Мемлекеттік бағдарламасы


Негізгі бағыттар, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар



бет5/8
Дата24.02.2016
өлшемі0.75 Mb.
#16047
1   2   3   4   5   6   7   8
5. Негізгі бағыттар, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары
мен тиісті шаралар


 

Хаб негізінде макроөңірлерді дамыту негізіндегі аумақтық даму бірыңғай экономикалық нарықты қалыптастыруға бағытталатын болады.

Экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын және халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында көзделген.

Хаб-қалалар экономикалық өсу және ел халқын тарту орталықтарына айналады. Олар жоғары сапалы білім беру, ақпараттық және көліктік қызметтер көрсету, бәсекелестікті жоғарылату, шетел инвесторлары үшін тартымды жағдайлар жасау есебінен адами капиталды дамыту және оны өнімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

Солтүстік макроөңірдегі хаб Астана қаласы болады. Өскемен қаласы орталық-шығыс макроөңірдің хабы болады. Ақтөбе қаласы - батыс макроөңірдің хабы. Шымкент пен Алматы - оңтүстік макроөңірдің хабтары.

Астанадан коммуникацияның барлық түрлері басқа макроөңірлердің хабтарына бағытталатын болады. Макроөңірлердің басқа ірі қалалары екінші деңгейдегі қалалар ретінде дамитын болады, олар хабпен «шұғыла» қағидаты бойынша тығыз байланыста болады.

Өсу және іскерлік белсенділік орталықтары ретінде хабтардың дамуы Қазақстанда урбандалудың деңгейін көтеруге ықпал ететін болады. Мынадай негізгі автожол жобалары іске асырылатын болады: Батыс Қытай — Батыс Еуропа; Астана - Алматы; Астана - Өскемен; Астана - Ақтөбе - Атырау; Алматы - Өскемен; Қарағанды - Жезқазған - Қызылорда; Атырау - Астрахань.

Астана географиялық тұрғыдан сәтті орналасқан теміржол және автомобиль желілерінің көліктік торабы болып табылады, қала халқының саны 2020 жылға қарай 852,9 мың адамнан 991 мың адамға дейін өседі.

Астана хабы өңіраралық автожолдар желілері: «Орталық-Шығыс», «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Батыс» жобаларын іске асыру есебінен барлық макроөңірлерді байланыстыратын орталық болады, сондай-ақ солтүстік макроөңірдің тораптық орталығы болады. Магистральдық автомобиль және теміржол қатынастары арқылы, сондай-ақ авиажелілер есебінен Астана барлық макроөңірлерді бірыңғай көлік хабына байланыстыруға тиіс. Тиімді жұмыс істейтін көліктік-логистикалық және әлеуметтік-мәдени байланыстар жүйесі құрылады, бұл өз кезегінде, экономикалық өсуге қосымша серпіліс береді.

Жаңа елорда белсенді құрылыс орталығына айналды. Астанада ірі білім беру және медициналық кластер қалыптастырылған, ғылым дамып келеді.

Екпіндей өсу әлеуметтік инфрақұрылымға, атап айтқанда мектептерге, балабақшаларға, емханаларға айтарлықтай жүктеме түсірді.

Инженерлік-коммуникациялық және көлік инфрақұрылымының дамуы Астананың транзиттік және өндірістік-өткізу әлеуетін едәуір ұлғайтады.

Астана хаб-қаласының аумақтық-кеңістікте орналасуының бәсекелік артықшылықтарын іске асыру қаланы халықаралық ұйымдар мен трансұлттық корпорациялар үшін тартымды етеді, олар оны диалог алаңы ретінде қарастыратын болады.

1,5 млн. адамнан аса халқы бар Алматы қаласы оңтүстік макроөңірдің хабына айналады. 2020 жылға қарай оның саны 1 882,5 мың адамға дейін өседі.

Алматы хабының дамуы желілік өсу аймағы ретінде Алматы облысы аудандарының үшінші деңгейдегі қалалары: Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандары, Есік, Қапшағай, Қаскелең, Талғар қалалары, Байсерке, Боралдай, Жетіген, Қараой, Өтеген батыр, Ұзынағаш, Шамалған кенттері қамтылған Алматы агломерациясын қалыптастырумен байланысты болады, Алматы қаласын қоса алғанда, олардағы халық саны 2020 жылға қарай 2668,2 мың адамнан 3063,9 мың адамға дейін өседі.

711,9 мың адам халқы бар Шымкент қаласы Оңтүстік макроөңірдің хабы болады. Қала халқының саны 2020 жылға қарай 796,9 мың адамға дейін ұлғаяды.

Оңтүстік макроөңір арқылы экономикалық қатынастардың дамуына ықпал ететін сауда жолдары өтеді. Бүгінде бұл мүмкіндіктер көп есе өсті. Ұтымды көліктік-экономикалық жағдай, мол еңбек рерустары, қазіргі заманғы телекоммуникациялық желі, шектес мемлекеттерге жылдам әрі жедел шығу отандық кәсіпкерлер үшін де, шетелдік бизнесмендер үшін де қолайлы инвестициялық ахуал жасайды.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сатып алуды ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бойынша қойылған міндеттерді тиімді шешу үшін көліктік-логистикалық және көтерме-бөлшек сауданың қазіргі заманғы инфрақұрылымы құрылатын болады. Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің құрылысы оңтүстік макроөңірдің экономикасын, сондай-ақ Еуропа мен Азияның арасын байланыстырушы буын ретінде Оңтүстік Қазақстанның және жалпы еліміздің рөлін күшейтеді.

Халық саны 439,5 мың адамды құрайтын Ақтөбе қаласы батыс макроөңірдің хабы болады. 2020 жылға қарай халық саны 470,3 мың адамға дейін ұлғаяды. Батыс макроөңір негізгі теміржол желілері және халықаралық автомагистральдар өтетін ірі көліктік және транзиттік торап болып табылады.

328,6 мың адам халқы бар Өскемен қаласы орталық-шығыс макроөңірдің хабы болады. 2020 жылға қарай оның халқы 361 мың адамға дейін көбейеді. Орталық-шығыс макроөңірдің тиімді көліктік-логистикалық жүйесін қалыптастыру көлік инфрақұрылымын, трансшекаралық сауданы дамытуға жаңа серпін береді, өзара пайдалы ынтымақтастықтың (экспорт-импорт) өсуіне, сондай-ақ макроөңірдің транзиттік әлеуетін барынша іске асыруға ықпал етеді.

Орталық-шығыс макроөңірде хабтың дамуы Қытайдан Қазақстанға, Шығыс және Батыс Еуропа елдеріне жүктерді жеткізудің және сақтаудың бірыңғай жүйесін құрады, оның мультимодальдық орталығы өтіп жатқан жүк легіне ғана емес, жергілікті халыққа да қызмет көрсетеді.

Бағдарламаны іске асырудан барынша жоғары әлеуметтік-экономикалық нәтиже алу мақсатында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды және тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуды жоспарлау кезінде қалыптасып отырған демографиялық үрдістер және көші-қон ағындарының қарқындылығы ескерілетін болады, олар хабтар мен екінші деңгейдегі қалалардың дамуына қарай күшейе түседі.

Екінші деңгейдегі қалалар бірқалыпты өсумен және өмір сүрудің орташа стандарттарымен ерекшеленетін болады. Мұнда бүкіл ел бойынша бірдей болып келетін инфрақұрылым мен әлеуметтік стандарттардың қажетті деңгейі сақталатын болады.

Халықтың күтілетін көші-қон қозғалысының артуын ескере отырып, көші-қон ағындарын реттеу, оның ішінде қала маңындағы аймақтарды дамыту арқылы реттеу шараларын көздейтін өңірлік саясатты үнемі түзетіп отыру, халықтың нақты қажеттілігіне сай келетін және оның санының одан әрі өсуін ескеретін білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ қалаішілік көлік инфрақұрылымын дамыту қамтамасыз етілетін болады.

Ішкі көші-қон саласында еңбек ресурстарын жұмыс күші шамадан артық елдің оңтүстік аймақтарынан солтүстік, солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс өңірлерге көшіруді ынталандыру бөлігінде көші-қон саясатын түзету жүзеге асырылатын болады.

Макроөңірлердің базалық инфрақұрылымын (жолдар, порттар, энергетикалық тораптар) дамыту құрылыс материалдары, туризм, өңдеу өнеркәсібі сияқты сабақтас салалар үшін оң әсер етеді, сондай-ақ тұтастай ел экономикасына маңызды мультипликативтік әсер етеді.

Тасымалдау жылдамдығын және көлік бағыттарын ұлғайту, көлік шығыстарын төмендету және энергиямен тиімді қамтамасыз ету іскерлік белсенділіктің, өнімділіктің және елдің көлік әлеуетінің өсуіне оң ықпал етеді.

Индустриялық инфрақұрылымды және туризмді дамыту, ШОБ субъектілерін қолдау және өмір сүру жағдайларын жақсарту макроөңірлердің экономикасын әртараптандыруға, жұмыспен қамтуды және халық табысының деңгейін жоғарылатуға, сондай-ақ олардың әл-ауқатын өсіруге септігін тигізетін болады.

Басым инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының тарапынан инвестициялар тарту экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін алғышарттар жасайды және өңірлік сәйкессіздіктерді төмендетуге ықпал ететін болады.

Осы Бағдарлама мынадай бағыттарды іске асыруға бағытталған.

 

 

Инфрақұрылымды дамыту


5.1 Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту


 

1. Автомобиль жолдарын дамыту

 

Макроөңірлерді, оның ішінде хаб-қалалардың даму деңгейін жоғарылату мақсатында осы Бағдарлама, сондай-ақ Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлер арасында, бірінші кезекте қалыптасып келе жатқан хаб-қалалар арасында физикалық және «экономикалық қашықтықтарды» қысқарту бойынша шаралар көзделген, олар макроөңірлер ішінде инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуді, көлік коммуникацияларының қолжетімділігін және олардың айналасындағы аудандармен және түйінді нарықтармен байланысын жақсартады.

Астананы «шұғыла» қағидаты бойынша өңірлермен байланыстыратын тиімді өңіраралық автожол желілерін құру үшін 2015 - 2020 жылдар аралығындағы кезеңде 1 және 2-санаттағы 6,7 мың км-дан астам автомобиль жолдары салынып, реконструкцияланады.

 

 

Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын жобалар

 



Қазақстанды «шұғыла» қағидаты бойынша кеңістіктік дамыту жүйесін қалыптастырудың ерекшеліктері мен перспективалары ескеріле отырып, мынадай жобалар іске асырылатын болады:

 «Орталық-Оңтүстік» жобасы «Астана - Қарағанды - Балқаш - Алматы» бағыты бойынша Қарағанды және Балқаш қалалары арқылы екі ірі хаб Астана мен Алматыны және тиісінше орталық-шығыс макроөңірін оңтүстікпен байланыстыруға мүмкіндік береді, ал ол шекара маңындағы аумақтарда құрғақ порттардың транзиттік әлеуетінің мүмкіндіктерін кеңейтуге, сыртқы нарықтарға экспортты ұлғайтуға, көліктік-логистикалық көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға түрткі болады. Автомобиль жолы цемент және асфальтбетон жабыны бар 1-ші техникалық санатқа көшірілетін болады, осы бағыт бойынша орташа тәуліктік қарқындылық тәулігіне 10 мыңнан астам автомобильді құрайды. Оңтүстік өңірді орталықпен, солтүстікпен және шығыспен сапалы байланыстыруды қамтамасыз ететін осы бағыттың экономикалық маңыздылығын ескере отырып, перспективада хаб-қалалардағы халықтың өсуіне байланысты автокөлік құралдарының қарқындылығы тәулігіне 15 мың автомобильге дейін өседі деп күтіледі. Жоба 2019 жылы аяқталатын болады.

асфальтбетон жабыны бар 1-ші техникалық санатқа көшірілетін болады, осы бағыт бойынша орташа тәуліктік қарқындылық тәулігіне 10 мыңнан астам автомобильді құрайды. Оңтүстік өңірді орталықпен, солтүстікпен және шығыспен сапалы байланыстыруды қамтамасыз ететін осы бағыттың экономикалық маңыздылығын ескере отырып, перспективада хаб-қалалардағы халықтың өсуіне байланысты автокөлік құралдарының қарқындылығы тәулігіне 15 мың автомобильге дейін өседі деп күтіледі. Жоба 2019 жылы аяқталатын болады.

 «Орталық-Шығыс» жобасы «Астана - Павлодар - Қалбатау - Өскемен» бағыты бойынша Павлодар мен Қалбатау елді мекендері арқылы Астана мен Өскемен қалалары арасында сапалы көлік байланысын қамтамасыз етуді болжайды, бұл транзиттік жүктерді тартуға, отандық тауарлардың экспортына, туристік кластерді дамытуға ықпал ететін болады. Автомобиль жолы цемент және асфальтбетон жабыны бар 1-ші және 2-ші техникалық санатқа көшірілетін болады. Ең жоғары орташа тәуліктік қарқындылық Астана - Павлодар (тәулігіне 9 мың автомобильден артық) учаскесіне тиесілі, Павлодар - Семей - Қалбатау - Өскемен учаскесіндегі орташа тәуліктік қарқындылық тәулігіне 5 мың автомобильден артық. Жоба 2019 жылы аяқталатын болады.

 «Орталық-Батыс» жобасы Астананы батыс өңірлермен байланыстырады, сол арқылы орталық және батыс өңірлерінің арасында жүк айналымын ұлғайту, олардың кооперациясы, автомобиль, теңіз және теміржол көлігімен тасымалдауды ықпалдастыру үшін жағдайлар жасалатын болады, қазақстандық теңіз порттары арқылы отандық тауарлар үшін жаңа нарықтар ашылатын болады. Автомобиль жолы жекелеген учаскелер бойынша цемент және асфальтбетон жабыны бар 2-техникалық санатқа көшірілетін болады, перспективада орташа тәуліктік қарқындылық тәулігіне 9 мыңға дейін автомобильді құрайды. Жоба 2020 жылы аяқталады.

 «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі құрылысының аяқталуымен қатар 2015 - 2017 жылдары мынадай автомагистральдарды салу және реконструкциялау бойынша жобалар іске асырылатын болады: Қапшағай - Қалбатау, Астана - Петропавл - РФ шекарасы, Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды, Үшарал - Достық, Орал - Каменка, Ақтөбе - Атырау - Астрахань, Астана қаласының оңтүстік-батыс айналымы.

 «Орал - Каменка - РФ шекарасы», «Ақтөбе - Атырау - Астрахань» автожолдарын реконструкциялау жөніндегі жобалар тұтастай батыс макроөңірді дамытуға ықпал ететін болады және өнімнің өзіндік құнындағы көлік шығындарын қысқарту арқылы Ресей нарықтарына отандық тауарлар экспортын ынталандырады, себебі қозғалыстың орташа жылдамдығы ұлғайғандықтан, жолдағы уақыт қысқарады.

шеңберінде автожол жобалары, сондай-ақ автожол саласында, оның ішінде Алматы (ҮАААЖ), Шымкент және транзиттік бағыттарда орналасқан басқа да ірі қалалардың айналма жолдарын салу кезінде МЖӘ жобалары іске асырылады.

Жобаларды іске асыру үздік халықаралық тәжірибені игеру, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және автожол құрылысы секторына заманауи технологияларды тарту үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен (бұдан әрі - ХҚҰ) бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

Осы Бағдарлама шеңберінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау макроөңірлерді сапалы автомобиль қатынасымен бірыңғай тұтас жүйеге біріктіреді, бұл макроөңірлер мен хаб-қалаларды жақындастыруға және өзара дамытуға, сондай-ақ еңбек көші-қонын жақсартуға мүмкіндік береді және азаматтардың жүріп-тұруы үшін қолайлы жағдайлар туғызады.

 «Шұғыла» қағидаты бойынша өзара бір-бірімен байланысқан елдің әрбір өңірі үшін өнімнің өзіндік құнының көлік шығындарын қысқартудан түсетін экономикалық пайда, өңіраралық тасымалдау жылдамдығын ұлғайту және тиісінше жолға кететін уақыт пен жолды пайдаланушылардың пайдалану шығындарын қысқарту, сондай-ақ ЖКО санын төмендету есебінен жобаларды іске асырудың тиімділігіне қол жеткізіледі. Жобалардың инвестициялық фазасы кезеңінде 200,0 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.

 

 

2. Теміржол секторын және логистиканы дамыту

 

2016 жылы елдің орталығы мен батысын өзара байланыстыратын «Жезқазған - Бейнеу» теміржол желісін тұрақты пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл магистральды пайдалануға беру Орталық Қазақстаннан Ақтау портына, Түрікменстанмен шекараға дейін және Парсы шығанағы елдеріне ең қысқа теміржол қатынасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді және негізінен елдің теміржол қаңқасын қалыптастырады.

Ел ішіндегі жүк тасымалын және Иран, Қытай, Ресей, ЕО елдері бағытында жүк айналымын ұлғайту бойынша қолайлы жағдайлар жасау үшін оңтүстікте поездардың қозғалысын ұйымдастыруда және батыста транзиттік тораптарды қосуда «тар» жерлерді жою бойынша жобалар іске асырылады.

Бұл мақсатта «Боржақты - Ерсай» теміржол желісін, Құрық портындағы паром өткелін және «Алматы-1 - Шу» учаскесін электрлендіре отырып, тұтас рельсті екінші жолдар салу көзделеді.

2014 жылы Құрық портын теміржол магистралімен байланыстыратын «Боржақты - Ерсай» теміржол желісінің құрылысы басталды, ол 2015 жылы аяқталады. «Боржақты - Ерсай» теміржол желісін салу 2019 жылы шамамен 3,6 млн. тоннаға дейін жүк тасымалдау көлемін қамтамасыз етеді.

Теміржол инфрақұрылымын дамыту тұрақты жүк ағынын, сондай-ақ Құрық порты ауданындағы кеме жасау және кеме жөндеу зауыты мен металл конструкцияларының зауыты сияқты дамып келе жатқан өндірістерге көлік қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді.

Паромдық көлік жүйесінің көп функциялы болуы Каспий маңындағы көршілес мемлекеттермен (Иран, Әзербайжан) елдің батыс өңірі үшін қажетті: халық тұтынатын тауарлар, жабдықтар, құрылыс материалдары және т.б. сияқты жүктермен қамтамасыз ету үшін тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2016 жылы аяқталатын Құрық портындағы паром өткелінің жобасын іске асыру қазақстандық жүк жөнелтушілердің мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттау бағыттарын әртараптандыра отырып, басты және құйылмалы жүктерді жөнелту порттары мен межелі порттарда ауыстырып тиеу бойынша шығыстарсыз теңіз арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде Қазақстанда толыққанды екі теңіз порты пайда болады. Каспий теңізінде порттар арқылы жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 2020 жылға қарай шамамен 25 млн. тоннаны құрайтын болады, оның ішінде Құрық паром кешені жүктерді ауыстырып тиеудің 4 млн. тоннаға дейінгі көлемін қамтамасыз етеді.

Тасымалдау тиімділігін арттыру үшін 2016 жылы аяқталатын Алматы-1 - Шу учаскесінде электрлендірілген, тұтас рельсті екінші жолдарды салу жөніндегі жоба іске асырылады, бұл қозғалыс жылдамдығын арттыруға, поездардың жолда жүру уақытын қысқартуға, учаскенің өткізу және тасымалдау қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Айталық, екінші жолдарды салу жүктерді алып өту қабілетін 25 млн. тоннадан 80 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Осы учаскеде поездардың жүру уақыты 1,5 есе дерлік қысқарады.

Тұтастай алғанда, теміржол секторы мен логистика жобалары бойынша құрылыс кезеңінде ашылған жұмыс орындарының саны шамамен 2 мың адамды, ал тұрақты пайдалану кезінде - 500 адамды құрайды.

Бұдан басқа, оңтүстік макроөңірдің транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында МЖӘ тетігін пайдалана отырып, Алматы станциясының теміржол торабын айналып өтетін теміржол желісін салу жоспарланып отыр.

Астана әуежайының өткізу қабілетін екі есеге ұлғайту және әуе компаниясының операциялық қызметінен шектеулерді алып тастау, сондай-ақ жолаушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында 2015 жылғы ақпанда Астана қаласы әуежайының терминалын кеңейту және ҰҚЖ-ны реконструкциялау жұмыстары басталды, олар 2017 жылғы наурызда аяқталатын болады. Бұл жобаны іске асыру елорданың ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен өткізуге байланысты әуе тасымалына өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Бұл бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында айқындалған мақсаттарға қол жеткізу жолдарын үйлесімді толықтыратын болады, олар экономикалық өсуді қамтамасыз етуді, ел ішіндегі автомобиль және теміржол желілерін жоғары ықпалдастыру арқылы елдің транзиттік және экспорттық әлеуетін ұлғайтуды мақсат етеді.

 

 

5.2. Индустриялық инфрақұрылымды және туризм инфрақұрылымын дамыту



 

Макроөңірлерде де, сондай-ақ хаб-қалаларда да өнеркәсіпті дамытпайынша бірыңғай ішкі нарықты қалыптастыру мүмкін емес. Өнеркәсіпті теңгерімді дамыту үшін барлық макроөңірлерде мемлекет тарапынан тең мүмкіндік жасалуы қажет. Сондықтан өңдеу өнеркәсібінің секторларын инфрақұрылымдық қолдау ИИДМБ-ны іске асырудың басты шарттарының бірі болып табылады. Бұл ретте арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар индустрияландыруды инфрақұрылымдық қолдаудың түйінді элементтері болып табылады.

Бағдарлама шеңберіндегі басым міндет «ҰИМТ» және «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылымының құрылысын аяқтау болып табылады.

АЭА-ны басқару үшін халықаралық деңгейдегі кәсіби компаниялар тартылатын болады, бұл АЭА-ны басқарудың тиімділігін арттыруға және оларды инвесторлар үшін тартымды етуге мүмкіндік береді.

2015 - 2019 жылдар аралығындағы кезеңде «ҰИМТ» АЭА аумағында мынадай:

1) ықпалдастырылған газ-химия кешені зауытының базасында қуаты жылына (1-ші фаза) 500 мың тонна полипропилен;

2) ықпалдастырылған газ-химия кешені зауытының базасында қуаты жылына (2-ші фаза) 800 мың тонна полиэтилен;

3) қуаты: жылына 14 738 тонна биаксиальді бағдарланған полипропилен үлдір, жылына 4 125 тонна полиэтилен үлдір, 48 млн. дана полиэтилен қап полимерлік өнім өндірісі бойынша ірі мұнай-газ химиясы жобалары іске асырылатын болады.

Қазіргі уақытта «ҰИМТ» АЭА инфрақұрылымының әзірлігі 6%-ды құрайды. 2018 жылға қарай «ҰИМТ» АЭА инфрақұрылымының құрылысын аяқтау үшін жалпы зауыттық инфрақұрылымның алаң ішіндегі және алаң сыртындағы объектілерінің, сондай-ақ бірыңғай газ турбиналық электр станциясы, су тазалау және су дайындау жөніндегі кешендер, техникалық газдарды өндірудің бірыңғай қондырғысы сияқты өндірістік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы бойынша жұмыстар орындалады.

Қажет болған жағдайда және 2014 - 2015 жылдары Ұлттық қордан бөлінген қаражатты тиімді пайдалануды ескеріп, «ҰИМТ» АЭА-ның инфрақұрылымын одан әрі салу үшін осы Бағдарламаны 2017 жылға қаржыландыру көлемін бөлу кезінде қосымша қаржыландыру мәселесі пысықталатын болады.

 «ҰИМТ» АЭА инфрақұрылымын салу мұнай-газ химиясы саласына шамамен 1,8 триллион теңге көлемінде инвестициялар тартуға және пайдалану кезеңінде шамамен 1,5 мың тұрақты жұмыс орнын, сондай-ақ құрылыс кезеңінде 5 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

 «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА логистикалық аймағында «құрғақ порт» салынатын болады, ол Қытайдан келетін жіңішке табанды теміржол құрамдарына және қазақстандық жалпақ табанды теміржол құрамдарына қызмет көрсететін болады. «Құрғақ порттың» ішіне және сыртына апаратын теміржол «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралін кесіп өтіп, аумақтан жол өтпесі арқылы шығатын болады.

2014 жылы «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА жобасының бірінші іске қосу кешені (құрғақ порт және оған іргелес логистикалық инфрақұрылым) іске қосылды.

2015 жылы «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылымын салу аяқталатын болады, оның ішінде теміржол жүктерін өңдеу үшін терминалдарды салу бойынша, логистикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымына құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалатын болады. «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылымын салу жүк тасымалдауды жылына 4 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға, 37 млрд. теңгеге жуық жекеше инвестицияларды тартуға және тұрақты жұмыспен қамтылған халық санын 6 мың адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Басқа АЭА-лар инфрақұрылымын салу шеңберінде 2015 - 2018 жылдар аралығындағы кезеңде «Павлодар» АЭА, «Ақтау теңіз порты» АЭА, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА, «Астана - жаңа қала» АЭА инфрақұрылымдарын салуды аяқтау жөніндегі мәселе пысықталатын болады.

Бұл АЭА-лар инфрақұрылымын салуды қаржыландыру жоспарлы тәртіппен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Индустриялық аймақтарды дамыту саясаты өңірлік мамандануды, кластерлік даму қағидатын және жергілікті бизнестің мүмкіндіктерін ескеретін болады.

Жергілікті атқарушы органдар индустриялық аймақтарды құру үшін өңір экономикасының құрылымын ескере отырып, техникалық-экономикалық негіздеме әзірлейді. Индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын құру үшін жергілікті атқарушы органдар оларды жергілікті бюджеттен қаржыландыру мәселесін пысықтайтын болады.

Бұл ретте индустриялық аймақтарды құрудың жекелеген жобалары конкурстық негізде республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылуы мүмкін.

Индустриялық аймақтарды тиімді басқару мақсатында жергілікті атқарушы органдар басқарушы компанияларды конкурстық негізде тартатын болады, оларға инвестицияларды тарту және индустриялық аймақтардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызмет тиімділігін бағалау критерийлері белгіленетін болады. Басқарушы компанияларды тарту үшін оларға жер учаскелерін сенімгерлік басқаруға беру мәселесі қаралатын болады.

Туризмді дамыту мақсатында сырттан келетін және ішкі туризмді одан әрі дамытуға бағытталған туризм инфрақұрылымын құру бойынша іс-шаралар іске асырылатын болады. Бұл шаралар Алакөл, Кендірлі, Балқаш басым курортты аймақтарында, сондай-ақ Қарқаралы, Баянауыл және т.б. рекреациялық аймақтарға келушілердің сапалы демалысқа сұранысын қанағаттандыруға бағытталатын болады.

Туристік кластерлердің инфрақұрылымын дамыту үшін табиғаттың көрнекі жерлері мен тарихи-мәдени мұра объектілеріне апаратын автомобиль жолдарын жөндеу және реконструкциялау, қолданыстағы теміржол инфрақұрылымын жаңғырту, жұмыс істеп тұрған әуежайларды жаңғырту және жаңаларын салу, шағын авиацияны дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі мәселелер пысықталатын болады, сондай-ақ бұрын басталған жобаларды іске асыру жалғасады.

Туризмді дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін ағымдағы жылы Туристік объектілердің көліктік қолжетімділігі мен инженерлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету жоспары әзірленеді.

Осы жоспардың шеңберінде туризм инфрақұрылымының нақты жобаларын іске асыру тетіктері мен қаржыландыру көздері, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру көздері пысықталады.

Сонымен қатар, туризм саласын одан әрі институционалды дамыту мақсатында мынадай шаралар пысықталатын болады:

Қазақстанға визасыз кіру бойынша елдердің тізбесін кеңейту. ЭЫДҰ елдеріне қатысты визасыз режим енгізу мәселесін пысықтауға болады. БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (ЮНВТО) деректеріне сәйкес мұндай шаралар сырттан келетін туризмді 30%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Мысалы, көрші Қырғызстан 2012 жылы 44 ел үшін визасыз режим енгізді, бұл елге келетін туризмді 64%-ға ұлғайтты. Грузияда 94 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режим қолданылады;

елдің халықаралық әуежайларында, мысалы, хаб-қалалардың әуежайларында 72 сағаттық транзиттік виза енгізу. Бұл шара әлемде кеңінен қолданылады және елдің транзиттік әлеуетін туристік мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді;

туризм саласындағы әкімшілік кедергілерді төмендету;

туризм объектілерінің инвестициялық тартымдылығын арттыру.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет