Мемлекеттік бағдарламасы



бет13/30
Дата25.02.2016
өлшемі1.44 Mb.
#22345
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30

Агрохимиялық секторға трансұлттық компанияларды да (Mosaic, PotashCorp, Agrium, YaraІnternational, Monsanto, Syngenta, «Фосарго» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - ЖАҚ) тартуға болады.

Саланың түйінді проблемалары:

1) сектор кәсіпорындарының өндірістік қуатын жүктеудің төмен деңгейі;

2) сектор кәсіпорындарындағы өндірісті жаңғырту мен дамыту үшін қаржы қаражатының тапшылығы;

3) жабдықтардың жоғары тозу деңгейі;

4) агрохимия өндірушілерінің тарапынан минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді өткізуге/дистрибуциялауға арналған логистиканың әлсіз жүйесі;

5) агрохимиялық өнімдерге зерттеулер жүргізу үшін сынақ базасының болмауы;

6) тиісті біліктілігі бар кадрлардың тапшылығы.

Мақсаты: ішкі сұранысты ынталандыру жолымен агрохимиялық секторды дамыту және сараптамалық әлеуетті өсіру.

Нысаналы индикаторлар:

Бағдарламаны іске асыру 2012 жылғы деңгейге қарағанда 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштердің:

1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 3 есе;

2) жұмыспен қамтудың 1,1 мың адамға;

3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,9 есе;

5) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемінің кемінде 2,8 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

26-кесте. Нысаналы индикаторлар

 

Р/с №

Нысаналы көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 ж. есеп

2013 ж. меже

2012 жылға қатысты болжам

2012 ж. қарағанда 2019 ж. %-да

2014

2015

2016

2017

2018

2019

1

Жалпы қосылған құн

%

100

98,2

99,5

142,7

165,4

193,5

269,0

296,0

3,3 есе

2

Жұмыспен қамтылғандардың саны

мың адам.

1,9

2,0

2,0

2,3

2,3

2,3

2,3

3,0

1,1 мың адамға.

3

ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі

%

100

92,9

94,2

119,2

138,1

160,0

222,4

188,1

1,9 есе

4

Шикізат емес (өңделген) экспорт құны

%

100

110,0

116,7

146,7

194,8

222,8

266,9

275,6

2,8 есе

 

Міндеттер:

1) өндірістің тиімділігін арттыру және шығарылатын өнімді әртараптандыру үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту;

2) ішкі сұранысты ынталандыру;

3) шикізаттық емес тауарды өткізу үшін нарықтарды кеңейту;

4) жаңа кәсіпорындар құру;

5) секторды тиісті біліктілігі бар кадр ресурстарымен қамтамасыз ету;

6) сынау және сертификаттау инфрақұрылымын құру.

Қызметтің басым түрлері

Бағдарлама шеңберінде қызметтің басымды түрлері айқындалған (27-кесте).

 

27-кесте - Агрохимия өнеркәсібі қызметінің басым түрлері

 

ЭЖЖ-4

Атауы

2015

Тыңайтқыштар мен құрамында азот бар қоспалардың өндірісі

2020

Пестецидтердің және өзге агрохимиялық өнімдердің өндірісі

 

Басым тауарлар топтары

Басым тауарлар топтары ішкі нарыққа ғана емес, сондай-ақ макроөңір нарықтарына: ТМД елдеріне, Иранға, Қытай мен Түркияға бағдарланады. Басым тауарларды/тауар топтарын өндіру жөніндегі кәсіпорындардың жаңа қуаттарын салу немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту агрохимия импортын қысқартуға және экспортын ұлғайтуға ықпал ететін болады.

28-кестеде импорт көлемі неғұрлым жоғары тауар топтары анықталған.

 

28-кесте. Агрохимия өнеркәсібінің басым тауарлар топтары

 

ЭТӨЖ-6

Тауар тобының атауы

Ішкі нарықтың импорт сыйымдылығы, млн. АҚШ долл.

Макроөңір нарығының импорт сыйымдылығы, млн. АҚШ долл.

201531

Карбамид

5,7

205,8

201532

Аммоний сульфаты

2,8

13,3

201551

Калий хлориді

5,1

3032,3

201552

Калий сульфаты

0,11

95,2

201559

Өзге калийлі тыңайтқыштар

17,3

33,5

201571

Кешенді тыңайтқыштар

6

1187,4

201573

МАФ/ДАФ

0,3

153,7

202011

Инсектицидтер

18,6

439,5

202015

Фунгицидтер

12,9

637,2

202012

Гербицидтер

71,5

980,6


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет