«мемлекеттік қызмет және басқару» ПӘнінен глоссарий қР мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік



бет2/5
Дата07.03.2022
өлшемі18.87 Kb.
#456024
1   2   3   4   5
glossarii

9. Мемлекеттік қызмет –мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілеттіктерін атқару бойынша қызметі.
10. Мемлекеттік (муниципалдық) қызмет –бұқаралық билік органдарындағы бұқаралық қызмет, әртүрлі құқық салаларының нормаларынан тұратын және көптеген ішкі институттарды қамтитын кешенді құқықтық институт.
11. Мемлекеттік қызмет –мемлекеттік билік органдарының, сонымен қатар олармен құрылатын басқа да мемлекеттік органдар мен бұқаралық сипаттағы мекемелердің өкілеттіктерін жүзеге асыру бойынша қызметкерлердің тұрақты кәсіби қызметін ұйымдастыру.
12. Жұмыс орны –қызметкердің (немесе қызметкерлер тобының) өндірістік функцияларды орындауына икемделген кеңістіктің бөлігі.
13. Реформа –қоғамдық өмірдің қандай-дабір жағының (тәртіптің, институттардың, құрылымдардың) қайта құрылуы, өзгертілуі, қайта қарастырылуы; шартты түрде –кез-келген мазмұндағы жаңалық, бірақ реформа деп әдетте прогрессивті қайта құруды атайды.
14. Мемлекеттік қызмет қағидаларының жүйесі –мазмұны мемлекеттік органдарға, азаматтарға, лауазымды тұлғаларға бағытталған және мемлекеттік билік жүйесінде, оның ішінде мемлекеттік басқару жүйесінде мемлекеттік органдардың міндеттері мен функцияларын, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға арналған нормативті идеялардан тұратын және мемлекеттік органдардың конституциялық (жалпы), ұйымдастырушылық-функционалдық, салалық, арнайы және басқа да қағидалардың түрлерін қамтитын мемлекеттік қызмет қағидаларының жиынтығы.
15. Қызметтік тергеу –қызметшінің теріс әрекет жасау жағдайларын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында ол туралы материалдар жинау және тексеру бойынша қызмет деятельность.
16. Кандидаттармен әңгімелесу –кандидаттардың кәсіби және жеке қаситеттерін бағалау мақсатында жүргізіледі.
17. Кандидаттарды тестілеу –бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін кандидаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және мүмкіндіктерін, сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің біліктілік талаптарына сәйкестігін объективті бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет