Дереккөз: Қазақстан Республикасы Сатистика агенттігі, TradeMap, Euromonitor дерекқоры.
Секторда күкірт қышқылын («CKЗ-U» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС), сары фосфорды («Қазфосфат» ЖШС), хром қоспаларын («Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ), балқымалы қышқылды («Үлбіфтор-Комплекс» ЖШС), хлор-сілті сегментін («Каустик» АҚ), лак-бояу өнімдерін («Аlinа» компания тобы), жарылғыш заттар («Орика-Қазақстан» АҚ) өндіруші кәсіпорындар жұмыс істейді.
Сектордың ірі ойыншылары «Қазфосфат» ЖШС болып табылады, олардың химия өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесі 22%, «Ақтөбе хром қоспалары зауыты» АҚ - 12,5%, «Каустик» АҚ - 2,4% құрайды. Өнеркәсіп үшін химикаттар өндірісі секторы өнімді негізінен еліміздің ішкі тұтынуы үшін ғана шығарады, өйткені өнімнің осындай көп бөлігін тасымалдау қиын және адамдардың денсаулығы үшін қауіпті болып табылады.
Секторды одан әрі дамыту үшін Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында халықаралық химия компанияларын тарту қажет. Қазіргі уақытта: China Kingho Energy Group Co., Ltd (Қытай), IndussGroup (Бельгия), DowChemicalsCompany (АҚШ), Lanxess (Германия), GreenDay (Германия), LanzaTech (АҚШ) халықаралық компанияларымен келіссөздер жүргізілуде.
Секторды дамытудың негізгі кедергілері мыналар болып табылады:
1) көліктік және энергетикалық монополистердің тарифтік саясатын өзгерту;
2) сектор кәсіпорнында өндірісті жаңғырту мен дамыту үшін меншікті қаржы қаражатының тапшылығы;
3) сынақ және сертификаттау инфрақұрылымның дамымауы;
4) тиісті біліктілігі бар кадрлардың тапшылығы.
Мақсаты: өндіріс көлемін кеңейту және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту, жаңа өнімдерді шығару жөніндегі өндірістерді құру.
Нысаналы индикаторлар:
Бағдарламаны іске асыру 2012 жылғы деңгейге қарағанда 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштердің (30-кесте):
1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 1,5 есе;
2) жұмыспен қамтудың кемінде 1,1 мың адамға;
3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,4 есе;
4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемінің кемінде 1,3 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
30-кесте. Нысаналы индикаторлар
Р/с
|
Нысаналы көрсеткіштер
|
Өлшем бірл.
|
2012 есеп
|
2013 меже
|
2012 жылға қатысты болжам
|
2012 жылға қатысты 2019 ж, есе
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2018 ж.
|
2019 ж.
|
1
|
Жалпы қосылған құн
|
%
|
100
|
98,2
|
107,3
|
115,8
|
118,9
|
128,6
|
142,6
|
153,2
|
1,5 есе
|
2
|
Жұмыспен қамтылғандар
|
мың адам
|
13,8
|
13,7
|
14,2
|
14,2
|
14,2
|
14,3
|
14,9
|
14,9
|
1,1 мың адамға.
|
3
|
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі
|
%
|
100
|
98,7
|
104,4
|
112,5
|
115,4
|
123,9
|
131,8
|
141,6
|
1,4 есе
|
4
|
Шикізаттық емес (өңделген) экспорт құнының көлемі
|
%
|
100
|
104,0
|
108,6
|
112,9
|
117,1
|
121,4
|
125,7
|
130,0
|
1,3 есе
|
Міндеттер:
1) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын кеңейту;
2) өндірістің тиімділігін арттыру үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту;
3) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өнімін әртараптандыру;
4) жаңа кәсіпорындар құру;
5) жаңа өндірістерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың инфрақұрылымын жаңарту;
6) секторды білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету.
Қызметтің басым түрлері
Бағдарлама шеңберінде қызметтің басым түрлері айқындалған (31-кесте).
31-кесте. Өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі секторының басым қызмет түрлері
ЭҚЖЖ-4
|
Атауы
|
2011
|
Өнеркәсіптік газдардың өндірісі
|
2012
|
Бояғыштар мен пигменттер өндірісі
|
2013
|
Негізгі бейорганикалық қосылыстар өндірісі
|
2030
|
Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар өндірісі
|
2041
|
Сабын және жуатын, тазартатын және ысқылайтын заттар өндірісі
|
2051
|
Жарылғыш заттар өндірісі
|
2059
|
Өзге химиялық өнімдер өндірісі
|
Достарыңызбен бөлісу: |