Мемлекеттік бағдарламасы


Қазақстандағы урбандалу деңгейінің динамикасы



бет3/8
Дата24.02.2016
өлшемі0.75 Mb.
#16047
1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстандағы урбандалу деңгейінің динамикасы

 



 

Урбандалу процесімен қалалардың және олардың маңындағы жерлердің ұлғаюы, экологиялық, көлік, тұрғын үй және әлеуметтік проблемалардың шиеленісуі қатар жүреді.

Азаматтардың көпшілігінде тұрғын үй сатып алу үшін жинақтар мен табыстарының деңгейі жеткіліксіз, осыған байланысты халықаралық практикаға сәйкес, тұрғын үй құрылыс жинақтарының жинақтау жүйесі, банктер беретін ипотекалық кредиттер, сондай-ақ үлестік тұрғын үй құрылысы сияқты кредиттік тұрғын үйдің қаржы құралдары әзірленді.

Мемлекет тұрғын үй құрылысы саласын реттеу мен дамытуды жетілдіру, сондай-ақ халықты тұрғын үймен, оның ішінде қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатыр.

Жалпы, халық санының өсуі, көші-қон легінің жандануы және жаңа тұрғын үй салу саласында мемлекет көрсетіп отырған қолдау өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағдарланған азаматтар санының жыл сайын өсуіне алып келді.

2011 жылдан бастап ЖАО коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар (ЖАО-да кезекте тұрғандар) саны екі есе артты және одан әрі ұлғаюда.

Мәселен, 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ЖАО-да кезекте тұрғандар саны 300 мыңнан астам адамды құрады, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 130 мыңнан астам адам, бюджеттегілер мен мемлекеттік қызметшілер - 127 мың адам, жетім балалар - 44 мың адам.

 

 

Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаждар
есебінде тұрған азаматтар санының және тұрғын үй алған
азаматтар санының динамикасы


 

мың адам

 



Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар саны қалалар бойынша шамамен 204,6 мың адамды құрайды (хаб-қалалар бойынша - 86,1 мың адам және екінші деңгейдегі қалалар бойынша - 118,5 мың адам), оның ішінде:

Алматы қаласы - 15,6 мың адам;

Астана қаласы - 33,4 мың адам;

Ақтөбе қаласы - 16,7 мың адам;

Шымкент қаласы - 13,6 мың адам;

Өскемен қаласы - 6,7 мың адам;

Атырау қаласы - 14,2 мың адам;

Ақтау қаласы - 6,6 мың адам;

Көкшетау қаласы - 6,2 мың адам;

Қостанай қаласы - 8,9 мың адам;

Қызылорда қаласы - 15,0 мың адам;

Қарағанды қаласы - 12,0 мың адам;

Петропавл қаласы - 10,0 мың адам;

Павлодар қаласы - 12,7 мың адам;

Тараз қаласы - 8,9 мың адам;

Талдықорған қаласы - 9,9 мың адам;

Орал қаласы - 14,0 мың адам.

Халықтың әлеуметтік осал жіктерінің тұрғын үй мәселесін шешу үшін мемлекет жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй салуды жүзеге асыруда.

2012 жылдан бері халықтың ауқымды жіктері, оның ішінде әлеуметтік осал жіктер мен жас отбасылар үшін жергілікті атқарушы органдар және мемлекет қатысатын компаниялар жалға берілетін тұрғын үйді, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің кредиттік тұрғын үйін салуды жүзеге асыра бастады.

2015 жылдың басына барлығы 1 955 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 1 096 мың шаршы метр - жалға берілетін тұрғын үй, олармен 16 мыңнан астам азамат қамтамасыз етілген, 859 мың шаршы метр - кредиттік тұрғын үй, онымен 13 мың азамат қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар бүгінде құрылысына азаматтардың қаражаты тартылған, аяқталмаған коммерциялық тұрғын үй проблемасы өзекті болып отыр. Бұл қаражат тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңнаманың жеткілікті түрде ұтымды болмауына байланысты нашар қорғалған.

Айталық, 2007 жылы әлемдік қаржы дағдарысының туындауы және үлескерлер мүдделерін тиімді қорғау құралдарының болмауы салдарынан құрылыс объектілерінің басым бөлігі тоқтатылып қойылған. Қазақстан Республикасының Үкімет мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан 62 889 үлескерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 450 құрылыс объектісін аяқтауға 464,3 млрд. теңгеден астам мөлшерде қаражат жұмсауға мәжбүр болды.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елде құрылысына 1664 үлескер тартылған 14 проблемалы тұрғын үй объектісі бар.

Бүгінде үлескерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша тиімді шаралар қабылдау мақсатында үлескерлер қатысатын объектілер құрылысын заңнамалық тұрғыдан регламенттейтін, құрылыс салушыға үлескерлердің ақшасын «нөлдік» құрылыс циклінен бастап пайдалануға тыйым салатын тетік қабылданды, яғни құрылыс салушы құрылыс объектісінің 30%-на дейінгісін өз қаражаты есебінен салуға міндетті.

Мектепке дейінгі мекемелердің аса тапшы болуы, жалпы білім беретін мектептердің үш ауысымдылығы және экономика үшін білікті кадрлар даярлау үшін жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық нашар жарақтандырылуы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың негізгі проблемалары болып табылады.

Республикада 2014-2015 оқу жылында 7222 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оларда 2,5 млн. оқушы оқиды. Орта білім беруде үш ауысымдылықты толық жою бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен бірге, жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, 2014-2015 оқу жылының басында 136 мектеп авариялық жағдайда болды, 99 мектепте оқу үш ауысыммен жүргізілген.

Осылайша, жалпы білім беретін мектептердің авариялылық жағдайын және үш ауысыммен оқытуын жою бойынша шаралар қабылдауды жалғастыру қажет.

Мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымын кеңейту жалғасуда. 8467 мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымы жұмыс істейді, оларға 727,4 мың бала барып жүр. Мектепке дейінгі ұйымдардың ұсынылған желісі 3-тен 6 жасқа дейінгі балалардың 78,6%-ын мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз етеді.

2020 жылға қарай осы жастағы балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен толық қамту міндеті тұр. Осыған байланысты, мектепке дейінгі ұйымдарда орындардың тапшылығын қысқарту бойынша түбегейлі шаралар қабылдау қажет.

Қазіргі уақытта 500 мыңнан астам адам оқитын 126 жоғары оқу орны жұмыс істейді. 2014 жылы ИИДМБ басымдықтарына сәйкес техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылып, бакалавриатта - 12 600, магистратурада - 2 230, докторантурада 202 грантты құрады.

Сонымен бірге, жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасының нашар болуы салдарынан оқытудың практикадан алшақ болуы байқалады. Нәтижесінде түлектер жеткілікті практикалық құзыретті меңгермейді.

Осыған байланысты, практикалық орталықтар - зертханалар құру арқылы оқыту сатысында кадрлар біліктілігінің төмен болу себептерін жою үшін түбегейлі шаралар қабылдау қажет.

Қазіргі уақытта Қазақстанның білім беру жүйесінің көшбасшысы болып табылатын Назарбаев Университеті (бұдан әрі - Университет) жұмыс істейді және оның озық тәжірибесін отандық басқа жоғары оқу орындары сәтті үйренуде.

Университетте ғылыми зерттеулер жүйесін дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 50-ден астам зертхана базасында ғылыми жобаларды тәуелсіз іріктеу, қаржыландыру, техникалық қолдау тетіктері жұмыс істейді.

Халықаралық тәжірибенің негізінде ғылыми жобаларды коммерцияландыру жүйесі құрылды, ол мынадай элементтерден тұрады: коммерцияландыру офисі, инкубатор, пилоттық технопарк. Жүйе ғылыми идеядан-патент, технология немесе тәжірибелік үлгі түріндегі өнімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Экономиканы дамытуда, ел халқын жұмыспен қамтуда ШОБ-қа негізгі рөл беріледі. Бүгінде мемлекеттік қолдау шараларымен бизнес жүргізудің барлық дерлік салалары қамтылған.

Қазіргі кезде Қазақстанда 1 655 980 ШОБ субъектісі тіркелген, оның ішінде 899 968 бірлік немесе тіркелген субъектілер жалпы санының 54,3%-ы белсенді әрекет ететін субъектілер болып табылады.

Белсенді әрекет ететін ШОБ субъектілерінің негізгі бөлігі елдің оңтүстік макроөңірінде шоғырланған (Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласы, Қызылорда, Алматы және Жамбыл облыстары) — белсенді әрекет ететін субъектілердің жалпы санының 46,5%-ы немесе 419 015 бірлік. Белсенді әрекет ететін ШОБ субъектілері тұрғысынан халық тығыз орналасқан келесі макроөңір орталық-шығыс макроөңірі болып табылады (Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары) - 19,6% немесе 176 560 бірлік. Одан кейін солтүстік (Астана қаласы, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары) және батыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары) макроөңірлері орналасқан, оларда ШОБ субъектілерінің тиісінше 18,4%-ы (165 805 бірлік) және 15,5%-ы (138 588 бірлік) қызметін жүзеге асырады.

Тұтастай алғанда, елде белсенді әрекет ететін субъектілер саны 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,3%-ға ұлғайды (абсолютті көріністе 103 414 бірлікке ұлғайды). ШОБ субъектілері санының өсуіне бизнесті жүргізу жағдайларындағы жағымды өзгерістер ықпал етеді, мұны халықаралық сарапшылар да атап өтуде. Мәселен, Дүниежүзілік банктің 2014 жылғы «Doing Business» рейтингінде Қазақстан ескі әдістеме бойынша 50-орынға ие болды (жаңа әдістеме бойынша 77-орынға ие). Оң серпін, бірінші кезекте, меншікті тіркеуді оңайлату (14-орын) және салық салуды жеңілдету (17-орын) жөніндегі іс-шаралар есебінен қамтамасыз етілді.

2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ШОБ-та жұмыс істейтіндердің жалпы саны 2 898 286 адамды құрады, бұл елдің жалпы халық санының 16,6%-ын құрайды (2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 17 417,5 мың адам).

2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 10 132 426 млн. теңгеге жетті.

Соңғы үш жылда ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 20%-ға жетпейтін деңгейде тұрақтады, ал дамыған елдерде ЖІӨ құрылымындағы ШОБ үлесі 60%-дан асады. Экономиканың осы секторында белсенді жұмыспен қамтылған халықтың үлесі де 30% деңгейінде ауытқиды, ал дамыған елдердегі осыған ұқсас көрсеткіштер айтарлықтай жоғары. Осылайша, елдегі ШОБ экономиканың «қозғайтын күші» рөлін және халықты жұмыспен қамтуды арттыру жөніндегі функциясын әлі орындап отырған жоқ.

Бизнестің қосылған құны жоғары өнім өндірісіне, инновациялық, тиімді және үнемді өндіріс тетіктерін енгізуге ұмтылысының болмауы, сондай-ақ ұзақ мерзімді кредит қаражатының төмен қолжетімділігі, сыртқы нарықтардағы жоғары бәсекелестік және т.б. ШОБ-тың дамуын тежейді.

Нәтижесінде ШОБ құрылымында сауда қызметінде және жоғары біліктілікті талап етпейтін салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің дәстүрлі үстемдігі байқалады.



ШОБ құрылымын сапалы өзгерту және олардың экономиканың «қозғайтын күші» рөлін орындауын қамтамасыз ету үшін оңтүстік макроөңірдің көшбасшы кәсіпкерлерінің тиімділігін, солтүстік және орталық-шығыс макроөңірлерінің ШОБ субъектілерінің әлеуетін арттыру, батыс макроөңірі субъектілерінің қызметін жандандыру, сондай-ақ кәсіпкерлікті жеңілдікті қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдаланудың тиімділігін ұлғайту қажет.

Сонымен бірге, қалыптасып отырған сыртқы экономикалық жағдай экономикаға келеңсіз ықпалын тигізуде. Сыртқы тәуекелдерді нивелирлеу және ағымдағы өндіріс көлемі мен жұмыс орындары санының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өңдеу өнеркәсібі мен АӨК-нің жекелеген салаларын қолдау шараларын кеңейту, экспорттаушыларға қолдау көрсету, сондай-ақ ішкі нарықты қорғау бойынша шаралар қабылдау керек.

Өңдеу өнеркәсібінің өсуі және шикізаттық емес экспорттың ЖІӨ-дегі үлесі әлемдік практикаға сәйкес экономиканың әртараптандырылу деңгейі туралы айғақтайды.

Соңғы 5 жылда өңдеу өнеркәсібіндегі нақты өсім 24,5%-ды, бұл ретте тау-кен өндіру өнеркәсібінде - 21,1%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі жыл сайын орта есеппен 6,4%-ға озыңқы қарқынмен өскенде, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі өсу орта есеппен 3,0%-ды құрады, ЖІӨ-дегі өңдеу секторының үлесі 2008 жылғы 11,8%-дан 2013 жылы 10,7%-ға дейін қысқарды.

Ел экспортында шикізаттық емес өнімнің үлес салмағы алты жылда 28 %-дан 23 %-ға дейін қысқарды.

Өңдеу өнеркәсібі көрсеткіштерінің төмендеуіне байланысты оның өсуін жекелеген секторларының өніміне сұраныс тудыру арқылы ынталандыру қажет.

2014 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанда машина жасау өнімі өндірісінің көлемі 0,5%-ға төмендеді. Бұл ретте жеңіл автокөліктер шығару 0,8%-ға, жүк теміржол вагондарын - 5,2%-ға, жолаушылар вагондарын - 55%-ға, дизельді локомотивтер шығару - 44%-ға азайғаны байқалады.

Шетел инвестицияларын тарту, жаңа технологиялар трансферті арқылы авиация өнеркәсібін дамыту мақсатында 2010 жылы Airbus француз концернімен «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» бірлескен кәсіпорны құрылды, 2012 жылы жыл сайынғы қуаты 10 тікұшақты құрайтын, ЕС 145 көп нысаналы тікұшақтарын ірі торапты құрастыру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі зауыттың өзі пайдалануға берілді. Бірлескен кәсіпорын қызметін бастапқыда қолдау үшін Қазақстан тарапы 2017 жылға дейін 45 тікұшақ сатып алу туралы ниетке қол қойды. Бұдан басқа, сертификатталған авиациялық оқу орталығы бола отырып, аталған кәсіпорын перспективада Еврокоптер тікұшақтарына техникалық қызмет көрсету және авиация мамандарын оқыту бойынша өңірлік хаб болуды жоспарлап отыр.

Отандық машина жасау өнімін шығарушыларға ішкі тұтынушылық сұраныстың төмендеуінен және өнім шығарудың өзіндік құнының өсуінен басқа саудағы негізгі әріптестермен арадағы көрініп отырған валюталық сәйкессіздіктер салдарынан бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуі де теріс әсерін тигізуде. Отандық өндірушілердің өнім шығару көлемінің төмендеуі аясында 2014 жылы жеңіл автокөліктер импорты Ресейден - 3%-ға, Өзбекстаннан - 56%-ға, Белорусиядан 4 есе өсті. Теміржол вагондарының импорты 2,3%-ға артты, бұл ретте Ресей өндірушілеріне қазақстандық нарықтың шамамен 60%-ы тиесілі. Ұшу аппараттарының Ресейден Қазақстанға импорты 2014 жылы 2,3 есе өсті.

Нарықтың ішкі сыйымдылығының азаюына байланысты теміржол жүк вагондары импортының жалпы деңгейінің төмендегеніне қарамастан, Ресей Федерациясынан вагондар импорты 2014 жылдың 11 айында 3,1 есе ұлғайды, қазақстандық нарықта Ресей өндірушілерінің үлесі бір жыл ішінде 15%-дан 52%-ға өсті.

Сонымен қатар, 2013 - 2014 жылдары тікұшақтар импортының 2,8 есе (29 млн. АҚШ долларына дейін) өскеніне қарамастан, Еврокоптер (ЕС 145) тікұшақтарын құрастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі отандық кәсіпорын қазақстандық мемлекеттік секторға 2011 - 2014 жылдары 26 бірлік тікұшақ берді, бұл 2014 жылы Қазақстан Республикасында азаматтық тікұшақтар үлесінің 25%-ын құрады.

Ресей Федерациясындағы экономикалық жағдайдың одан әрі нашарлауы бұл елге шикізаттық емес өнім экспортының төмендеуіне алып келеді.

Мәселен, Ресей Федерациясына экспорттың жалпы көлемі 5,6 млрд. АҚШ долларын (2013 ж.) құрайтынын, ал машина жасау, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп сияқты экономиканың әртараптандырылуы үшін стратегиялық маңызды салалар мен өзге де өңдеу салаларының өнімдерін беру көлемі жиынтығында Ресейге экспорттың 44%-ына дейін (2,4 млрд. АҚШ доллары) құрайтынын ескерсек, көрші ел нарығына отандық шикізаттық емес компаниялардың қатысуы біршама төмендеу қаупі бар.

Сонымен бірге, өнеркәсіпті банктік кредиттеудің төмен динамикасы байқалады. Екінші деңгейдегі банктердің өнеркәсіптік сектор кәсіпорындарына берген кредиттерінің жыл сайынғы көлемі 2014 жылы алдынғы жылдың деңгейіне қатысты 1,2%-ға, 1 415 млрд. теңгеге дейін төмендеді, оның 24%-ы ғана мерзімі бір жылдан асатын ұзақ мерзімді қарыздарға тиесілі. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер көлік құралдарын шығаратын кәсіпорындарға берген ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі 2014 жылы 44%-ға төмендеді.

Ағымдағы экономикалық жағдай елдің АӨК саласына мемлекеттің қосымша қатысуын қажет етеді, бұл ЕАЭО жағдайларында аса маңызды болып табылады.

2014 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,5 трлн. теңгені құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 0,8%-ға артық. Мал шаруашылығы саласындағы өсу 3,8%-ды құрады. Өсімдік шаруашылығы өнімінің НКИ-і 98,4%-ды құрады.

2014 жылы тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 2,9%-ға өсіп, 1 042,4 млрд. теңгені құрады. Азық-түліктің негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілуі 80%-дан астам құрайды.

2014 жылдың қаңтар-қарашасында барлық АӨК экспортының 1,9%-ға (2,4 млрд. АҚШ долларына) төмендегеніне қарамастан, өткен жылдан бастап алғаш рет ет пен ет өнімдері белсенді экспортталып жатқанын атап өткен жөн, 2014 жылдың қорытындысы бойынша олардың экспорты - 12,3 мың тоннаны, оның ішінде сиыр етінің экспорты 6,3 мың тоннаны құрады. Бұл ретте АӨК өнімі импортының 4,1%-ға (3,8 млрд. теңгеге) төмендегені байқалады.

Өсімдік шаруашылығындағы құрылымдық және технологиялық әртараптандыру нәтижесінде 2014 жылы бидайдың егістік ауданы 12,4 млн. гектарға дейін қысқарды, бұл 2010 жылдың көрсеткішінен 1,9 млн. гектарға төмен.

2014 жылы жалпы астық жиын-терімі өңдеуден кейінгі салмақпен 17,2 млн. тоннаны құрады, өнімділік 11,7 ц/га болды.

Мал шаруашылығында жеке үй аулаларында ауыл шаруашылығы мал басы үлесінің төмендеу және керісінше агроқұралымдарда мал басының саны мен үлесінің жоғары қарқынмен өсу үрдісі нығайды.

Мәселен, агроқұралымдарда ІҚМ саны 2014 жылы 13,2%-ға ұлғайып, 2 056,5 мың басты құрады, қой мен ешкі - 10,2%-ға (7 233,1 мың бас), жылқы - 11,5%-ға (880,2 мың бас), түйе - 7,8%-ға (74,6 мың бас), құс - 7,0%-ға (23 289,3 мың бас) ұлғайды.

Асыл тұқымды ІҚМ санының үлес салмағы 8,2%-дан 8,8%-ға дейін артты. Бұл ретте ет беретін асыл тұқымды ІҚМ санының үлес салмағы етті бағыттағы мал басының жалпы санының 14,8%-ын құрады.

2013 жылдан бастап аграрлық саланы қаржылай және қаржылай емес қолдау тетіктерінің тұтас кешенін қамтитын «Агробизнес-2020» бағдарламасы іске асырылуда.

2014 жылы субсидиялар көлемі 157,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 1,8 есе артық (87,2 млрд. теңге).

АӨК субъектілеріне көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау, оның ішінде алғаш енгізілген жаңа қолдау тетігі - инвестициялық субсидиялау арқасында 2014 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 14,4%-ға ұлғайып, 166,4 млрд. теңгені құрады. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар көлемі 16,5%-ға ұлғайып, 40,8 млрд. теңгені құрады.

Қазіргі уақытта әлемдік конъюнктураның келеңсіз әсерін сезініп отырған ЕАЭО бойынша әріптес елдер ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін ұлғайтып жатыр.

Осыған байланысты отандық АӨК-тің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау көлемін ұлғайту қажет етіледі.

Қалыптасып отырған жағдайларда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының өзектілігі арта түседі, олардың арасында басым бағыттардың бірі индустриялық (инженерлік) инфрақұрылымды жүргізу болып табылады.

Аталған құрал 2010 жылдан бері Бизнестің жол картасы - 2020 шеңберінде табысты іске асырылып келеді және жаңа өндірістерді құруға, қолданыстағы өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған ШОБ жобалары үшін жекелеген жобаларда да, индустриялық аймақтар мен бизнес-инкубаторларды ұйымдастыру шеңберінде де жүзеге асырылуда.

Бөлінетін қаражат газдандыру, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, телефондандыру, электр беру желілері және т.б. сияқты инфрақұрылымды салуға және реконструкциялауға жұмсалады.

Тұтастай алғанда, 2010 - 2014 жылдар аралығында шамамен 69,5 млрд. теңге сомасына жетіспейтін инфрақұрылым жүргізілді.

ЕАЭО-ның жұмыс істеуі және алдағы ДСҰ-ға кіру Қазақстан Республикасының сынақ базасын одан әрі сапалы дамыту қажеттілігін негіздейді.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сынақ базасында 680 аккредиттелген сынақ зертханасы, сәйкестікті растау жөніндегі 89 орган, менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі 67 орган, 359 салыстырып тексеру зертханасы, 28 калибрлеу зертханасы бар.

680 сынақ зертханасының 204 ғана Кеден одағы техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан өзектілендірілді.

Бұл ретте отандық аккредиттелген сынақ зертханаларының жарақтандырылуы Кеден одағы шеңберінде қабылданған нормативтік құжаттардың барлық талаптарын қамту үшін жеткіліксіз. Бұл отандық сынақ зертханалары көрсететін қызметтерден бас тартуға алып келеді және кейбір салалардың Кеден одағына және ЕАЭО-ға мүше көрші елдер зертханаларының ұқсас көрсетілетін қызметтеріне тәуелділігі пайда болуына ықпал етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында өрт-техникалық өнімдерінің, тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау, ұжымдық қорғау құралдарының, радиациялық және химиялық барлау аспаптарының, дозиметрлық бақылаудың және азаматтық қорғаныстың басқа да мүліктерінің барлық тізбесін толық көлемде қамти алатын сынақ зертханалары жоқ.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында құрылыс конструкцияларының өрт қаупі қасиеттерін (отқа төзімділік шегі, өрт қауіптілігі сыныбы) айқындау бойынша зертханалық-сынау қондырғылары жоқ, бұл құрылыста қазіргі заманғы құрылыс конструкцияларын пайдалануға мүмкіндік бермейді.

2014 жылы республикада химия және сонымен байланысты өнеркәсіп салаларында 1 241 086 мың АҚШ доллары сомасына өнім өндіріліп, 5 773 321 мың АҚШ доллар сомасына импортталды.

Қосымша жарақтандыру арқылы химия өнімінің сынақ зертханаларын дамыту адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге арналған, химия өніміне қойылатын міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті бағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ химия өнімінің пайдаланылу мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды шатасуға алып келетін әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді.

2014 жылы республикада 10 352 702 мың АҚШ доллары сомасына металл және одан жасалған бұйымдар өндірілді, 7 802 230 мың АҚШ доллары сомасына экспортталып, 4 249 673 мың АҚШ долларына импортталды.

Өндірілетін және әкелінетін металлургия өнімдерінің сәйкестігін бағалау, сондай-ақ халықаралық нарықтарға жылжыту үшін болатты, қорытпалар мен олардан жасалған бұйымдарды, оның ішінде мұнайгаз құбырларын сынақтан өткізу және олардың сапасы мен қасиеттерін зерттеу, сондай-ақ олардың бұзылу себептерін айқындау қажет.

2014 жылы республикада 355 978 мың АҚШ доллары сомасына жеңіл өнеркәсіп өнімі өндіріліп, 2 102 877 мың АҚШ доллары сомасына импортталды.

Жеңіл өнеркәсіп технологиялық тұрғыдан экономиканың аграрлық секторымен тығыз байланысты. Алайда, шикізаттың басым бөлігі шетелге ең төмен бағалар бойынша экспортталады. Ал дайын бұйымдар (оның ішінде қазақстандық шикізаттан) республикаға жоғары бағалар бойынша импортталады.

Жеңіл өнеркәсіп өнімінің импорты 86% құрайды, осыған байланысты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өндірілетін, сол сияқты республиканың аумағына әкелінетін өнімнің сәйкестігін бағалау үшін пайдаланылатын сынақ базасын жете жарақтандыру қажет.

Ет және сүт өнімдерінің бастапқы көздері ауылдық жерлер болып табылатын фактіні ескере отырып, 60 өңірлік ветеринариялық зертхананы қазіргі заманғы жабдықпен жете жарақтандыру басым бағыт болып табылады.

Экономиканың жекелеген салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және технологиялық процестің қамтамасыз етілуі мен өндірілетін өнім сапасын бақылау үшін қолданыстағы сынақ зертханаларын қазіргі заманғы жабдықпен және материалдармен жете жарақтау талап етіледі.

Қазақстан өзінің жер қойнауының минералдық ресурстарға байлығы мен алуан түрлілігі бойынша пайдалы қазбаларға бай елдер тобына кіреді. Оның минералдық-шикізат базасы отын-энергетикалық кешен (көмірсутектер, көмір, уран), қара, түсті, асыл және сирек кездесетін металдар кен орындарынан тұрады. Әлемдік қорларда Қазақстан үлесі уран бойынша шамамен - 18%, хром - 10%, қорғасын - 9%, мырыш - 8%, күміс - 5%, марганец - 5%, мыс - 5% құрайды.

Біздің ел энергетикалық шикізаттың, қара, түсті, асыл металдардың ірі экспорттаушысы болып табылады, атап айтқанда, 41%-ы әлемде алынатын уранға және 16 %-ы хромға тиесілі.

Бұл ретте қазіргі уақытта экспорттың едәуір үлесін құрайтын түсті және асыл металдардың белсенді қорлары шектелген және 12-15 жылда өндіріліп таусылуы мүмкін.

Әлемдік үрдіске сәйкес шикізат ресурстарын тұтыну көлемінің ұлғаюы оларды анықтау бойынша геологиялық зерттеулер жүргізуді жандандырады. Өндіруді жыл сайын арттыру пайдалы қазбалар қорларының орнын толықтыру үшін геологиялық барлау жұмыстарының көлемін ұлғайтуды қажет етеді.

Республиканың минералдық-шикізат базасының толықтырылуына байланысты проблемаларды шешуге жәрдемдесу мақсатында «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы құрылды, ол Қазақстан аумағындағы геологиялық барлауға әлемнің ірі халықаралық тау-кен компанияларының инвестицияларын тарту мақсатында «ILUKA»-мен, «RIO TINTO»-мен, «KORES»-мен, «ULMUS FUND»-мен бірге бірлескен жобаларды іске асырып жатыр.

Сонымен бірге, қазіргі заманғы экономикалық жағдайларда барлық дерлік инвесторлар мейлінше зерделенген алаңдарды геологиялық барлауға инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр.

Осыған байланысты тау-кен саласы дамыған көптеген елдерде қалыптасқандай геологиялық барлау жұмыстарының бастапқы сатыларын бюджеттік қаржыландыруды арттыру қажет.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет