Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар


Бейресми түсініктерді заңгерлер, мамандар, ғылыми ұйымдар береді. Бұл түсініктердің заңды күші болмайды, оларға сілтеме жасалмайды



бет40/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65
МҚТ КІТАПША

Бейресми түсініктерді заңгерлер, мамандар, ғылыми ұйымдар береді. Бұл түсініктердің заңды күші болмайды, оларға сілтеме жасалмайды.


Бейресми түсініктерді екі түрге бөлеміз: доктриналық және жалпылама түсініктер. Доктриналық түсініктерді ғалым-заңгерлер, тәжірибелі заң мамандары береді. Жалпылама түсініктерді заңгерлерден басқа тәжірибелі мамандар береді. Олар үгіт-насихат арқылы қалың бұқараның құқықтық нормаларды түсінуін, орындауын жеңілдетеді.

  1. Құқықтық сананың түсінігі және оның қызметі.

  2. Құқықтық сананың құрылымы.

  3. Құқықтық мәдениет түсінігі және оның құрылымы.

  4. Құқықтық нигилизм.

Құқықтық сана – қоғамдық және жеке сана саласына жататын жоғары дамыған құбылыс. Ол жеке тұлғаның құқыққа деген түсінігі мен сезімінің, көзқарастарының, қатынастары мен бағасының жиынтығын білдіреді.
Құқықтық сана адамдардың жаңадан қабылданған заңдарды, нормативті актілердің жобаларын қолдауы немесе қабылдамай тастауы т.б.
Құқықтың сана – сезім белгілері мыналар:

  • құқықтық қажеттілікті ұғынуы және сезінуі;

  • құқықты бағалауы;

  • құқықты жете түсіну, дамыған заң шығару жүйесін құрудың қажеттілігі;

  • қимылдағы нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізудің мұқтаждығы.

Сана кез-келген қызмет процесінде пайда болады. Құқықтық сананың қызметі оның субъектісінің қызметінің нәтижесі.

Құқықтық сананың негізгі қызметтеріне мыналар жатады:


  1. танымдық қызметі, жеке адамның құқықтық тәжірибесіне байланысты құқықтың өмірдегі құбылыстарға қатынасын анықтау;

  2. бағалаушылық қызметі, жеке адамның құқықтық тәжірибесіне байланысты құқықтың өмірдегі құбылыстарға қатынасын анықтау.

Құқықтық сананың мазмұнына төрт негізгі бағалаушылық қатынас түрлері кіреді:
а) құқыққа және заң шығарушылыққа (оның принциптеріне, нормаларына, институттарына);
б) айналадағы адамдардың құқықтық мінез-құлқына және олардың қызмет объектілеріне (қылмысқа, қылмыс жасаушылыққа, қылмыскерлерге т.б.);
в) құқық қорғаушылық органдарға (прокуратураға, адвокатураға, сотқа, юстицияға, ішкі істер органдарына т.б.) және олардың қызметкерлеріне;
г) өзінің құқықтық іс-әрекетін бағалауы;

  1. реттеушілік қызметі, бұл құқықтық қондырма және құқықтық-бағалау арқылы іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет