Мемлекеттік бағдарламасы



бет7/30
Дата25.02.2016
өлшемі1.44 Mb.
#22345
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30

Мұнай өндірудің оң серпініне және мұнай өнімдеріне артып отырған сұранысқа қарамастан, Қазақстан МӨЗ-дің жиынтық қуаттары мен өндіру көлемінің арақатынасы көрсеткіші бойынша әлемде соңғы орындардың бірін алады. Айталық, 2013 жылы мұнайды өңдеу 15,3 млн. тонна деңгейіне дейін жетіп, өңдеу/өндіру коэффициенте 18,7%-ды құрады.

Ішкі нарыққа жеткізуден түсетін кіріске қарағанда, мұнайды экспорттаудан түсетін неғұрлым жоғары кірістілік мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің өсуіне айтарлықтай кедергі болып табылады. 12-кестенің деректері ҚҚТ-дағы жекелеген буындар бойынша кірістілікті бөлудегі теңгерімсіздікті көрсетеді.

 

12-кесте. Кірістілікті сегменттер бойынша бөлу, теңге

 

 

Бағыт

Өткізу бағасы

Операциялық кіріс

Өндіру

экспорт

71 758,0

30 286,5

ішкі нарық

49 145,5

2 408,4

Қайта өңдеу (МӨЗ)

ішкі нарық

8 436,8

1 506,6

Көтерме сауда

ішкі нарық

71 874,9

316,0

Бөлшек сауда

ішкі нарық

54 838,7

3 820,5

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

12-кестеге:

Ескертпе: деректер 1 тонна мұнайдың айналымы бойынша есептеуге негізделіп алынған. МӨЗ үшін көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Үкіметі әрбір МӨЗ үшін бекітетін тарифтерге негізделе отырып есептелген процессинг үшін орташа есептелген тариф негізінде есептелген (МӨЗ үшін көрсетілген «өткізу бағасы» процессинг мөлшерлемесін білдіреді). Көтерме нарықтағы баға - барлық мұнай өнімдері қоржынының орташа есептелеген бағасы. Бөлшек саудадағы бағасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мұнай өнімдерін өткізудің шекті бағалары негізінде есептелген саудаға салынатын позициялар бойынша (бензиндер мен дизель отыны) орташа есептелген баға.

Қолданыстағы келісімшарттарға сәйкес мұнайды қазіргі кен орындарынан ішкі нарыққа жеткізу 2030 жылға қарай үш МӨЗ-дің және Ақтау битум зауытының қажеттілігін жабу үшін жеткіліксіз болады.

Тағы бір кедергі Қазақстанның негізгі МӨЗ ағымдағы техникалық жай-күйіне байланысты. Сектордағы негізгі құралдардың тозу деңгейі 2012 жылы 33 %-ға дейін жетіп, оның ұлғаю үрдісі орын алып отыр, ал негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті соңғы жылдары 2-7% аралығында болды. Технологиялық артта қалу шикізатты өңдеу тереңдігінің жеткіліксіздігіне (13-кесте) және еңбек өнімділігінің біршама төмендігіне алып келеді, оның өсу серпіні жақсы болса да, ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткіштерінен әлі де біршама артта қалуда.

 

13-кесте. Негізгі үш өндірушінің өңдеу тереңдігі бойынша деректер

 

Атауы

ҚР МӨЗ, 2013 ж., нақты

Ресей МӨЗ

Батыс Еуропа МӨЗ

АҚШ МӨЗ

нақты

жоспар

Өңдеу тереңдігі, оның ішінде:

70%

71%

85%

85%

95%

АМӨЗ

59,8%

ПМХЗ

74,2%

ПҚОП

74,4%

 

Дереккөз: ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг, SPG

Мақсаты: ішкі нарықты мұнай өңдеудің, газ өңдеудің және мұнай химиясының сапалы өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ макроөңір елдеріне экспортты дамыту мақсатында Қазақстанның ресурстық әлеуетін барынша іске асыру.

Нысаналы индикаторлар:

Бағдарламаны іске асыру 2019 жылы 2012 жылғы деңгейге қарағанда мынадай экономикалық көрсеткіштердің:

1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 1,6 есе;

2) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 2,3 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

14-кесте. Нысаналы индикаторлар

 

р/с

Нысаналы көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 ж. есеп

2013 ж. меже

2012 жылға қатысты болжам

2012 ж. қарағанда 2019 ж.

2014

2015

2016

2017

2018

2019

1

Жалпы қосылған құн

%

100

101,4

103,0

103,1

103,2

159,8

160

160,1

1,6 есе

2

ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі

%

100

99,3

128,8

152,1

149,6

231,3

231,2

231,2

2,3 есе

 

Міндеттер:

1) ішкі нарықты сапалы мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз ету;

2) мұнай өңдеу саласын шикізаттың тұрақты жеткізілімдерімен қамтамасыз ету;

3) мұнай өңдеу саласы қызметінің тиімділігін арттыру;

4) қазақстандық өнімнің макроөңір нарықтарына шығуы.

Қызметтің басым түрлері

Секторды дамыту басымдықтары 15-кестеде көрсетілген.

 

15-кесте. Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру секторы қызметінің басым түрлері

 

ЭҚЖЖ-4

Атауы

1920

Мұнай және мұнай өнімдері

 

Басым тауарлар топтары

Басым тауарлар топтары Қазақстан және макроөңір нарықтарының көлемдеріне, тауар топтарының технологиялық «күрделілігіне», сондай-ақ оларды өндіру мүмкіндігіне (16-кесте) негізделе отырып айқындалған. Бұл ретте, экологиялық шығарындыларды азайту жөніндегі талаптар ескерілген.

 

16-кесте. ЭҚТӨЖ жіктемесі бойынша басым тауарлар топтары

 

ЭҚТӨЖ

Тауар тобының атауы

Ішкі нарықтың импорт сыйымдылығы, мың АҚШ долл.

Макроөңір нарықтарының импорт сыйымдылығы, мың АҚШ долл.

192024, 192025, 192026, 192027, 192028, 192029

Өзге дистилляттар мен өнімдер (ауыр дистиляттар, орта дистиляттар, мотор майлары және басқалар)

677 681

42 368 357

192023

Жеңіл дистилляттар мен өнімдер

793 469

5 133 032

192042

Мұнай битумы

170 245

2 017 956

192023

Сұйытылған пропан

380

2 004 626

192032

Сұйытылған бутандар

1211

1 490 846

192042

Кальцийлендірілмеген мұнай коксы

248

956 939

192032

Сұйытылған этилен, пропилен, бутилен және бутадиен

2

459 502

192042

Кальцийлендірілген мұнай коксы

3 264

299 964

192029, 381225

Құрамында биодизель бар битумдандырылған жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнімдері (шикіден басқа)

449

299 964

192032

Өзге сұйытылған мұнай газдары

562

142 165

192041

Синтез немесе басқа процестер нәтижесінде алынған, боялған немесе боялмаған өзге минералдық балауыз бен ұқсас өнімдер

91

101 247


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет