен тұрады: құқықтық психология және құқықтық идеология



бет41/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65
МҚТ КІТАПША

Құқықтық сананың құрылымы екі негізгі элементтен тұрады: құқықтық психология және құқықтық идеология.


Құқықтық психология қоршаған құқықтық болмыстың әсерінен қалыптасып, пайда болатын, құқықтық сананың алғашқы, бастапқы тәжірибелік сатысы. Ол қоғамның құқықтық сезімін, ақыл ойын, әдет-ғұрып, дәстүрін біріктіреді және адамдардың, қоғам мүшелерінің әр түрлі топтарының санасында – заңдарға олардың қолдануына байланысты туған әсерлер, көңіл-күйі және сезімдері жатады.

Құқықтық психология арқылы мыналар іске асырылады:


а) құқықтық мәдениетке тән әдет-ғұрып және салт-дәстүр, жеке адамға тән әдетке айналған, тұрмысындағы, мәдениетіндегі нәрсенің бәрі;
б) өзін-өзі бағалауы, өзінің іс-әрекетін құқықтық нормаларға сай бағалауы арқылы т.б.
Құқықтық идеология дегеніміз – қоғамдағы құбылыстарды, қатынастарды құқық тұрғысынан ғылыми жүйеге келтіру.
Құқық жөніндегі пікірлер мен көз-қарастар белгілі бір жүйеге келтіріліп ғылыми негізде дәлелденген күйде болады. Құқықтық идеология қоғамдағы түрлі бағыттағы, әр саладағы мақсаттарды біріктіріп дамытады.
Құқықтық идеология – құқықтық сана құрылымының негізгі элементі.

Құқықтық сананы мынадай белгілері бойынша топтастырамыз:


  1. мазмұнының тереңдігіне қарай үшке бөлеміз;

а) күнделікті құқық саналығы – бұл адамдардың өмірлік тәжірибелеріне сай пайда болған, құқыққа деген көзқарастарының түсінігі;
б) кәсіпқойлық құқық саналығы – бұл заңгерлердің құқықтық тәжірибесінің негізіндегі қалыптасқан сезімі, сенімі, дәстүрлері;
в) ғылыми құқық саналығы – бұл құқықтың теориялық қамтуын көрсететін идеялар, ұғымдар, концепциялар;

  1. субъектілері бойынша құқықтық сана бірнеше түрге бөлінеді:

    • жеке құқықтық сана;

    • топтық құқықтық сана;

    • қоғамдық құқықтық сана.

Сонымен, құқықтық сана – қоғамдығы құқықтық құбылыстарға адамдардың сезімдерінің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі; ол заң шығарудың, нормативтік актілердің дұрыс орындалуының, құқықтың сапалы дамуының негізгі шешуші механизмі деуге болады.
Құқықтық мәдениет құқықтық санамен тығыз байланысты, бірақ ол құқықтық санадан әлде қайда мағыналы түсінік, осыған байланысты ол психологиялық және идеологиялық элементтерді, сонымен бірге заңды мінез

    • құлықты да қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет