Мемлекет пен құқық өркениеттің аса зор жетістігі, оның адамзат тарихындағы мәні айрықша


Биліктің шоғырлануы және бөлшектенуі



бет9/18
Дата26.10.2022
өлшемі213.2 Kb.
#463429
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
darister

Биліктің шоғырлануы және бөлшектенуі
Мемлекеттің пайда болуы этностардың өмір салтында түбегейлі бетбұрыс жасады. Қоғамдық өмірдегі биліктің күшейтілуі (мемлекетке бағындырылуы) күтілгеніндей қарқынды түрде енді. Бұл белең алған өркениет процестерінен туындаған тарихи қажеттілік болды.
Ескірген рулық-тайпалық басқару формасынан арылу қоғамдағы биліктің күшейтілуі есебінен, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, рулық-тайпалық басқару формалары құқықтық актілер мен оларды шығаратын мемлекеттік органдарға орын беріп, қоғамдық өмірден ығыстырыла бастағанда жеделдетілуі мүмкін еді. Бұрынғы билік қатынастарының формалары билік күйшетілген басқару формаларына ауысты не болмаса оларға мемлекет тарапынан тыйым салынды. Биліктің мемлекеттің қолына көшуіне кең жол ашатын қоғамдық биліктің өзге формалары ығыстырылды. Қоғамдық өмірдегі биліктің күшейтілуі осылайша биліктің мемлекеттің қолына өту үрдісін көздеді.
Мемлекеттік биліктің шоғырлануы өзара байланысты екі бағыт бойынша жүзеге асырылды. Бірінші. Заңдар, жарлықтар немесе мемлекеттің өзге де нормативтік нұсқамалары түріндегі жалпыға міндетті ережелер шығару арқылы мемлекеттік реттеу саласын кеңейту. Екінші. Бюрократияны, шенеуніктерді, яғни басқарумен ғана айналысатын және халықтың осы ережелерді сақтауын қамтамасыз ететін адамдар тобын қалыптастыру.
Екінші бағыт қоғамдық өмірдегі билікті күшейтуде жетекші рөл атқарады. Бюрократия, яғни атқарушы билік заңдық құқықтық актілер арқылы қоғамдық қатынастарды регламенттеу кезінде, біріншіден, нақты бір актінің шеңберінен шығып, мемлекеттегі қолданыс аясына басқа да өмір салаларын қосу мүмкіндігіне ие.
Екіншіден, орындалатын заң шеңберінде оның орындалу процесінің құқықтық егжей-тегжейлеріне шектен тыс үңіліп кетуі, сондай-ақ объективті қажеттілігі жоқ жаңа ережелерді жасауы да мүмкін.
Үшіншіден, бюрократиялық топтардың тууы өз ішінде жаңа қоғамдық қатынастар жүйесін қалыптастырады. Бұл қатынастар қоғамның мемлекеттік болып қалыптасу алдындағы кезеңінде орын алмаған. Мемлекеттің ерте пайда бола отырып, оның органдарының өзара қатынастары билік күшейтілген ауқымды қоғамдық қатынастар секторын қамтитын иерархияланған күрделі қатынастар жүйесін құрайды.
Осылайша, биліктің күшею процесінде мемлекеттік басқарушылар мен орындаушылардың қолында басқа да әлеуметтік институттар мен реттеушілерді біртіндеп ығыстыратын билік өкілеттіктері шоғырланады. Бұл өкілеттіктер көптеген қоғамдық қатынастардың тобына басқарушылық және реттеушілік жағынан ықпал етеді.
Бірінші кезекте олар қоғам экономикасын қозғау салады. Мемлекет қоғамдық өндіріс процесіне әлдеқайда белсенді түрде араласады және феодалдық және капиталистік өндіріс тәсілдері қолданылғанда жекеменшікті қорғайды. Қауымдық және рулық меншік меншік иесі басымдыққа ие болатын жаңа меншік формасына орын беріп, бірте-бірте жойылады. Оның жалдамалы қызметкерлермен, контрагенттермен іскерлік қатынастары мемлекет бекіткен ережелерге бағынады.
Одан әрі шоғырлану процесі отбасылық-тұрмыстық қатынастарды мемлекеттік реттеу желісі бойынша жүріп жатыр. Бұрын дәстүрлер мен діни нормалармен реттелген некеге тұру және оны бұзу шарттары, ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары, бала асырап алу, мұрагерлік мәселелері атқарушы биліктің бақылауына өтеді. Сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбас, жалға алу, мердігерлік сияқты тараптардың ерікті түрде жүзеге асырған көптеген азаматтық қатынастары мемлекеттің пайда болуымен мемлекет бекіткен формаға көшеді және атқарушы биліктің мәжбүрлеуімен орындалуы қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік биліктің шамадан тыс шоғырлануына кеңестік биліктің тарихи тәжірибесі мысал бола алады, онда партиялық органдар елде өз халқын бақылауды қамтамасыз ететін тоталитарлық режим құра алды. Бұл ретте құқық тұрғысынан ойға қонымды болып келетін адамдардың іс-әрекеттері ғана бақыланып қоймай, олардың бейнелеу өнері мен драматургиялық шығармаларында көрсетілген, кітаптарда жазылған, дауыстап айтылған ой-пікірлері бақыланды. Кеңес Өкіметіндегі Коммунистік партиядағы биліктің күшеюі өзінің апогейіне жетіп, мемлекеттің қоғамнан шеттетілуі шектен шықты. Нәтижесінде мемлекет қирап, атқарушы билік мемлекетті қалыптасқан жағдайдан алып шығуға қауқарсыздық танытты.
Тарихи ретроспективада барлық жаңа қоғамдық қатынастарды өз орбитасына тарту арқылы мемлекеттік биліктің шоғырлануын арттыратын қоғамдық өмірдегі биліктің күшеюі этностардың өркениетті дамуына негізделген объективті тарихи процесс ретінде қаралуы мүмкін. Биліктің бір жерге шоғырлануының арқасында саяси және әлеуметтік-экономикалық дамудың неғұрлым жоғары деңгейін көрсететін бір түрден екінші түрге көшу процесі қарқын алды. Ақылға қонымды, тарихи өлшем бойынша жүзеге асырылған биліктің шоғырлануы өркениетті прогреске объективті ықпал етеді. Бірақ тарих бұл ақылға қонымды шектердің уақыт өте келе бұзылғанын көрсетеді.
Нәтижесінде осы атқарушы органдар адамдардан мемлекеттік билікті орындауды талап ете отырып және қолындағы билігі арқылы оларды осыған мәжбүрлей отырып, қоғамға үстемдік жүргізеді. Қоғамға мойынсұнғыш және пассивті әсер ету объектісі ретінде қарайды да, демократиялық ықпал ету құралдары болмаған жағдайда олар қоғамнан шеттетіледі. Шеттету, екінші жағынан, тұтас халықтың немесе оның бір бөлігінің атқарушы билікке адам мүдделеріне, құқықтары мен бостандықтарына немұқрайлы қарайтын азаптау құралы ретінде қарастыратын қатынасы.
Осылайша, мемлекеттік биліктің шоғырлануы мемлекеттің қолында оның көпшілік билігінің, яғни қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларына таралатын билік өкілеттіктерінің ауқымды көлемін шоғырландыруды білдіреді. Өзінің пайда болуының бастапқы кезеңінде мемлекет бұған жедел қарқынмен ұмтылады. Қоғамдық өмірді кең ауқымда мемлекеттендіру елді өмірдің жаңа жағдайларына көшірудің құралы болып табылады. Бұл – оның прогрессивті мәні. Бұл кезеңде биліктің шоғырлануы қандай форманы қабылдаса да, тарихи тұрғыдан ақталған болып саналады.
Мемлекет салыстырмалы түрде автономды болмаған кезеңде де, ертедегі тарихи кезеңдер де мемлекеттік биліктің шоғырлануына оның үш тармағы да қатысады.
Монархқа, не болмаса әлдеқайда кеш бекітілген парламентке немесе өзге де монархқа қарасты кеңесші органдарға жататынына қарамастан, бұл жерде заң шығарушы билік үлкен рөл атқарады. Кез келген жағдайда мемлекет санкциялаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерін құру бойынша заң шығару қызметінің экспансиясы кеңейе түседі, ауқымды қоғамдық қатынастар көлемін қамтиды. Сол арқылы мемлекеттік Мемлекеттік билікті шоғырландыру әкімшілік ету жолымен, ал қажет болған жағдайда мәжбүрлі күш қолдану арқылы заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің әлеуметтік базасын кеңейтеді.
Әртүрлі рәсімдік, техникалық, дефинитивтік және өзге де заңдардың орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы заңға тәуелді актілерді көбейту, барлық басқару органдарындағы жаппай мемлекеттік қоғамдық қатынастардың күрделенуіне әкеліп соқтырды. Сонымен қатар, бюракратияның саны өсіп, олардың мемлекеттік басқару саласындағы рөлі артты. Нәтижесінде мемлекет, әсіресе атқарушы билік, халық алдында мемлекет басшысын ғана жекелей талқыламай, оған қоса бюрократияны (шенеуніктер, мемлекеттік қызметкерлер, аппарат қызметкерлері және т.б).
Иеліктен шығарылған брократия мен халық бірқатар себептерге байланысты бір-бірінен бөлектене алмайды. Атқарушы билік иелікке дейінгі қатынасты қолдап, ондағы шектен тыс әрекеттерге жол бермейді. Қоғамның үстінен қарап, басқарып, сол басқаратын органды бақылайды. Олай болмаған жағдайда әлеуметтік ортадан айырылады. Бірақ ұйғарынды иеліктің шекарасы сенімсіз, сұлбасы тұрақсыз, сол себепті қауіпті қырлар бірден аңғарылады. Мұндай жағдайдағы түпкілікті өзгертуге тиісті нәрсе – мемлекеттік билікті реформалау. Ал егер де тым нашар тұста – күйреу нәтижесіндегі төңкеріс, стихиялық халық көтерілістері пайда болады.
Қоғам, халық, атқарушы билікті саяси институт ретінде қабылдаса, дәл солай толықтай жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ, қоғамдық өмірде өзін-өзі реттей алмайтын ел ретінде тани алмайды. Осылайша, екі тарап, түрлі себептермен тиісті саяси-әлеуметтік жағдайлар және оны жеңу қатынасын мәжбүрлі түрде жаңғыртады.
Мұны түсінбейтін және билік шоғырланған жерде объективті қажеттілікке қарамастан, шамадан тыс мемлекеттендіруге қарсы күрес басталады. Еуропадағы корольдік абсолютизмді құлату және шығыс деспотиясын құлату, Кеңестік империяның күйреуі – сол кездегі жарқын тарихи дәлелдер.
Осылайша, биліктің шоғырлану шекарасы кеңейтіліп, бір мезгілде қатар, кейде мүлдем тереңдей түседі. Осы жағдайда қоғамдық байланыстарды заңдастыру деңгейі жоғары рух заңынан айналып өтеді. Заң жүйесі негізінде бұл үрдіс күшейе түседі. Яғни қандай да бір заңды актінің талабын бұлжытпайтын «Заң» есебінде қолдануға жарайды.
Осылайша, соттар ерікті, еріксіз түрде, биліктің күшеюі және атқарушы биліктің шоғырлануына өз үлестерін қосады. Сонымен қатар, соттар, сот отырысын жасай отырып, олардың істерін қарау барысында сол жағдаяттарды пайдаланып, биліктің күшею шекарасын кеңейтеді. Атқарушы биліктің шоғырлану (концентрация) жолында сот шешімдерін ұйымдастыру сынды жаңа сала туындайды. Айтпақшы, қазақ даласында, тіпті орталықтардырылған мемлекет пайда болғаннан кейін де бұл сала мемлекеттен тыс процестерді қарастырды. Сот қазыларының шешімдері – билердің көзқарастары ерікті түрде, ешқандай мемлекеттік органдардың мәжбүрлеуінсіз қабылданды.
Осылайша, биліктің күшеюіне қоғамның түрлі дәрежедегі заңнамалық, сот және атқарушы-басқарушы органдары қатысады. Бұл ретте мемлекеттік билік айтарлықтай дәрежеде басқарушы құрылымдарға шоғырланды. Уақыт өткеннен кейін шамадан тыс шоғырланған атқарушы билік, оның табиғи құрамдас бюракратиялық бөлігі – экономикалық және саяси, қоғамдық процестерге келгенде сәл артқа шегіне бастады.Таптық қоғам және абсолютті биліктік шектеуі жоқ монрах өзінің тарихи негізделген қызметін атқару кезеңінде жаңа капиталды қоғамдық қатынастарға және демократиялық мемлекеттерге жол беруі тиіс.
Осы жағдайларда ерекше өзгешелікке ие болатын мәселе – мемлекеттік билікті бөлшектеу және биліктің күшеюін қоғамдық өмір иелігінен алып тастау. Бұл ретте, өкілетті атқарушы биліктің көлемі азайып, ал бюракратиялық күш әлсіреуі тиіс.
Биліктің шоғырлану бір мезетте-ақ өзіне келе жатқан өсіндіні қайтарып жібере алады. Мемлекет жайлы рұқсат етілген қателіктер, халықтың наразылығы мен ренішін туғызады, соның әсерінен ашық түрде халық тарапынан азаттық бағынбаe (ереуілдер, көтерілістер, азаматтық соғыс т.б) туындайды. Осылайша, мемлекеттің шоғырлануына қарсы, мемлекеттік билікті азайту мақсатында бағытталған әртүрлі сектолар қоғамдық ортада өмір сүреді.
Бұл жайлы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты мәлімдемесінің 97-қадамында былай деп үндеу тастайды: «Мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелі ортаға салу үшін оны арнайы өзін-өзі реттеу ұйымдары қадағалайды. Ал, үкімет соның бәрін жинақтап, мемлекетке тән емес артық функцияларды қысқартады»7.
Мейлі ол заң шығарушы орган, мейлі ол монарх тарапынан болса да, биліктің әлсіреу тұсын ақылға қонымды заң жоспарлары арқылы бірлесе отырып шешкен жөн. Мұнда мемлекеттік саланы ретту жүзеге асырылады, біріншіден, қызығушылықтан арылу арқылы шектен тыс құқықтық регламенттелген қоғамдық қатынастардың санын азайту. Екіншіден, ескірген қылмыстық-құқықтық нормалар мен тиімсіз заңнамалық актілерден арылу.
Биліктің әлсіреу тұсына қатысты барлық әсер етуші процеске сот органдары иелік етеді. Басты ерекшелігі бойынша сот қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру мынадай жағдайды түсіндіреді: яғни, олар мемлекеттік органдардың қызметіне тыйым салып немесе шектеу қоя алмайды. Бірақ, анығына келгенде, олардың барлығы заманның қажеттілігіне сай келгенімен, формальді түрде қолданылып жүрген заңдарға да қайшы келмейді. КСРО кезінде сот органдарының құқығына кейбір аз мәліметі бар істі, жолдастық сотты, кәмілетке толмағандардың ісін қарауға заңды түрде рұқсат етілді. Алайда, әртүрлі себептерге байланысты мұндай тәжірбие кең түрде таралмаған және одан әрі таралуына шектеу қойылып, тоқтатылды.
Қазіргі уақытта, биліктің күшін жоюға бағытталған дауларды әлемдік деңгейде тәртіппен, арнайы халықаралық соттар төрелік етіп қадағалайды. Уақыт өткен сайын Қазақстанда билер сотының қайтадан пайда болуы жайлы сұрақтар көтерілуде. Бірақ, бұл сұрақ жайлы әлі күнге дейін нақты шешім шыққан жоқ. Әзірге бұл болжам көңілді жұбатпайды, өйткені билер соты бар тұста қазақтың ділі де өзгеше түсінікте еді. Олардың қарым-қатынасы мен ойы парасатты, ал билердің шешімдері әділ болатын. Бұл бірегей этнопсихологиялық феноменді қайта жаңғырту мүмкін емес. Онымен қоса көпэтникалы Қазақстан қазақстандықтардың этникалық ерекшеліктері әрбір Қазақстан Республикасы азаматының игілігіне айналатындай біртұтас ұлт болып тұтаса қойған жоқ.
Мемлекеттік биліктің шоғырлануы атап өткеніміздей сол билік ауқымының артуын, оның қызмет ету аясының кеңеюін, орталықсыздандыру мемлекеттің билік өкілеттілікітерінің азаюы арқылы қызмет ету аясының тарылуын білдіреді. Шоғырлану және таралу тенденциялары мемлекеттің қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамту деңгейін көрсетеді. Мемлекет қоғамдық қатынастардың маңызды бөлігін басқарып, реттеп және бақылауында ұстап отырады. Таралу кезінде олардың бастапқы кезде мемлекеттің ықпалынан ұшырамауына немесе мемлекеттік емес қоғамдық секторларға көптеген қызметтері мен өкілеттіліктерін табыстауына байланысты бұл бөлік тарылып отырады. Осылайша, шоғырлану мен таралу кезінде мемлекет қызметін ұйымдастыру өзіндік горизонталды өлшемде жүзеге асырылады. Мұнда мемлекет үшін өз қызметінің нақты шектерін (шекараларын) барынша дұрыс көрсету маңызды.


Литература

1.Жумадилова А. Сущность и природа местного самоуправления в Республике Казахстан//Правовая реформа в Казахстане. 2003, № 3(21), с. 14-18


2. Махмутова М.М. Анализ предпосылок создания местного самоуправления в Казахстане.- В ст.: Местное самоуправление в Казахстане: особенности ситуации и перспективы развития.- Алматы, 2003, с. 74-85
3. Нурпеисов Е.К. Законодательство и идея местного самоуправления //Право и государство, 2016, с. 55-59
4. Назарбаев Н.А. План нации-100 шагов. Современное государство для всех.- газ. : « Казахстанская правда», 2015, 20 мая
5. Организация административной власти во Франции.- М.: 1993. -132.
6. Тараков А.А. Проблемы системы муниципального права// Юрист. 2003, № 10, с. 78-87




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет