Мемлекеттік бағдарламасы



бет17/30
Дата25.02.2016
өлшемі1.44 Mb.
#22345
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30

 

Басым жобалар

2015 - 2019 жылдар кезеңінде өнеркәсіп үшін химикаттар өндірісі секторын дамытудағы мемлекеттік саясат жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын кеңейтуге және жаңа кәсіпорындар құруға бағытталатын болады.

2015 - 2019 жылдар кезеңінде бизнес құрылымдардың ұсыныстарына сәйкес ірі инвестициялық жобаларды өндіріс көлемін және өнімнің қосылған құнын арттыруға бағытталған, инвестициялардың жалпы көлемі 80 млрд. теңгеге жуық ұсыныстарына сәйкес ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Автокөлік құралдарының, олардың бөлшектерінің, керек-жарақтары мен қозғалтқыштарының өндірісі

Автокөлік құралдарының, олардың бөлшектерінің, керек-жарақтары мен қозғалтқыштарының өндірісі - экономиканың жаңа индустриясы, оның Қазақстандағы машина жасаудың жалпы көлеміндегі алатын үлесі айтарлықтай қомақты.

Ұлттық автомобиль жасауды дамыту экономиканың басқа салаларына мультипликативті әсерін тигізеді. Айталық, автомобиль өнеркәсібінде құрылған бір жұмыс орны металлургия, химия және электрондық өнеркәсіп, металл өңдеу, қосалқы бөлшектер өндірісі, көлік және көрсетілетін қызметтер саласы сияқты аралас салаларда тағы да 3-еуден 11-ге дейінгі жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Елдің ішкі нарығының сыйымдылығы шамамен 5 млрд. АҚШ долларын құрайды, оның 82%-ы импорт есебінен өтеледі. Басым тауарлар топтары бойынша макроөңір елдерінің импорттық сыйымдылығы 70 млрд. АҚШ долларынан асады, оның шамамен 30 млрд. АҚШ долларын автокомпоненттер құрайды.

Отандық бірқатар компания Қазақстан Республикасының Үкіметімен өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасты, оның шеңберінде мемлекет преференциялар ұсынады. Бұл ретте, келісім шеңберінде компаниялар белгілі бір мерзімде неғұрлым терең технологиялық бөліністерді және жиынтықтауыштардың өндірісін игеруді қамтитын даму деңгейіне шығуды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

2008 - 2012 жылдар аралығында сектордың жалпы қосылған құны 5,8 есе өскен. Автоөндірісте 2000 адам жұмыспен қамтылған. 2008 - 2012 жылдар аралығында еңбек өнімділігі 7,5 есе ұлғайған және ЭЫДҰ елдерімен бір деңгейде.

Сектордағы экспорт көп емес, 2012 жылы 35 млн. АҚШ долл. құрды.

 

33-кесте. Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер

 

Көрсеткіш

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Машина жасау, млн. теңге

301386

281310

376 184

536 876

687 235

853 923

Өткен жылға НКИ, %

89,7

82,5

133,6

119,0

116,5

114,6

Автокөлік құралдары, олардың бөлшектері, керек-жарақты және қозғалтқыштар, млн. теңге

13 565

6 347

15 768

35 404

78 423

156 563

Автокөлік құралдарының, трейлер мен жартылай тіркемелер өндірісі, алдыңғы жылға %-ды

54,0

36,8

210,6

210,7

198,3

178,9

ЖҚҚ, млн. теңге

5 989,1

3 514,4

8 003,2

16 708,0

34 615,3

33 984,0

Жалдалмалы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

1763

1283

1 133

1252

1 351

1 731

ҚР-дағы еңбек өнімділігі*, мың теңге/адам

3 398

2 740

7 064

13 346

25 623

-

ҚР-дағы еңбек өнімділігі*, АҚШ долл.

28 101

18 463

47 922

90 145

170 484

-

ЭЫДҰ елдері бойынша орташа еңбек өнімділігі, АҚШ долл.

82 915

75 482

83 368

90 822

91293

-

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны

16

17

15

20

22

-

Қуаттардың жүктелу деңгейі, %**

18,3

9,6

14,3

22,2

36,9

-

Негізгі құралдардың тозу дәрежесі, %

21,9

29,1

32,4

33,7

30,9

-

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге

156

828

537

12 550

2 234

9 468

Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %

4,3

1,7

4,2

12,7

14,4

-

Бастапқы құны бойынша жылдың соңына негізгі құралдардың болуы, млн. теңге

1 813

1647

1660

1 923

2 861

-

Экспорт, млн. долл.

43,8

35,6

33,1

41,0

35,1

44,1

Импорт, млн. долл.

2 378

1408

1 236

1 816

3 202

4 285

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

33-кестеге:

ескертпе: *еңбек өнімділігі секторда жұмыспен қамтылғандар санына сектор ЖҚҚ-ға бөлуден алынған мән ретінде есептелген.

**көрсеткіш «ҚИДИ» АҚ статистикалық деректер негізінде есептелген.

Жеңіл автомобильдер өндірісі Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында, жүк автомобильдері - Ақмола және Алматы облыстарында шоғырланған. Арнайы және мамандандырылған автомобильдер Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында шығарылады. Тіркемелер мен жартылай тіркемелер негізінен Жамбыл облысында және Алматы қаласында шығарылады.

Қазақстан Республикасының автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамыту стратегиясы отандық компаниялардың General Motors, Hyundai, Кіа, Peugeot, Renault-Nissan-Avtovaz, Skoda, Toyota, Iveco сияқты әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастығына негізделген. Бұл стратегия Қазақстанға орын алып отырған технологиялық артта қалуды өте қысқа уақытта еңсеруге, құзыретті жедел түрде ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл кейіннен жаһандық автомобиль экожүйесіне қосылуға мүмкіндік береді.

Әлемдік нарықта автокөлік құралдарына арналған жиынтықтауыштар өндірісінде Denso (Жапония), Magna International (Канада), Aisin Seiki (Жапония), Delphi Automotive (Ұлыбритания), TRW Automotive Holdings (АҚШ), Valeo (Франция) компаниялары көшбасшы болып табылады, оларды Қазақстанға тарту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Сектордың түйінді проблемалары:

1) ішкі нарық көлемінің шағын болуы;

2) автомобильдерді ірі сериялармен3 шығарудың болмауы;

3) оқшауландырудың және қосылған құнның төмен деңгейі;

4) техникалық реттеу саласында инфрақұрылымның болмауы;

5) кәдеге жаратудың кешенді жүйесінің болмауы;

6) қолжетімді қаржы ресурстарының болмауы;

7) халықтың сатып алу қабілетінің жоғары болмауы;

8) тиісті біліктілігі бар кадрлардың жетіспеушілігі;

9) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі - ҒЗТКӘ) нашар дамуы;

10) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы көлік құралдарын жеткізудің көліктік тарифтерінің жоғары болуы;

11) Кеден одағы (бұдан әрі - КО) елдерінің нарығына қазақстандық өнімдерді экспорттаған кезде техникалық кедергілердің болуы, техникалық реттеу саласында Ресей Федерациясының техникалық сынақ базасына тәуелділік және омологация мүмкіндігінің болмауы.

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі отандық автокөлік өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларына белгілі бір талаптар қояды.

______________

3Ірі сериялы өндіріс - өнім үздіксіз үлкен көлемде дайындалатын сериялық өндіріс түрі. Ірі сериялы өндірісте мамандандырылған жабдық, толассыз желілер мен автоматтандыру құралдары кеңінен пайдаланылады.

Мақсаты: автокөлік құралдарының бәсекеге қабілетті ірі сериялы өндірісін құру және оқшауландыру деңгейін жоғарылату.

Нысаналы индикаторлар:

Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштердің:

1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 4,9 есе;

2) жұмыспен қамтудың кемінде 4,8 мың адамға;

3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,1 есе;

4) экспорттың 2019 жылға қарай өндіріс көлемінен 30% өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді (34-кесте).

 

34-кесте. Нысаналы индикаторлар

 

р/с №

Нысаналы көрсеткіштер

Өлш. бірл.

2012 есеп

2013 меже

2012 жылға қатысты болжам

2012 жылға қатысты 2019 ж.

2014

2015

2016

2017

2018

2019

1

Жалпы қосылған құн*

%

100

185,5

201,3

257,6

310,9

386,8

411,3

487,1

4,9 есе

2

Жұмыспен қамтылғандардың саны

мың адам

1,4

1,7

1,5

1,8

2,0

3,9

4,2

6,2

4,8 мың адамға

3

Еңбек өнімділігі

%

100

144,8

181,2

193,4

211,4

132,6

133,5

106,9

1,1 есе

4

Шикізаттық емес (өңделген) экспорт көлемінің құндық көлемі

%

100

125,7

128,9

135,4

140,8

149,6

157,6

168,5

жыл сайын өндіріс көлемінен 30%

 

34-кестеге:



ескертпе:* 2012 жылдың салыстырмалы бағаларымен.

Міндеттер:

1) автомобильдердің ірі сериялы өндірісіне бағытталған жобаларды қолдау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет