Мемлекеттік бағдарламасы



бет11/17
Дата15.04.2024
өлшемі0.97 Mb.
#498688
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ 2-ТОМ

"КОДЕКС КУМАНИКУС"
"Кодекс Куманикус" - XIII-XI ғасырлардажазылғанәдеби-тілдікжәдігерлеріміздіңбірі. Ескерткіштіңатауынлатынтіліненаударғанда "Кумандардыңкітабы" дегенсөз. Еңбектіңжалпыколемі - 82 парақ, яғни 164 бет.Ғалымдардың пікірінше, "Кодекс Куманикус" шамамен, 1303 жылдың 11 шілдесінде жазылған'.
Ескерткіш туралы алғашқы мәліметті Венециякітапханасының библиографы Я.Ф.Томасини келтіреді. Осы каталогтағы тізім бойынша "Кодекс Куманикусты"кітапханаға өткізген итальян қайта өрлеу кезеңінің таңдаулы ақыны Франческо Петрарка болған. Ол озінің коптеген кітап,қолжазбаларымен бірге "Қыпшақтар кітабын" да 1362 жылыВенеция республикасына сыйға тартқан. Кейбір деректергеқарағанда, Ф.Петрарка бірқатар шығыс елдеріне елшілікқызметінде болғанға үқсайды. Сондай-ақ, ескерткіштің 112-ші және 117-ші беттерінде ақынның өз қолымен жазылғанөлең үлгілері кездеседі. Бұған қоса, "Кодекстің" қолжазбасыГеоргий ғибдатханасының хатшысы Антоний де Финальдіңқолында да болғаны белгілі болды. Ол туралы қолжазбаның 156-бетінде арнаулы белгі қойылған.
"Кодекс Куманикусты" алғаш сөз еткен ғалымның бірі неміс философы Лейбниц (1646-1716) екен. Бірақ ол куман сөздігіне түсіне алмайды. Дегенмен, оның венгерлер мен кумандар арасындағы тарихи байланыстар туралы айтқан болжамдары расталды. Мәселен, 1771 жылы Венгриякумандарының елшілері Венадағы әйел император Мария-Терезияның құзырына келеді. Елшілердің бірі Стефан Варрон
¹Құрышжанов Ә., Жұбанов Қ, Белботаев А. Куманша-қазақша жиілік
сөздік. Алматы: Ғылым, 1978. 11-б.

177
"Тәңіріге табыну" дүғасын куман тілінде айтып шыққан. Бұл дүғаларды шығыс тілінің мамандары дереу жазып алып, кейін бірқатар зерттеу еңбектерін жазған.


Зерттеуші А.Н.Гаркавец "Кодекстің" Кун басылымына сын көзбен қарай отырып, С.Ю.Малов пен Д.Дрюлльдіңқолжазбадағыитальянкүнтізбесіне байланысты болжамдарына түзету енгізген. Бұл арада Д.Дрюлльдіңпікірлері дұрыстыққа келіңкірейтіні анық. Бірақ сонғы ғалым астрономиялық тізбелер мен тарихи қүжаттарға сүйеніп, өзойын тұжырымдай алған. Ғалымның пікірінше "Кодекстегі" календарь итальян және мұсылман күнтізбесінің айларын солуақыт кестесінде қарастырғанда 1227, 1259, i292, 1324, 1357 жылдардың біріне келетіні жазады3. Зерттеуші әсіресе, біріншікезеңнің маңызына тоқталады. Сондай-ақ, ол В.Т.Пашуте(1966) мақалаларындағы тарихи айғақтарға қарап, қыпшақ- половецтердің Венгер жеріне орналасуы және олардың шоқындырылуы туралы бірнеше оқиғаларға назар аударғанды жөн деп санайды. Мәселен, "Бөріше ханның және оныңәкесінің 2 мың әскерімен 1227 жылы венгер королі Григории IX-ның жарлығы бойынша шоқындырылғанын", ал "1228 жылы 21 наурызда Папа венгер доминикандарынан шыққан Теодорихті половецтердің епископы етіп тағайындауы, ал король Беланың "кумандар королі" деген титулды өзіне қабылдауы" да аса маңызды тарихи құжат болып саналады. Сол 1235-1237 жылдары венгер доминикандарынан шыққан миссионер-жансыздар Солтүстік-Шығыс Ресей мен Еділ Бұлғарларына жетіп, кіші Валахия мен оңтүстік-батыс Трансильванияның қыпшақтарын да шоқындырып үлгереді. Бұл жерде дала қыпшақтарының ханы Қотанның да 1239 жылы 40 мың қолымен келіп, католик дініне өтуге ниет білдіргені және венгер жеріне орналасуға тиіс хан мен оның уәзірлері опасыздықпен өлтірілгені туралы да деректер бар4.
Зерттеушіжоғарыдағыоқиғалардысараптайкеле: "Первыйиз указанных периодов приходиться на время полнокровнойдеятельности половецкого епископства и расселенияполовцев-католиков в Венгрии, где они вплоть до нашеговремени помнили отченаш по-кумански"3,- деп, өзпікірінқорытады.

²Әбдірахманов А. Венгер және қазақ халықтарының тарихи туыстығы //


Қазақ әдебиеті, 1964, 14 июнь, №24. 3-4-б.
³Гаркавец А.Н. Кыпчакские языки: Куманский и армянско-кипчакский.
Алма-Ата: Наука, 1987. стр. 16.
⁴Там же, стр. 16.
⁵Там же, стр. 16.

178
Соныменбірге, аталғанғалым "Кодекс Куманикус"ескерткішінің 1303 жылданбұрынырақжазылуымүмкінекендігінайтакеліп, Кафу, Солхат, Керч, Сарай секілдіқалалардафранцисканмонастрлерініңболғандығытуралыдеректергемәнберген. Оныңойынша "Кодекстің" толықжинаққаайналғанжері Кафу болса керек6.


Жалпы, "Кодекс Куманикус" ескерткішін алғаш рет ғылыми зерттеу нысанасына алған атақты шығыстанушы Генрих Юлий Клапрот екені мәлім. Ғалым "Кодекс" туралы Томасинидің "Қайта тірілген Петрарка" атты кітабынан оқып біледі де, Венецияда тұратын досы Сальви арқылы оның көшірмесін сұратып (1824 ж.) алдырады. Ол қолжазбадағы куман сөздерін түпнүсқада және транслитерация тұрғысынан тізіп, француз тіліне аударып шығады. Бұл еңбегін Ю.Клапрот 1828 жылы Парижде бастырып шығарады. Мүнда 8 беттік кіріспемен бірге 2500 куман сөзі болған.
Әрине, Ю.Клапроттың еңбегі салыстырмалы грамматикаға негізделді және көптеген тілдік талдаулардың негізіне сүйенген еді. Аталған жұмыстың кемшілігі де көп болды. Кейін оған Г.Кун, Г.Шотт, О.Гастлинг, О.Блау, Ә.Құрышжанов сынды ғалымдар түзетулер енгізді. Әйтсе де, тілдік жағынан елеулі олқылықтар бола тұра, "Кодекс Куманикустің" тұңғыш басылымы ретінде Ю.Клапроттың еңбегі өзінің тарихи мақсатына жетті деп саналады және ол қыпшақтануға даңғыл жол ашты.
Мұнан соң ескерткіштің қолжазбасын толықтай латын тіліне аударып, 1880 жылы Будапештте бастырып шығарған венгер ғалымы Геза Кунның еңбегі зор болды. Бұл еңбек бүкіл түркітанушылардың назарын аударды. Кітаптың кіріспесінің өзі 9 тараудан тұрды. Бұл арада қолжазба тарихы; Ю.Клапрот баспасы жөнінде; кумандар тілінің Шығыс Еуропадағы іздері; қыпшақтар мен өзге түркі халықтары; тұрандықтар: скиф, массагет, сақ, алаң, парфян, қыпшақ, оғыз, түрік халықтары және олар туралы ғалымдардың мәліметтері; кумандардың географиялық орналасуы; куман тілінің басқа тілдермен туыстығы туралы талдаулар; парсы тіліндегі сөздік туралы; қолжазбаны түзген кісілердің қолтаңбасы; т.б. көптеген мәселелер қамтылған еді. Екінші бөлімде еңбектің түпнұсқасы түгелдей берілген. Ал, басылымның үшінші бөлігі сөздіктер: 1. Куманша-латынша (2800 сөз); 2. парсыша-латынша; 3. немісше-латынша; 4. Ескі латынша және кейінгі латынша; 5. түзетулер мен ескертпелер; 6. Венгер академиясы ғалымдарының жариялаған еңбектерінің
⁶Там же, стр. 16.

179
тізімі. Кітаптың жалпы көлемі - 397 бет болды. Әділін айту керек, Г.Кунның бұл еңбегі түркітанудағы елеулі жетістіктердің бірі еді. "Кодекс Куманикусті"арнайы зерттеген алғашқы қазақ оқымыстыларыныңбірі Ә.Құрышжановтың: "Түркі халықтарының тарихын, олардың тілі мен толып жатқан жағдайларын (әдебиетін, этнографиясын, әлеуметтік-саяси құрылысын, экономикалық шаруашылығын, діни сенім-нанымын т.б.) зерттеп білуде Г.Кун баспасының ролі аса зор болды. Сонымен біргекумандар араласқан елдер мен оларға көрші халықтартарихының кейбір көкейтесті мәселелерін анықтап білуге де мүмкіндік туды. Г.Кун кумандар туралы мәселені бүкіл597шығыстану әлеміне бір көтеріп тастады" - деген пікірі венгер ғылымына берілген лайықты баға скені сөзсіз.


Мұнан соң ескерткішті В.В.Радлов та зерттеп, бір қатар еңбектер жазды. 1884 жылыоның "О языке куманов поповоду издания куманского словаря" аттыкітапшасыжарықкөрді. Ондағалымкумантілініңдыбыстықжүйесі мен оғанқолданғанготикалықәліппеніңсәйкестікдеңгейінзерттегенболатын. КөпүзамайВ.В.Радлов "Кодекстің" негізіндекуманша-немісшесөздікбастырыпшығарды (көлемі3000 сөз). Ә.Құрышжановтыңжазуынақарағанда, немісғалымыныңбұлеңбегіндеГ.Кунбаспасыменсалыстырғандаелеулікемшіліктерорыналған. Бұлқателеркөбінесе,фонетика, орфография тұрғысынанболса керек. Ал, 1936жылыК.Гренбек "Кодекс Куманикус" қолжазбасыныңтүпнұсқасынКопенгагендежариялады. Іле-шала, куманша-немісшесөздік те шығарды (1942 ж.). Бұданбасқа румынғалымы Вл. Дримбаның "Куман тілініңсинтаксисі" депаталатынеңбегі (Лейден-Брилл, 1937 ж.) де осы ескерткіштіңтілдікжүйесінзерттеугеарналды.
Қазақ ғалымдарының арасында "Кодекс Куманикусті" арнайы зерттеген проф. Ә.Құрышжанов пен А.Н.Гарковецболды. Бұл ретте, әсіресе, Ә.Құрышжановтың зерттеулеріерекше құнды. Ол ескерткішті зерттеп қана қоймай, осытақырыпта алғашқы диссертациялық еңбегін де жазып, қорғап шықты3. Ғалым ескерткішті жүйелі зерттеумен ұзақуақыт бойы шұғылданып, бірнеше ғылыми еңбектер жазды. Ә.Құрышжанов "Кодексті" орыс тіліне аударып жариялағаналғашқы ғалым. Сондай-ақ, зерттеуші осы ескерткіштіңжәне басқа да орта ғасырлық қыпшақ жәдігерлерінің
⁷Құрышжанов Ә., Жұбанов Қ, Белботаев А. Куманша-қазақша жиілік сөздік. Алматы: Ғылым, 1978. 22-б.
⁸Курышжанов А. Формы и значения падежей в языке CODEX CUMANICUS.Автореферат канд. дисс. Алма-Ата, 1956.

180
мәтіндерін қарастыра отырып, докторлық еңбегін де сәтті қорғаған болатын3. Бұл еңбектерінде автор куман-половецтер мен қыпшақтардың өмірі мен тарихы, этнографиясы мен мәдениеті, тілі мен әдебиеті төңірегінде құнды пікірлер айтқан.


Әрине, "Кодекс Куманикус" Орта ғасырдағы қыпшақ тілінің ғана емес, сол дәуірдегі коне қазақ әдебиетінің де кейбір іздерін сақтаған бірегей мұра екені даусыз. Бұлжағынан алғанда ескерткішті әдеби тұрғыдан зерттеу өтекеш қолға алынды. "Кодекстің" қазақ әдебиеті тарихынақатысы туралы Х.Сүйіншәлиев, Б.Кенжебаев, Ә.Дербісалиев, C.Қасқабасов сияқты ғалымдардың ғылыми еңбектерінде бірқыдыру жазылды. Алайда ескерткішті жанрлық көркемдік тұрғыдан жан-жақты қарастыру жағы әлі де кемшін екені рас.
Ғалымдар "Кодекс Куманикус" қолжазбасында кездесетін мына бір шумақты мысалға алып, оны қыпшақтардың өлең үлгісі ретінде қарастырған:
Әуе ұшмақтың қалағы,
Тірліктің ағашы,
Жемісін тердік,
Әуе (әулие) Мариям кім бізге?
Тудырдың бү жаһанда
Аны кім тәңірі түрүр,
Перуфат нешік айтып түрұр…
Б.Кенжебаев: "Бұл шағын өлең миссионерлік идеяға суарылған діни-уағыздық жыр үлгісінің бірі. Бұған қарап, XI ғасырлардағы батыс қыпшақтарының арасында христиан дініне өткендер және осы дінді насихаттайтын әдебиеттің де жақсы дамығанын байқауға болады"10 десе, әдебиет зерттеушісі Х.Сүйіншәлиев те осындай пікір! білдіреді.
"Кәдекс Куманикус" шығармасының қолжазба нүсқасы көптеген түркі халықтарынан шыққан ғалымдардың тарапынан да зерттеу нысанасына ілікті. Әйткенмен,бұл еңбектердің түгелге жуығы бірыңғай тілдік тұрғыда
болғандықтан, біздің жұмысымызға пайдаланылған жоқ."Кодекс Куманикустің" қолжазба күйіндегі жалғыз данасы Венециядағы Марк әулиенің шіркеуінде сақталған. Оның К.Гренбек (1936 ж. Копенгаген) жариялаған түпнүсқасынан
⁹Курышжанов А. Язык старокыпчакских письменных памятников XIII-Xi
в.в. Автореферат докт. диес. Алма-Ата, 1973.¹⁰Кенжебаев
Б. Әдебиетбелестері. Алматы: Жазушы, 1986.29-б.
¹¹Сүйіншәлиев Х. Ғасырларпоззиясы: Зерттеулер. Алматы: Жазушы,1987. 99-6.

181
аударылғанқыпшақтіліндегіжүмбақтардыңкөпшілігі "Ежелгідәуірәдебиеті" хрестоматиясына енген12. Ә.Құрышжановжұмбақтардыңаудармасы мен біргетранскрипциясынқосажариялаған.


Осындағыкөптегенжұмбақтардыңқұрылысыжағынанқазақжырларынақаттыұқсайтынынбайқадық. Мысалы:
Күнненелшікеледі,
Күмісшашыпкеледі.
Айданелшікеледі,
Алтын шашып келеді!3
(Күн мен айдыңшашылғаннүрсәулесі)
Немесе:
Аққұбақайдақыстайды?
Қандыжердеқыстайды.
Қанды неге жұқпайды,
Қапішінде қыстайды14
(ол - қарындағыішмай)
Болмаса:
…Өзегіберікшарттерек,
Бүғанасысықырлайды,
Қаракүшпеншыңданады.
(ол - анасыныңжылағаны, еңірегені)
Міне, бұлмысалдардан "Кодекс Куманикустегі"жұмбақтардыңқазақөлеңдерінежақынкелетінінбайқаймыз.Әсіресе, жыраулық поэзияға ұқсас жерлері көп. Профессор Б.Кенжебаев қазақ өлеңінің құрылысына қатыстымақаласында жұмбақтардың өлең-жырларға үқсастығын атап көрсеткен!5
Бұл тұрғыдан келгенде "Кодекс Куманикус" пен қазақ әдебиеті арасында дәстүрлі байланыстың бары сөзсіз.
Сондай-ақ, ескерткіштегі діни аңыздар мен хикаялардан да Орта ғасырлық прозаның іздерін байқауға әбден болады. Қорыта айтқанда, Қыпшақтар кітабы - "Кодекс Куманикус"қазақ әдебиеті тарихынан маңызды орындардың бірін иеленеді.
¹²Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы: Ана тілі, 1991. 176-184 -б.
¹³Сонда, 182-б.
¹⁴Сонда, 183-б.
¹⁵Кенжебаев Б. Әдебиетбелестері. Алматы: Жазушы, 1986. 87-б.

182



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет