Бесінші республикада мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болып табылады. Бастапқыда оның конституциялық өкілеттіктері жаңа қоғамдық құрылысты қалыптастыру, нарықтық экономиканы ендіру, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның негіздерін құру мен нығайту соншалықты қажет болатын қатаң орталықтандырылған атқарушы биліктің қалыптасуын қамтамасыз етті.
Кейіннен президенттік республиканы Президент өкілеттіктерін заң шығарушы және атқарушы мемлекеттік билік тармақтарына қайта бөлу арқылы ымыраландыру үрдісі байқала бастады. Мұнда билік тармақтарының арасындағы қайшылықтарды шешуде жоғарғы төреші ретінде Президенттің рөлі артады.
Қазақстанда Президент лауазымын бекіту 1990 жылы әлі де болса президенттік республиканың құрылуын білдірген жоқ. Белгіленген конституциялық өкілеттіктерге ие Президент республиканың егемендігі мен Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі үшін орын алатын күрес майданында алдыңғы орынға шығарылды. Мұнда Президентке ол тікелей іске асыратын басқару өкілеттіктері берілмеді, атқарушы-таратушы органдар оған бағынбады, оларға бақылауды Кеңестер жасады. Президент билік үйесіне буынды жүргізуші ретінде емес, республика ме одақтық орталықтың арасындағы қайшылықтарды жедел шешетін институт түрінде енгізілді. Бұл саяси қатынастар саласындағы өзіндік дағдарыс менеджері лауазымы болды.
Бірақ 1990-1995 жж. екпіндеп дамыған оқиғалар президенттік республика елді дағдарыс жағдайынан шығаруға қабілетті және оны әрі қарай өсіп-дамуын қамтамасыз ететін бірден-бір сенімді саяси құрал болып табылатынын көрнекі түрде көрсетті. Қоғамдық сананың бұл фактіні мойындауы Конституцияны қабылдау үшін референдумда алынған көпшілік дауыстан көрінді. Ол заң бойынша Қазақстандағы бесінші республика деп атала алады.
Литература:
Аяган Б.Г. Апогей и закат советского социализма. Казахстанский полигон (1970-1990 года) – Алматы: Кағанат-қс, 1999.-148 с.
Аяган Б. Ауанасова А., Нурпеисов Е. Смутное время. Неизвестные страницы известной истории.- Алматы: ТОО «Либера-М», 2017.-320 с.
Аяганов Буркитбай. Государство Казахстан: Эволюция общественных систем.- Алматы, 1993.-148 с.
Зиманов С.З., Рейтор И.К. Советская национальная государственность и сближение наций.-Алма-Ата: Наука, 1983-223 с.
Малиновский Р.А. Лидер: президентская власть в казахстане на рубеже эпох. – Астана: ТОО «Издательство» «Норма-К», 2012. – 528., 66 с.ил.
Нурпеисов К.Н. Становление Советов в Казахстане (март 1917 г. – июнь 1918 г.) – Алма-Ата: Наука, 1987.-240 с.
Нұрпейісұлы К. Алаш ақиқаты. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2010-424 с.
Нурпеисов Е.К. Конституционные основы становления новой государственности Казахстана. – В ст: Информационная эпоха: Общество, экономика, культура, право. – Алматы, 2002, с.39-41.
Нурпеисов Е.К. История постсоветской государственности Казахстане – объект научных исследований.- В кн.: Горизонты национальной истории (Развитие исторической науки Казахстана в эру независимости). Коллективная монография. Под ред. Б.Г. Аягана. – Астана: ТОО «Дәме», 2018, с. 118-136.
Нупеисов Е.К. Эволюция государственно-правовой системы Казахстана – в сб.: Казахстанский путь становления и развития государственности: результаты, достижения, перспективы. – Астана, 2015, с.180-187.
Республика В кн.: Барихин А.Б. Большой юридический энциклопедический словарь. М.: Книжный мир, 2005, 544-545.
Чокай – Оглы Мустафа (Мустафа Шокай). Туркестан под властью Советов (к характеристике диктатуры пролетариата). – Алматы, 2017. -144 с.
Достарыңызбен бөлісу: |