Шикізаттық емес (өңделген) экспорт көлемінің шамалы өсуі, бір жағынан, мұнай өңдеу секторының міндетімен байланысты, ол өз кезегінде ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттілігін 2020 жылға қарай толық қамтамасыз етуге байланысты. Бұл ретте, мұнай өңдеу секторы экпортының көлемін 2012 жылғы деңгейде сақтау өңдеуші өнеркәсіптің жалпы шикізаттық емес экспорты 2019 жылы 20,7%-ға, ал 2014 жылдың деңгейіне қатысты - 37,0%-ға өсуін қамтамасыз етер еді.
Екінші жағынан, Бағдарламаны іске асыру шеңберінде өз өндірісі есебінен ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және содан кейін ішкі нарықты молықтырған сайын, экпортты қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінетін болады. Осындай тәсіл кезінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық өнімін дамыту міндеті біршама шешілетін болады. Қазіргі уақытта өңдеуші өнеркәсіп өнімінің импорт көлемі өңдеуші өнеркәсіптің ЖҚҚ көлемінен 1,8 есе артық.
Міндеттер:
1) өңдеуші өнеркәсіпті озыңқы дамыту;
2) басым секторларда тиімділікті жоғарылату және қосылған құнды ұлғайту;
3) шикізат емес тауарларды өткізу үшін нарықтарды кеңейту;
4) өнімді жұмыспен қамтуды сақтап қалу;
5) өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларына технологиялылықтың жаңа деңгейін беру және инновациялық кластерлерді қалыптастыру арқылы болашақтың секторларын дамыту үшін негіз құру;
6) өңдеуші өнеркәсіпте кәсіпкерлікті ынталандырып, шағын және орта бизнесті дамыту.
Басым секторлардағы мақсаттар, міндеттер және нысаналы индикаторлар
Өңдеуші өнеркәсіптің орнықты өсуі үшін мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың, даму институттарының, қоғамдық бірлестіктердің, қаржы ұйымдарының, жеке және мемлекеттік меншік нысандарындағы кәсіпорындардың басым секторларды дамытуға бағытталған іс-қимылы үйлестірілетін болады.
Бағдарламаның іс-шаралары түйінді тосқауылдарды еңсеру жөніндегі міндеттерді шешуге және өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларындағы жобаларды іске асыруға бағытталатын болады, бұл нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларында Бағдарлама жобаларын сәтті іске асыру қолжетімді қаржыландырудың болуына, бәсекеге қабілетті тарифтер бойынша логистикалық, энергетикалық, коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге тәуелді болады және мынадай тәуекелдермен ұштасады.
Макроэкономикалық тәуекелдер: экономиканың өсу қарқыны мен инвестициялық белсенділік деңгейінің төмендеуі, металл өнімдерінің, энергия жеткізгіштердің және көліктік тасымалдардың әлемдік бағаларының өзгеруі.
Геосаяси тәуекелдер: макроөңір елдеріндегі саяси ахуалдың тұрақтылығы және ЕурАзЭҚ-қа ықпалдасу тереңдігі.
Нормативтік-құқықтық тәуекелдер: Бағдарламаны қолайлы құқықтық және экономикалық ахуал жасайтын техникалық және нормативтік құқықтық қолдаудың жеткіліксіздігі.
Қаржылық тәуекелдер: қолжетімді қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі.
Қара металлургия
Қара металлургия өңдеуші өнеркәсіптің ірі секторы болып тарихи тұрғыдан қалыптасқан және оның өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі 13 %-ды құрайды. Қара металлургия машина жасау мен металл өңдеуді дамыту үшін база болып табылады, оның өнімі экономиканың барлық дерлік салаларында қолданылады. Шикізат секторларын, машина жасау мен құрылысты дамыту ішкі нарықта да, сол сияқты макроөңір нарығында да орнықты сұраныс қалыптастырады.
Ішкі нарықтың және макроөңір нарықтарының басым тауарлар топтары бойынша импорт сыйымдылығы тиісінше 2,7 және 25,3 млрд. АҚШ долларын құрайды.
Өндіру көлемі 2008 - 2013 жылдар аралығында нақты мәнде 6,2%-ға өсті және 632 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы қара металлургияның үлесі 2008 жылы 20%-дан 2013 жылы 10,7%-ға дейін төмендеді.
Жалпы қосылған құн 2008 жылғы 393 млрд. теңгеден 2013 жылы 453,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2008 - 2013 жылдар аралығындағы кезеңде салада жұмыспен қамтылған адамдар саны 28 мың адамға қысқарды. 2013 жылы еңбек өнімділігі 89,9 мың АҚШ долл. құрап, 2008 - 2013 жылдар аралығындағы кезеңде 1,2 есе ұлғайды. Алайда, сала 2012 жылы ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткішінен (151,9 мың АҚШ долл.) бұрынғысынша 37% артта болды. 2008 жылмен салыстырғанда қара металлургия экспортының көлемі 2013 жылы 47,3%-ға төмендеп, 3,4 млрд АҚШ долл. құрады (3-кесте).
3-кесте. Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер
Көрсеткіштер
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013*
|
Өңдеуші өнеркәсіптегі кара металлургияның үлесі
|
20,0
|
16,1
|
17,9
|
16,5
|
13,1
|
10,7
|
ЖҚҚ, млрд, теңге**
|
393,0
|
311,4
|
388,0
|
495,1
|
453,2
|
308,8
|
Өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі
|
3 359,6
|
2 946,0
|
3 844,7
|
4 801,4
|
5 446,7
|
5 882,5
|
НКИ, өткен жылға %
|
97,5
|
97,1
|
113,9
|
107,7
|
101,2
|
101,6
|
Қара металлургия өндірісінің көлемі
|
670,8
|
474,7
|
687,4
|
785,4
|
712,5
|
631,9
|
НКИ, өткен жылға %
|
86,6
|
101,6
|
109,4
|
106,8
|
88,2
|
89,6
|
Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
|
65 622
|
62 038
|
60 005
|
58 398
|
38 038
|
36 831
|
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны
|
22
|
22
|
30
|
26
|
28
|
33
|
Еңбек өнімділігі, мың теңге
|
8 889
|
6 928
|
9 581
|
13 118
|
16 732
|
13 814
|
Еңбек өнімділігі, мың АҚШ долл.
|
73,6
|
46,7
|
65,0
|
88,4
|
111
|
89,9
|
ЭЫДҰ елдері бойынша орташа еңбек өнімділігі, мың долл.
|
148,3
|
120,0
|
143,2
|
153,2
|
152,0
|
н/д
|
Есептік жылы орташа жылдық қуаттылықты пайдалану, %***
|
56,9
|
64,5
|
73,8
|
79,0
|
65,5
|
н/д
|
Негізгі құралдардың тозу дәрежесі, %
|
33,92
|
30,23
|
38,21
|
32,30
|
35,27
|
н/д
|
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %
|
29,7
|
8,1
|
6,5
|
14,6
|
11,7
|
н/д
|
Жылдың соңындағы теңгерімділік құны бойынша негізгі құралдардың болуы, млрд. теңге
|
126 242
|
84 303
|
97 279
|
89 630
|
115 468
|
н/д
|
Негізгі капиталға инвестициялар, млрд. теңге
|
26 849
|
36715
|
83418
|
112378
|
125390
|
152149
|
Экспорт, млн. АҚШ долл.
|
6 530,8
|
3 069,1
|
3 765,0
|
4 875,6
|
4 030,8
|
2793,5
|
Импорт, млн. АҚШ долл.
|
5 570,9
|
5 192,6
|
2 222,5
|
3 040,8
|
4 743,0
|
5 407,8
|
Достарыңызбен бөлісу: |