Мемлекеттік бағдарламасы



бет8/8
Дата24.02.2016
өлшемі0.75 Mb.
#16047
1   2   3   4   5   6   7   8
7. Қажетті ресурстар

 

Бағдарламаның іс-шаралары мен инвестициялық жобалары негізінен Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.

Бағдарламаны іске асыру үшін тартылатын Ұлттық қор қаражатының жалпы көлемі 2015 - 2017 жылдар аралығындағы кезеңде 9 млрд. АҚШ долларына балама соманы құрайды.

Ұлттық қордың қаражаты республикалық бюджетке нысаналы трансферттер түрінде де, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілетін облигациялық қарыз түрінде де тартылатын болады.

Бұдан басқа, Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік кредиттер, ХҚҰ-дан үкіметтік сыртқы қарыздар, мемлекеттік емес және мемлекет кепілдік берген ХҚҰ қарыздары, ұлттық компаниялардың, даму институттарының меншікті қаражаты, сондай-ақ капитал нарығында тартылатын басқа да қаражат тартылатын болады.

Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.

Халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен қоса қаржыландырудың индикативтік көлемі шамамен 8,97 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын ХҚҰ қарыздарының көлемі қарыздарды дайындау және оларға қол қою барысында нақтыланады.



Жобаларды іске асыру үшін Ұлттық қор қаражатынан 2015 - 2016 жылдарға мынадай жобаларға қаражат бөлінеді:

Автожол жобалары

Автожол саласындағы жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан 296,7 миллиард теңге сомасына қаражат бөлінеді, оның ішінде:

1) Орталық-Оңтүстік (Астана - Қарағанды - Балқаш - Күрті - Қапшағай - Алматы) автомобиль магистралін салу және реконструкциялау - 92 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы - 57 млрд. теңге, 2016 жылы - 35 млрд. теңге;

2) Орталық-Шығыс (Астана - Павлодар - Қалбатау - Өскемен) автомобиль магистралін салу және реконструкциялау - 120 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы - 77 млрд. теңге, 2016 жылы - 43 млрд. теңге;

3) Орталық-Батыс автомобиль магистралін салу және реконструкциялау - 8,4 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге - 2 млрд. теңге, 2016 жылы - 6,4 млрд. теңге;

4) республикалық маңызы бар басқа жолдарды реконструкциялау — 76,3 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы - 42 млрд. теңге, 2016 жылы - 34,3 млрд. теңге.

ХҚҰ қатысатын автожол жобалары

2016 жылдан бастап Батыс Еуропа - Батыс Қытай және Бейнеу - Ақтау жобалары бойынша қарыздарды игеру кезінде үнемдеу есебінен қалыптасқан 763 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі қарыз қаражатын 2016 жылы Ұлттық қордан 4,6 млрд. теңге сомасында қоса қаржыландыра отырып, Күрті - Бурылбайтал, Ұзынағаш - Отар, Ақтөбе - Мақат, Жетібай - Жаңаөзен автожол жобаларын іске асыруға қайта бөлу жүзеге асырылады.

Бағдарламада 2015 - 2016 жылдарға көзделген жобаларды іске асыру үшін жалпы индикативтік сомасы 5 583 млн. АҚШ доллары болатын жаңа қарыздарға қол қойылады оның ішінде Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің қарызы - 942 млн. АҚШ доллары, Дүниежүзілік Банкінің қарызы - 3 183 млн. АҚШ доллары, Азия Даму Банкінің қарызы - 550 млн. АҚШ доллары, Ислам Даму Банкінің қарызы - 908 млн. АҚШ доллары.

Теміржол жобалары

Теміржол саласы мен көліктік логистика жобаларын іске асыруға, одан әрі «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамын капиталдандыра отырып, республикалық бюджетке нысаналы трансферттер арқылы Ұлттық қордан 46,3 млрд. теңге сомасына қаражат мынадай жобаларға бөлінеді:

1) Алматы-1 - Шу учаскесінде екінші жолдарды салу - 27,8 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы - 8,3 млрд. теңге, «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының қаражаты есебінен 2016 жылы 11,9 млрд. теңге сомасына қоса қаржыландыра отырып, 2016 жылы - 19,4 млрд. теңге;

2) Боржақты - Ерсай теміржол желісінің құрылысын аяқтау - «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының қаражаты есебінен 2,8 млрд. теңге, оның ішінде 2014 жылы - 0,3 млрд. теңге, 2015 жылы - 2,5 млрд. теңге сомасына қоса қаржыландыра отырып 2015 жылы - 6,7 млрд. теңге;

3) Құрық портында паром өткелін салу, ол мынадай құрылым бойынша қаржыландырылатын болады: құрылыстың жалпы құны - 16,4 млрд. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан 2015 жылы - 4,8 млрд. теңге, 2016 жылы - 7,0 млрд. теңге, «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының меншікті қаражаты 2016 жылы - 4,6 млрд. теңге.

Азаматтық авиация жобалары

Астана қаласы әуежайының ҰҚЖ мен терминалын реконструкциялауға 2015 жылы Ұлттық қордан 29 млрд. теңге бөлінеді. Сонымен қатар ХҚҰ мен «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының меншікті қаражатын тарта отырып, жобаны қоса қаржыландыру мәселесі пысықталады.

Индустриялық инфрақұрылым жобалары

 «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА-ны дамыту

Инфрақұрылым салуды қаржыландыру мақсатында 2015 жылы Ұлттық қордан 68,5 млрд. теңге бөлінеді.

 «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА-ны дамыту

2015 жылы АЭА инфрақұрылымын аяқтауға Ұлттық қор қаражатынан 12,5 млрд. теңге бөлінеді. Бұл ретте 2015 жылы «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының қаражаты есебінен қоса қаржыландыру 10,7 млрд. теңгені құрайды.

Энергетикалық инфрақұрылым жобалары

 «Екібастұз — Шүлбі ГЭС - Өскемен 500 кВ желісін салу» жобасының 1-кезеңін қаржыландыру «KEGOC» АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Құрылыс құны 43,315 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша: 2011 - 0,242 млрд. теңге, 2012 - 0,163 млрд. теңге, 2013 - 0,325 млрд. теңге, 2014 - 8,585 млрд. теңге, 2015 - 17 млрд. теңге, 2016 - 14,7 млрд. теңге, 2017 - 2,3 млрд. теңге.

 «Семей - Ақтоғай - Талдықорған - Алма» 500 кВ желісін салу» жобасының 2-ші кезеңін қаржыландыру «KEGOC» АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен, сондай-ақ ХҚҰ қарыз қаражатын тарта отырып жүзеге асырылады. Құрылыс құны 76,8 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде жылдар бойынша: 2012 - 0,164 млрд. теңге, 2013 - 0,311 млрд. теңге, 2014 - 0,185 млрд. теңге, 2015 - 2,610 млрд. теңге, 2016 - 28,026 млрд. теңге, 2017 - 30,566 млрд. теңге, 2018 - 14,936 млрд. теңге.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту (реконструкциялау және салу) жобалары.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту (реконструкциялау және салу) жөніндегі жобаларды іске асыруға 150 млрд. теңге сомасындағы Ұлттық қор қаражаты, оның ішінде:

2015 жылы - 60 млрд. теңге;

2016 жылы - 90 млрд. теңге;

және одан әрі жыл сайын кемінде 100 млрд. теңге бөлінеді.

Жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын ХҚҰ қарыздарының көлемі қарыздарды дайындау және оған қол қою барысында айқындалатын болады.

Тұрғын үй инфрақұрылымының жобалары

Тұрғын үй инфрақұрылымын қолдауға бөлінетін Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландырудың жалпы көлемі 150 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:

1) «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамының және оның еншілес ұйымдарының тұрғын үй салу (сатып алу) аудандарында инженерлік желілерді жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер арқылы - 35,0 млрд. теңге, оның ішінде:

2015 жылы - 17,5 млрд. теңге;

2016 жылы - 17,5 млрд. теңге;

2) «ҚИК» ИҰ» АҚ желісі бойынша кейіннен жалға беру үшін тұрғын үй объектілерін салуды және (немесе) сатып алуды қаржыландыруға - 115 млрд. теңге, оның ішінде:

2015 жылы — 92,5 млрд. теңге;

2016 жылы - 22,5 млрд. теңге.

Тұтастай алғанда, «ҚИК» ИҰ» АҚ желісі бойынша кейіннен жалға беру үшін тұрғын үй объектілерін салуды және (немесе) сатып алуды барлық көздерден жалпы қаржыландыру 250,0 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:

1) Ұлттық қордың қарыз қаражаты - 115 млрд. теңге;

2) 2016 жылы бюджеттік кредиттеу тетігі арқылы республикалық бюджеттен бөлінетін қарыз қаражаты - 30 млрд. теңге;

3) 2017 - 2019 жылдары облигацияларды орналастырудан тартылған, «ҚИК» ИҰ» АҚ меншікті қаражаты - 50,0 млрд. теңге;

4) 2013 - 2014 жылдары «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат - 29,2 млрд. теңге;

5) 2017 - 2019 жылдары қаражатты қайта пайдалану есебінен «ҚИК» ИҰ» АҚ меншікті қаражаты - 25,8 млрд. теңге.

Тұрғын үй салуды және (немесе) сатып алуды қаржыландыру шарттары, тетігі мен қаражатты бөлу тәртібі Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында айқындалған.

Білім беру саласындағы инфрақұрылым жобалары

Жалпы білім беру жүйесінде авариялық мектептердің орнына және үш ауысымды оқытуды жою үшін 37,5 млрд. теңге сомасына мектептер құрылысы қаржыландырылады.

Бағдарламаны іске асыру кезеңінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында хаб-қалаларда, екінші деңгейдегі қалаларда, экономикалық өсу орталықтарында, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа елді мекендерде 9,8 млрд. теңге сомасына балабақшалар салу жобалары және 12,7 млрд. теңге сомасына мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысы қаржыландырылады.

Жоғары білім беру саласында ИИДМБ-ның базалық 10 жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасын дамытуға 6 млрд. теңге жұмсалады.

Мәселен, жылдар бойынша қаржыландыру:

1) 2015 жылы мектептерге 14,3 млрд. теңге, балабақшаларға 14,3 млрд. теңге және балабақшалардағы мемлекеттік білім беру тапсырысына 12,7 млрд. теңге, жоғары оқу орындарына 3 млрд. теңге;

2) 2016 жылы мектептерге 23,2 млрд. теңге, балабақшаларға 6,8 млрд. теңге, жоғары оқу орындарына 3 млрд. теңге құрайды.

Astana Business Campus ғылыми паркінің құрылысын қаржыландыру көзінің бірі болып, бюджет шамасына қарай, тиісті жылға арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бөлінетін республикалық бюджет қаражаты болып табылады.



Кәсіпкерлік субъектілерін қолдау

Кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға барлық көздерден қаржыландырудың жалпы көлемі 255 млрд. теңге құрайды, оның ішінде:

ШОБ және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына 50 млрд. теңгеден тең үлестермен қаражат орналастыру арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беруге 2015 жылы Ұлттық қордан бөлінетін қаражат - 100 млрд. теңге;

2) ХҚҰ қаражаты:

Дүниежүзілік Банк - 2016 - 2017 жылдары 37 млрд. теңге;

Азия Даму Банкі - 2015 - 2017 жылдары 81 млрд. теңге;

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі - 2015 - 2016 жылдары 37 млрд. теңге.

ШОБ жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын ХҚҰ қарыздарының көлемі қарыздарды дайындау және оған қол қою барысында нақтылануы мүмкін.

Халықаралық қаржы ұйымдарымен жобаларды қоса қаржыландыру

ХҚҰ-мен жобаларды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру мақсаттары үшін мынадай мөлшерде қаражат бөлінеді:

2015 жылы - 39,2 млрд. теңге;

2016 жылы - 41,3 млрд. теңге.

Дағдарысқа қарсы жаңа шаралар

2015 жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен мыналар қаржыландырылатын болады:

отандық машина жасауды дамыту - 35 млрд. теңге, оның ішінде:

1) автомобильдер өндірісі - 20 млрд. теңге;

2) тікұшақтар өндірісі - 10 млрд. теңге;

3) жолаушылар вагондары өндірісі - 5 млрд. теңге.

экспорталды және экспорттық қаржыландыруды ынталандыру - 2015 жылы - 35 млрд. теңге және 2016 жылы - 15 млрд. теңге;

2015 жылы АӨК-ті қосымша қолдауға - 20 млрд. теңге, оның ішінде:

1) АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру бағыты шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға - 7,0 млрд. теңге;

2) ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге — 1,5 млрд. теңге;

3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруға - 11,5 млрд. теңге;

бұрын басталған кредиттік тұрғын үй жобаларын аяқтау және үлестік салымдарды қорғауға - 45 млрд. теңге, оның ішінде:

1) бюджеттік кредиттеу тетігі арқылы «ҚТҚЖБ» АҚ желісі бойынша бұрын басталған кредиттік тұрғын үй жобаларын аяқтауға Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктеріне - 2015 жылы бөлінетін 30 млрд. теңге, қайтару мерзімі - 2016 жылғы 31 наурызға дейін;

2) үлестік салымды кепілдендіру тетігін іске асыру үшін кейіннен «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайта отырып, «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту - 2015 жылы 5 млрд. теңге және 2016 жылы - 10 млрд. теңге;

Бизнестің жол картасы - 2020 жобалары үшін қажетті инфрақұрылымды жүргізу - 10 млрд. теңге;

өнім сапасының инфрақұрылымын дамыту - 5 млрд. теңге;

перспективті учаскелерді геологиялық зерделеу - 6 млрд. теңге.

 

Аббревиатуралардың таратылып жазылуы:

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

- «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

«ҚТҚЖБ» АҚ

- «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы

«KEGOC» АҚ

- «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» акционерлік қоғамы

«ҚИК» ИҰ» АҚ

- «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ

- «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы

«ҚДБ» АҚ

- «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы

«Даму» КДҚ» АҚ

- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы

АКҚ

- автокөлік құралдары

АӨК

- агроөнеркәсіптік кешен

АЭА

- арнайы экономикалық аймақтар

БЭЖ

- бірыңғай электр энергетикалық жүйесі

ДСҰ

- Дүниежүзілік сауда ұйымы

ДЭФ

- Дүниежүзілік экономикалық форум

ЕАЭО

- Еуразиялық экономикалық одақ

ЖАО

- жергілікті атқарушы орган

ЖЖ

- жоғары вольтті желі

ЖКО

- жол-көлік оқиғасы

ЖСҚ

- жобалық-сметалық құжаттама

ЖӨӨ

- жалпы өңірлік өнім

ЖІӨ

- жалпы ішкі өнім

ЖЭК

- жаңартылатын энергия көздері

ИИДМБ

- Индустриялық-инновациялық дамудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

ИКИ

- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым

КО

- Кеден одағы

КС

- кіші станция

ҚР

- Қазақстан Республикасы

МЖӘ

- мемлекеттік-жекеше әріптестік

НКИ

- нақты көлем индексі

ПӘК

- пайдалы әсер коэффициенті

ТКК

- тау-кен байыту комбинаты

ТКШ

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

ТР

- техникалық регламент

ҰҚЖ

- ұшу-қону жолағы

ҮАААЖ

- Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы

ХВҚ

- Халықаралық валюта қоры

ХҚҰ

- халықаралық қаржы ұйымдары

ШОБ

- шағын және орта бизнес

ІҚМ

- ірі қара мал

ЭЫДҰ

- Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

FIDIC

- Халықаралық инженер-консультанттар федерациясы

 

 

 

 

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет