«мемлекеттік басқарудың теориясы және практикасы»


Қолданылатын әдебиеттер тізімі



бет3/7
Дата20.06.2016
өлшемі476.5 Kb.
#149108
1   2   3   4   5   6   7

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007

2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007

3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2011


Дәріс №6. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымы

  1. Еліміздегі мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағыттары

  2. Мемлекеттік басқаруды демократияландыру оның қарқынды дамуының кепілі

Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының «іргетасы» - экономика мен әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге «құлақ түріп» отыруы керек. Өйткені жаңағы тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да есепке алынбайтын болса, онда олар бұрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдықтар тәжірибесі айқын дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі — қоғамның өндіргіш күш-куатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-шаруашылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді.

Елімізде мемлекеттік басқаруды жетілдірудің саяси астарына да үлкен көңіл бөлу қажет. Өйткені қоғамның экономикалық, әлеуметтік және интеллектуалдық әлеуеті өркендеген сайын оны басқару жүйесінің саяси негізі де сәйкесінше өзгеріп отырады. Ол осындай өзгерістерге ұшырамаған жағдайда аталмыш әлеуеттің өркендеуі жолында жасанды кедергілер кездесуі әбден мүмкін — бұл адамзат тарихында талай рет дәлелденген ақиқат. Сондыктан да еліміз "әуелі экономика, содан соң — саясат" қағидасын ұстана оты­рып, әлеуметтік-шаруашылық бағытта ірі табыстарға қол жеткізгесін ғана саяси реформа мәселелерін күн тәртібіне қойып, олардың негізгі арқауы — мемлекеттік басқаруды демократияландырудың ағымдағы өзекті істерін жүзеге асырып келеді. Осындай саяси да, тәжірибелік те маңызы зор ауқымды істің бастамасы Ел Басшысы 2007 жылғы мамыр айының 16-шы жұлдызындағы ҚР Пар­ламент палаталарының бірлескен мәжілісінде жасаған баяндама болып табылады. Бұл баянадамадан туындайтын шаралар тәуелсіз Отанымыздың саяси тарихының жаңа беттерін ашуға заңнамалық негіз құрастыратын болады. Олардың маңызын айқындай түсу үшін осы уақытқа дейін экономикалық дамуымыз бен саяси тұрақтылығымыздың іргетасы болып келген Атазаңымыздың (1995ж.) біраз негізгі ұстанымдарына токтала кеткен жөн. Әңгіме, ең алдымен, Президент, Парламент және Үкімет арасындағы конституциялық және биліктік байланыстар мен олардың мемле­кет басқарудағы орны жайында болғаны ләзім.

Еліміздегі мемлекеттік билік жүйесі Конституциямыздьщ 3-ші бабына сәйкес құрылып, оның үш тармағының (заң шығарушы, атқарушы органдар мен сот жүйесі) күнделікті қызметі өзара үйлесімділік пен бірін-бірі тежемелілік жағдайда іске асырылып келеді. Бұл жерде мемлекеттік басқарудың құрылымы мен кәсіби деңгейін жақсарта беру талабы "Қазақстан —2030" Стратегиясын іске асыру міндеттерінен де туындайды. Осы міндеттердің бірі -орталықтандырылған басқарушы органдар (Үкіметті қоса есептегенде) өздеріне онша тән емес қызметтерді орталыктан аймақтарға және мемлекеттен жекеше секторга беру, сөйтіп олардан арылу арқасында мемлекеттік басқаруды жетілдіре беру болып табыла­ды. Дегенмен, осындай түбегейлі міндеттерді жүзеге асыру үшін еліміздің Атазаңына да өзгерістер енгізу өмір талабынан туындап отыр.

Осы уақытқа дейін әлгі заңға сәйкес құрылған мемлекеттік басқару жүйесінің қағидалық сызбасы төмендегідей еді (122-бетті қараңыз). Жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде ел Президенті лауазымына ие болған адам Парламент келісімін ала отырып Премьер-Министрді, соңғысының ұсынысымен Министрлер мен облыс және Астана, Алматы қалаларының әкімдерін тағайындайды.

Бес жылдық мерзімге сайланған 77 депуттаттан (67-сі бір мандатты аумактық округтан,10 адам саяси партиялар тізімі бойынша) тұратын Мәжіліс Үкімет енгізген заң мәтіндерін талқылап, қажет деп есептеген жағдайда оларды Сенаттың назарына ұсынады. Ал, қажет деп есептемеген жағдайда ол мәтіндерді Сенат Мәжіліске, Мәжіліс - Үкіметке қайтаруға құқылы. Бұл - жаңағы заң мәтіндері әлі де жетілдіруді талап етеді деген сөз.

Қазіргі Конституциядағы ұстанымдарға байланысты мемлекеттік басқару органдары арасындағы тежемелік және тепе-тендік жүйесін пайдаланудың да біраз тәжірибесі жинақталды. Оған сүйенетін болсақ, кезінде Президенттік билікті күшейтудің бірден-бір дұрыс бағыт болғанына көз жеткіземіз. Сонау Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің сызбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында (1991-1993жж.) оны күшейтудің көптеген объективті себептерін ескеру керек болды. Олардың негізгілері ретінде мыналарды атап көрсеткеніміз жөн:

— тарихи масштабпен алғанда қасқағым сәтте құлап түскен алып империяның бір "пұшпағында" республикамыздың мемлекеттілігін қамтамасыз етіп, оны тәуелсіз ел ретінде қалыптастыру керек болды;

- республикалар одағынан тұратын мемлекет ыдырағанда болмай тұрмайтын экономикалық дағдарысты бастан кешіріп, одан тезірек шығу жолдарын қарастыру, ол жолда еліміз халықтарының менталитетін, табиғи - экономикалық және интеллектуалдық ресурстарды, ішкі және сыртқы саяси ахуалды және т.б. айтарлыктай ақиқаттарды ескеру керек болды;

- қол жеткен тәуелсіздігімізді қорғау және нығайту мақсатында ішкі саяси жағдайды ушықтырмау ісін еліміздің қорғаныс күштерін жаңадан жасақтау жұмысымен ұштастыру керек болды;

- көрші және алыстағы елдермен дипломатиялық, саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды орна-тып, оларды жан-жакты дамыту керек болды;

- отанымыздың ұзындығы 15 мың шақырымнан асатын шекарасын дәлірек анықтап, "іргемізді" бекітіп алу мақсатында көптеген және кезек күттірмейтін саяси-экономикалық мәселелерді шешу керек болды;

- мемлекеттің унитарлық болмысын ескере отырып, оның әлеуметтік-шаруашылық жүйесін тікелей (вертикаль) және көлденең (горизонталь) басқару жүйесін қалыптасқан жағдайға сәйкес шапшаңырақ жетілдіріп отыру керек болды;

- еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы бағыттары мен стратегиясын негіздеп, оларды сатылап іске асырудың түбегейлі мәселелерін өзара логикалық байланыста шешіп отыру керек болды.

Әрине, осы жоғарыда аталған проблемаларды ойластырып шешуде парламенттің рөлі айтарлықтай екені белгілі. Мемлекеттік құрылыс пен экономикалық құрылым түрі мен бағыттарының заңнамалық негізін қалыптастырудагы оның рөлі тіпті бөлекше. Дей тұрғанмен тал сол кезеңде қоғамдың өмір талабынан туындаған күрделі мәселелерді жедел шешу мүддесіне тек парламенттік көзқараспен келу уақыт жағынан ұтылысқа алып келер еді.Осыны өз уақытында түсінуге экономикалық, саяси-әлеуметтік және қоғамдық дамуымызға жанашыр болып жүрген алдыңғы қатарлы қайраткерлер мен саясаткерлердің интеллектуалдық деңгейінің жеткені де еліміздің бақыты болып есептелуге тиіс. Осындай түсіністіктің арқасында ғана Парламент Президенттік билікті күшейту жөнінде шешім қабылдауы және соңғы 15 жылдық тарихымыз сол шешімнің дұрыс болғандығын дәлелдеп берді.

Ал, Қазақстандағы ендігі жағдай мүлдем басқаша. Еліміз экономикасының іргетасы қаланып, "кабырғасы" қатайды. Оның жылма-жылғы өсу қарқыны жоғары (8-10%) және тұрақты болып отыр. Шаруашылыктағы жетістіктер әлеуметтік мәселелерді де түбегейлі шешуге мүмкіндік беріп отыр. Еңбекші халыктың табысы көбейді, кедейшілікпен күрес те жемісін беріп келеді, кызмет жасауға мүмкіндігі жоқ адамдарды мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғау күшейтілді. Соңғы 5 жылда халықтың табиғи өсімі әрбір 1000 адамға шаққанда 3,09-ға көбейіп, 2005 жылы 8,05—ке жетті. Жан басына есептегендегі кіріс пен әрбір жұмыскердің орташа еңбекақысы да осы мерзім ішінде 2 еседей өсті. Тағайындалған зейнетақы жөнінде де осыны айтуға болады. Еліміздегі банктік-несиелік құрылымдар мен қаржылық нарық жүйесі бұрынғы кеңестік республикалармен салыстырғанда алдыңғы қатарға шығып, бүкіләлемдік деңгейде таныла бастады. Қазақстанның осы деңгейдегі экономикалық және саяси орны да барған сайын айқындала түсуде. Оның мемлекеттілік нысандары, қорғаныстық және интеллектуалдық әлеуеті күшейтілді, соның арқасында халықаралық беделі бұрын-соңды болып көрмеген деңгейге көтерілді. Осының барлығы уақытында, бірақ эволюциялық қағидамен жүргізілген экономикалық реформалар мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп отырудың нәтижесі ретінде бағаланғаны ләзім.

Ендігі жерде мемлекетіміз бен экономикамыздың бәсекелестілігін арттыру, сөйтіп алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу мақсатында саяси реформаларды іске асыруды қолға алуға әбден болады. Өйткені ол үшін керекті факторлар, алғышарттар, экономикалық мүмкіндіктер, ішкі және сыртқы саяси жағдайлар жасалды. Сондыктан да Ел Басшысы биылғы халқымызға арнаған "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақастан" атты Жолдауында да, Қазақстанды демократияландыруды жаңа сатыға көтеру жөніндегі Парламент мәжілісінде (16.05.2007ж.) жасаған баяндамасында да тек әлеуметтік-экономикалық мәселелерді ғана емес, са­яси өмірімізге енгізілетін өзгерістерді негіздеп берді. Олардың көпшілігі алдымыздагы 10 жыл аясында жүзеге асырылуы керек.

Ең әуелі аталмыш Жолдаудың негізгі қағидаларына токталуымыз дұрыс болар еді. Қысқаша айтқанда, олардың мән-мағынасын төмендегіше топтауға болады:

- халықтың табысы мен әл-ауқатын өсіру, сөйтін оның өмір сүру деңгейін көтеру мақсатын іске асыруға саннан гөрі сапалық сипат беру; Бұл маңызды интегралдық көрсеткіш - адами даму индексін (адамдар өмірінің орташа ұзактығы, денсаулық пен білімділік деңгейі, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі) едәуір жоғарылауга мүмкіндік туғызады;

- қоғамдық және экономикалық өмірімізді жан-жакты жаңғырту және осы мақсатта іске асырылатын шаралардың басыңқылыктарын анықтай отырып, оларды жеделдету;

- әлемдік экономиканың дамуы мен жаһандану үрдісі заңдылықтарын теориялық-әдіснамалық негізде нақтылай отырып және өзіміздің бәсекелестік артықшылықтарымызды тиімді пайдалана отырып бәсекеге неғұрлым қабілетті елу елдің қауымдастығына кіру бағытына қарай жедел қарқынмен жылжуымызды қамтамасыз ету;

- Қазақстанның жаңа кезендегі негізгі міндеттерін (экономикалық өсуді басқару, өңірлік экономиканың сапалы дамуы, өндеуші секторды тиімді дамыту, өндірістің шикізаттық емес секторын әртараптандыра дамыту, осы заманғы инфрақұрылымды дамыту, "парасатты экономика" негіздерін қалыптастыра отырып оны инновациялық экономика дамуымен ұштастыру, әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыта отырып, оны атаулы әлеуметтік қолдаумен сәйкестендіру, саяси жүйемізді жаңартуды әлеуметтік-шаруашылық өміріміздегі жағдаяттармен сәй-кестендіру, халықаралық тәжірибенің біз үшін оңтайлы жақтарын ескере отырып әкімшілік реформаны сатылап іске асыру және еліміздің Орталық Азия өңірі мен әлемдік қоғамдастықтағы жетістіктерін алға апара беру) орындауға барлық әкімшілік-экономикалық тетіктер мен интеллектуалдық ресурстарымызды тиімді пайдалану;

- жана Қазақстанды кұру үшін халықтың патриотизмі мен саяси еріктілігін шешуші факторлар ретінде пайдалану.

Бұған қоса осы жолдаудың ІІ-ші бөлімінді Ел Басшысы "Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 серпінді бағытын айқындап берді. Олар төмендегідей атаулармен 6 топқа бөліп қарастырылған:

1. Қазакстанды қазір қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау мен пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы әлемдік экономикаға ойдағыдай кіріктіруге бағытталған мемлекеттік саясат.

2. Әртараптандыру, инфрақүрылымдық дамыту және жоғары технологиялық одан әрі индустрияандыру негіздерін жа­сау арқылы Қазақстан экономикасының өсуі мен тұрлаулылығын басқаруға бағытталған мемлекеттік саясат.

3. Еңбек нарығы дамуының серпіні мен келешегіне сәйкес келетін білім беру және кәсіптік қайта даярлаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз етуте бағытталған мемлекеттік саясат.

4. Осы заманғы әлеуметгік саясат: басты назарда—адамдардың сұранысы мен қажеттіліктері және жұмыс орындарын жасақтау.

5. Жаңа кезеңнің ығытына қарай саяси және әкімшілік даму.

6. Қазақстанның жаңа өңірлік және геосаяси жауапкершілігі. Бұл топтамаларда көрсетілген бағыттар "Қазақстан-2030"

Стратегиясы аясында алдағы 10-шақты жылда іске асырылуға тиісті стратегиялық мәні бар шаралар жүйесі болып табыла­ды. Олардың саяси - ұйымдастырушылық жағы Президенттің жоғарыда көрсетілген Парламент мәжілісіндегі сөзінде айқынырақ көрініс тапты. Әңгіме, ең алдымен, елімізде іске асырылатын са­яси реформалардың негізін қалау үшін Атазаңымызға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар жөнінде болып отыр. Олар жөнінде Ел Басшысы үстіміздегі жылғы мамыр айының 16-ші жұлдызында Парламент палаталарының бірлескен мәжілісінде арнайы сөз сөйлеп, жаңағы өзгертулер мен толыктырулардың 2 жыл бойы жүргізілген дайындық жұмыстарының қорытындысы ретіндегі мәні мен мағынасын ашып берді және экономика мен әлеуметтік жағдаятымыз жақсарғаннан кейін енді саяси реформаларға қадам басатын күн туғанын дәлелдеп, олардың негізгі астарлары мен бағыттарына тоқталды.

Қысқаша қайырып айтқанда, ол бағыттардың мәнін төиендегіше көрсетуге болады:

- Президент пен парламент арасындағы біраз биліктік өкілеттілік пен жауапкершілікті қайта бөліп, сол арқылы Парламенттің рөлін күшейту; ол үшін Мәжіліс депутаттарын сайлағанда пропорционалды сайлау жүйесіне көшіп, сол тетік арқылы саяси паргиялардың рөлі мен жауапкершілігін арттыру;

- жаңадан сайланған Президенттің басқару мерзімін 7 жыл-дан 5 жылға дейін қысқарту арқылы оны басқа билік субъектілерінің сайлануы мерзімімен сәйкестендіру және еліміздегі демократияландыру үрдісін тұрақтандыру мен өрбіте беру;

- Сенат пен Мәжіліс депутаттарының санын көбейту (сәйкесінше, 8 және 30 адамға) арқылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының саяси рөлін жоғарылату;

- Үкіметтің тек Президент алдында ғана емес, сондай-ақ ендігі жерде Парламент алдындағы жауапкершілігін жоғарылату арқылы мемлекеттік басқару қызметінің тиімділігіне, жоғары сапасына және ашықтығына қол жеткізу;

- оларға қол жеткізу бағытындағы маңызды шара ретінде Парламент пен оның палаталары тарапынан Үкіметке сенімсіздік білдіру үрдісін жеңілдету және ол үшін бұрынғыдай депутаттардың дауыс беруінің үштен екісін емес, жәй көпшілік дауыс беруді есепке алу;

- ендігі жерде Премьер-Министрді Президенттің тиісті жарлығымен тағайындауды Мәжілістің партиялық фрак-цияларымен ақылдасқаннан кейін Мәжіліс депутаттарының көпшілігінің келісімімен ғана іске асыру;

- қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қызметін мем­лекет тарапынан қаржыландыру және сол арқылы олардың саяси өміріміздегі рөлін жоғарылату;

- жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне көшу және оның алғышарты ретінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың әкімдерін сәйкес маслихаттардың келісімімен тағайындау;

- сот жүйесін және оның жұмысын жетілдіру;

- халықаралық келісім мен Қазақстан халқы Ассамблеясын нығайта беру;

- азаматтық қоғам институттарьш қолдап отыру мақсатында жүйелі шараларды іске асыру;

- азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін нығайту және т.б.

Осындай көлемді өзгерістер мен толықтыруларды Атазаңымызға енгізу (бұл жөнінде Парламент толыққанды шешім қабылдады) еліміз тарихындағы және оның саяси өміріндегі айтулы уақиға болды және бұны тек қана отандық емес, дүние жүзіне танымал шетелдік саяси қайраткерлер де растап отыр. Ендігі жер­де қазақстандыктар Парламент пен саяси партиялардың қоғам дамуындағы рөлі күшейтілген жағдайда, бірақ Президенттік басқару аясьінда өмір сүретін болады.

Әрине, әрбір тарихи кезенде өмір талабынан туындайтын проблемаларды шешіп отыру барысында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіре беру міндетін атқаруға тура келеді. Ол - болашақтың ісі.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007

2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007

3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2011


Модуль 3 Мемлекеттік басқарудағы заңдылық және аумақтық ұйымдастыру

Дәріс №7. Мемлекеттік басқарудағы қатынастарды құқықтық реттеу

  1. Құқықтық реттеудің мәні мен маңызы

  2. Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің негізгі нысандары мен әдістері

  3. Мемлекеттік басқару ісінде заңдылықты қамтамасыз ету мен тәртіп мәселелері


Мемлекеттік-құқықтық ілімдер тарихында құқық белгілі нысанда қабылданатын заңның алғышарты ретінде қарастырылады. Құқық адамдардың коғамдық және жеке іс-әрекеттерін реттеудегі қажеттіліктерімен және мүдделерімен байланысты. Ол тұлғаның бостандығын, адамгершілікті, әлеуметтік әділеттілікті, қоғамдық процестердің тарихи тұрақтылығы мен беріктігін қамтиды. Яғни, құқық билік етуші топтардың, монархтың еркі емес, солардың қалауы бойынша пайда болмайды, жоғары мемлекеттік билік (парламент немесе президенттің) бекіткен жай заң емес, адамдардың ынтымақтастығын, бір-біріне байланыстылығын білдіретін олардың сана-сезімінің, мінез-құлқының қызметтерінің және қатынастарының белгілі құрамдас бөлігі (компоненті).

Құқық заңда бекітілген жағдайда әсер етудің зандық күшіне ие болады (мемлекеттік құрылымдар арқылы жүзеге асады), немесе адамдардың құқықтық сана-сезімдерінде, дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарында көрініс тауып, тікелей жүзеге асырылады. Оның өзіне тән екі міндеті бар:қоғамдағы қарым-қатынастарды дұрыс реттеп, орындалуын тездету және қатынастардың байланысын бақылап, қорғап отыру. Осы міндеттерге сәйкес құқықтық өзіне тән екі функциясы туындайды: реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың орыңдалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтық қорғау функциясы - аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауга) бағытталады. Жаман қатынастарға тыйым салу.

Құқыктық реттеу әлеуметтік, нормативтік және тәжірибелік аспектілердің бірлігін білдіреді. Адамдардың жеке қарым-қатынасын емес, олардың қоғамдық қатынастарын реттейтіндіктен құқықтық реттеу әлеуметтік сипатқа ие болады. Ол адамдардың сана-сезімдерінде олардың болашақтағы өмірі үшін өзекті, маңызды мәселелердің қалыптасуымен байланысты. Болашақта қолданыста болатын тәртіп нормасынан (ережесінен) тұратын құжатты әзірлеу өткен кезендегі ақпараттар (қажеттіліктер, мұқтаждықтар), белгілі бір әлеуметтік игіліктерге деген сұраныстар негізінде жүргізіледі. Сондықтан құқықтық реттеу әлеуметтік мағынада болжамдық сипатқа ие болады, яғни адамдар өздерінің ертеңгі күнін «құра» алады. Осыған байланысты заң шығару ісі жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғамның еркін тіршілік-әрекетінің қағидасына (императивіне), қоғамдық қатынастардың адамгершілігіне (гуманизм), әлеуметтік әділеттілікке, халықтар арасындағы бейбіт өзара байланыстарға сай болуы керек. Ол ғылыми тілде заңға сәйкес келушілік (легитимность) және заңдылық түсініктерімен сипатталады. Егер заңдылық іс-әрекеттің заң нормаларының талаптарына сай болуымен анықталса, легитимділік (заңға сәйкес келушілік) заңның құқық мәнісіне сай болуының, яғни заңның қаншалықты қоғамдық өмірдің объективті негіздеріне сәйкес келетіндігін және сол арқылы адамдардың сенімін тудыратынын білдіреді.

Нормативтік аспект дегеніміз - адамдар әрекетінің нормаларын немесе ережелерін әзірлеп, занды түрде бекіту. Оның элементтері: 1) гипотеза-өмірдегі карым-қатынастар мен әр түрл і жағдайлардан туындайтын нормалардың бір бөлігі; 2) диспозиция іс-әрекет (тәртіп) ережесінің мән-мазмұнын анықтайтын субъектінің зан­ды құқықтары мен міндеттері; 3) санкция - тиісті нормалар диспозициясы мен гипотезасының орындалмаған жағдайда мемлекеттік биліктің қолданатын шараларынан тұратын норманың бір бөлігі.

Құқықтық реттеудің тәжірибелік аспектісі заң нормаларының арнайы мемлекеттік-ұйымдық құрылымдар арқылы жүзеге асырылу барысын білдіреді. Осы жерде құқықтық реттеудің аталған аспектісінің ең күрделі екендігін атап өткен жөн, себебі кейбір қабылданған нормаларды, әсіресе адамның мінез-құлқын (тәртібін) және іс-әрекетін өзгертуді талап ететін нормаларды қоғам мүшелерінің бәрі бірдей орындауға ниет білдіріп, оларды оң қабылдай бермейді. Көбінесе нормативтік талаптардың ескеріліп, оларды адамдардың орындауы үшін тиісті мемлекеттік құрылымдар тарапынан ықпал ету қажет болады. Құқықтық реттеу қандай да бір жүріс-тұрыс нормалары (ережелері) қабылданған (бекітілген) кезде емес, осы нормалар нақты өмірде басшылыққа алынып және олардың мән-мағынасына сәйкес мінез-құлық пен іс-әрекет жүзеге асқанда туындайды. Осыған орай құқықтық реттеудің ұтымдылығы мен тиімділігі маңызды алғышарт ретіндегі занды нормалардың мазмұнымен емес, олардың нақты жүзеге асырылуымен, адамдардың қарым-қатынастарына, сана-сезіміне, жүріс-тұрысына, қызметіне тікелей әсер етуімен және тіршілік ету процестерін өзгерту қабілетімен анықталады.

Сонымен құқыктық реттеу адамдар әрекетінің занды нормаларын, ережелерін анықтаумен байланысты болатын мемлекет қызметінің бір түрі. Ол әлеуметтік жағынан негізделген, тиімді жүйелі түрде ұйымдастырылған болуы тиіс және іске асырылуы қажет.

Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу мемлекеттік органдарды ұйымдастыру және олардың қызмет ету ережелерін бекіту жөніндегі мемлекет қызметін білдіреді. Бұл қызмет басқарушылық процестерде мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдерін, құралдарын және процедураларын негізінен занды тұрғыдан анықтаумен байланысты болғандықтан ерекше мәнге ие. Жалпы құқықтық реттеу мемлекеттік органдардың функцияларын, ұйымдастырушылық құрылымдары мен басқарушылық қызметтерін тәртіпке келтіруге арналған.

Құқықтық реттеудің объектілерін құрайтын мемлекеттік және қоғамдық өмірдің бірнеше аспектілерін атап өтуге болады: . 1. Мемлекет пен қоғам, азаматтар арасындағы қатынастар;

2. Мемлекеттік органдар арасындағы билік бөлінісі және олардың құқыктық мәртебесін анықтауға байланысты қалыптасатын қатынастар;

2.1.Мемлекеттік органдардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын, рөлін, функциясын және мақсат-міндеттерін аныктау;

2.2.Мемлекеттік органдардың ұйымдық құрылымын заңды түрде бекіту;

3. Мемлекеттік-басқарушылық процеске қатысушы адамдар арасындағы қатынастар, мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты және өздерінің қандай да бір мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдарға жүгіну барысында қалыптасатын қатынастар. Жоғарыда аталып өткендей, мемлекеттік басқару басқарушылық қатынастарды орнатушылардың ерік қалауынан тәуелсіз болатын, міндеттілік сипаттағы құбылыс. Ондағы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік лауазым иелері белгілі бағытта, нақты қызмет түрін атқаруға міндетті, себебі оларға адамдардың тіршілік-әрекетінің мемлекеттік, қоғамдық және жеке мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан өкілеттіктер берілген. Мемлекеттік басқарудьщ мәні оның басқарушылық ықпалының басқарылатын объектілерде басқаруға қажеттілік туындаған жағдайда ғана қалыптасып, жүзеге асырылатындығында. Сондықтан мемлекеттік басқаруда тиісті органдардың қызмет ету аясы мен бағыты занды түрде белгіленуі тиіс.

Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеуде мемлекеттік органның құқықтық мәртебесіне (статусына) басты мән бе-ріледі. Мемлекеттік органның құқықтық мәртебесі занды мағынаға не болатын үш элементтен тұрады. Оған біріншіден, мемлекет органдарының біртұтас жүйесіндегі жеке мемлекеттік органның алатын орнын және өзіндік мән-мағынасын, болмысын жатқызуға болады. Мемлекеттік органның қай билік түрін (заң шығарушы, атқарушы, сот билігі) атқаратындығы, қай деңгейде (орталық, жергілікті) орналасатындығы және атқарушы биліктің мамандандырылған кіші жүйелерінің қайсысына жататындығы оның құқықтық мәртебесінің анықталуына негіз болады. Және аталмыш белгілер органдардың тік және көлденең өзара қарым-қатынас тәртібін, бағынушылық үлгісін айқындайды. Осыған байланысты мемлекеттік органның қарастырылып отырған құқықгық мәртебесінің осы элементі тиісті органның мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын және мемлекеттік-құқықтық мән-мағынасын айқындауға және сипаттауға арналған. Мемлекеттік органның құзіреті, яғни жекелеген басқарылатын объектілерге қатысты атқаратын басқарушылық қызметтері мен өкілеттіктері жиынтығының занды түрдегі көрінісі оның құқықтық мәртебесінің екінші элементін құрайды. Мұнда нақты мемлекеттік орган үшін басқарушылық қызметтердің жиынтығы, оның сәйкес өкілеттіктері, басқарушылық қызметтерді жүзеге асыру нысандарын, әдістерін қамтитын өкілеттіктер құрамы, басқарылатын объектілер мен қаралатын мәселелердің тізімі болмаса олардың қызмет ету жағдайлары заңды түрде бекітіледі. Мемлекеттік органның құқықтық статусының үшінші элементіне оның ұйымдық құрылымының, қызмет ету нысандарының, әдістерінің және процедураларының занды түрде бекітілуі жатады. Себебі, мемлекеттік органның өкілеттіктерін жүзеге асыру сол органның сәйкес ұйымдық құрылымын (штаттық кестесін), оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің атқаратын қызметтерінің құқықтық ұйымдастырылуын талап етеді. Әрбір мемлекеттік органның құзіреті бекітілген құқыктық нысандарда және процедураларда құқықтық әдістерді қолдану арқылы нәтижелі түрде тиісті лауазымды тұлғалармен жүзеге асырылуы қажет. Жалпы құқықтық реттеу объектісінің құрамдас бөліктеріне мемлекеттік басқарудың мақсаттары, функциялары, құрылымы, нысандары, әдістері, кезеңдері, процедуралары және қағидалары жатады.

Заңдылық дегеніміз қолданылып жүрген құкық нормаларын оның барлық субъектілерінің (мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен барлық жеке және занды тұлғалардың) қатаң және бұлжытпай сақтауы. Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқарудағы заңдылық қызмет принципі ретінде, билікті жүзеге асыру әдісі ретінде, қоғамдық-саяси емірдің режимі ретінде, түрлі құқық қатынастарына қатысушыларға қойылатын талаптар жүйесі ретінде қарастырылады. Зандылықтың өзіне тән маңызды белгілері бар, атап айтқанда, тұтас мемлекетті, барлық мемлекеттік және жергілікті басқару құрылымдарын толық қамтитын бірыңғайлығы, әр түрлі жағдайларда түрлі адамдар мен ұйымдық кұрылымдардың оны бірдей түсініп, орындайтындығы, жаппай қамтитындыгы, яғни мемлекеттік басқарудағы зандардың тек мемлекеттік, жергілікті органдарына, ондағы қызметкерлерге ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамға, азаматтарға таралуы, оның кепілдік беру мүмкіншілігі әрі тұрақты болуы.

Мемлекеттік басқарудағы зандылықты қамтамасыз ету ең алдымен, мемлекеттік билікті қалыптастыруға байланысты. Зандылық биліктің бірден бір құрылымы заңнан жоғары тұра алмайтындай жағдайда қалыптасады. Бұл билік бөлінісі арқылы қамтамасыз етілуі тиіс, яғни заң шығарушы органдар атқарушы биліктің қызметін, ал атқарушы билік өзара бірін-бірі бақылауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет